Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна


Интербелсенді оқудың негізгі қағидалары



бет16/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Интербелсенді оқудың негізгі қағидалары
- Таным ортасын құрастыру.
- Әрекет арқылы үйрену/үйрету.
- Өзінділік пен дербестікті қалыптастыру.
- Өмірмен байланыстыру.
Орта қалыптастыру
- Білім алушы өз әрекеттерінің сәтті екендігін сезінетін жағдайлар қалыптастыру;
- Білім алушылардың арасында ашық және еркін шығармашылық жағдайлар қалыптастыру;
- Оқу материалы дайын түрде берілмей, ізденіс және зерттеу әрекеттеріне мүмкіншілік беріледі.
- Білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, оларды ынталандыру.
Әрекет арқылы үйрену/үйрету
- Студенттерде білімді тек өзіндік белсенді әрекеттер арқылы ғана игеруге мүмкін деген түсінік қалыптастыру.
- Білімді белсенді түрде игеру процесін интербелсенді тәсілдер арқылы ұйымдастыру.
Өмірмен байланыс
- Оқуды практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты өмірде кездесетін проблемаларды шешу деп қарастыру.
- Әрбір сабақта әлеммен, нақты өмірмен байланыс орнату.
Өзінділік пен дербестікті қалыптастыру
- Білім алушылардың өзіндік пікір құрастырып, ой-толғаныс пен рефлексия арқылы проблемаларды шешуі.
- Өзіндік тұрғыдан жаңалық құрастыру үшін мүмкіншіліктер ұсыну.
- Білім алушыларда сыни және талдау тұрғысынан ойлаудың дағдыларын қалыптастыру.
Интербелсенді әдістеменің негізгі қағидасы
- Интербелсенді әдістеме әрекет арқылы және әрекетпен үйретуге негізделеді: адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды есте сақтап, игереді.
- «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» (Конфуций).
Интербелсенді оқудың әдістері
- Интербелсенді лекциялар мен семинарлар; Пікірталастар; Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); Кейс-стади; Тренингтер; Оқытудың компьютерлік технологиялары.
Интербелсенді әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер
Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді:
- Ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Кең көлемді лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, Қайшыланған пікірталас, Аквариум, Эссе және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет