Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна


Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс



бет21/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

  • Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.

  • Критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы керек, яғни критерийлер шәкірттермен бірлесіп құрастырылуы керек.

  • Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.

  • Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.

- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.
Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп қойған орынды.
Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.


Эссені бағалауға арналған әмбебап
«Өте жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

  1. Өзіндік, соны пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).

  2. Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау (бұл жерде дәлелдердің санын нақты түрде көрсетуге болады).

  3. Өз тезистеріне қарсы дәлелдерді келтіру және соларды жоққа шығару.

  4. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу.

  5. Ұқыпты және қатесіз жазылу.

  6. Көлемі ___ дейін сөздер (немесе ___ дейін белгілерден, немесе __ бетке дейін) болуы. Эссе көлемі ұстаз және шәкірттердің өзара талқылауынан кейін белгіленеді.



«Жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:
1. Өзіндік пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).
2. Тезистерді нанымды дәлелдермен растау (мұнда дәлелдер «өте жақсыға» жазылған жұмыстан аздау болуы мүмкін).

  1. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу.

  2. Ұқыпты және қатесіз (немесе ___ қатеден аспау) жазылу.

  3. Көлемі ___ дейін сөздер (немесе ___ дейін белгілерден, немесе ___ бетке дейін) болуы.



«Қанағаттанарлыққа» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

  1. Нақты тезистерден тұруы.

  2. Тезистердің тұжырымдармен дәлелденуі.

  3. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралуы.

  4. Таза және белгіленген қате санынан аспай жазылуы.

  5. Көлемі ___ дейін сөздер (немесе ___ дейін белгілерден, немесе ___ бетке дейін) болуы.



Төмендегідей болса, эссе «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады:

  1. Тезистік тұжырымдары жоқ.

  2. Өз пікірін растайтын дәлелдер келтірілмеген.

  3. Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер нақты айқындалмаған .

  4. Ұқыпсыз жазылған, грамматикалық және орфографиялық қателері бар.

5. Көлемі белгіленген сөздер немесе белгілерден (беттерден) кем болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет