Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна


-дәріс. Білім беру саласындағы тестілеудің деңгейлері



бет32/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

4-дәріс. Білім беру саласындағы тестілеудің деңгейлері.
Шкалалар жіктемесі


Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады. Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу - білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест дегеніміз не? Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек? Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды.
Тестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б. э. д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақты өткен адам 2 - ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген. Сынақтардың түрлері Қытайда чань - буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма - қол жауап беру қолданылған. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестті ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.
XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884 - 1885 жылдарында жүргізді. Сынаққа 5 - 80 жас аралығындағы адамдар қатысты. Ф. Гальтон тестің қорытындысын жасау үшін бақылау жүйесін жасады. Тест термині кеңінен таралуы американдық психолог Дж. Кеттелдің «Интеллектуалдық тестілер мен өлшемдер» деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады.
Тестілерді алғашқы болып білім беру жүйесіне кеңінен пайдаланудан, француз психологы А. Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тестілері сериясын (1904 ж.) айтуға болады. Сосын АҚШ - тағы (Стенфорд университетінде) осы әдістеменің негізінде JQ коэффициенті ұсынылған болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай (1986) редакцияланған нұсқасында ол бүгінгі күні де кеңінен қолданылып жүр.
Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ-та жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.
Тест технологиясының алуан түрлері
• Диктант
Өздік жұмыс
• Бақылау жұмысы
• Фронтальды ауызша сұрау
• Жаттықтыру жұмыстары
• Сынақ жұмысы
• Карточкамен жеке - дара сұрау
• Қалып қойған жерді толтыру (пропусков)
• Жағдай - көріністі және оның сипаттамасын салыстыру
• Ұғымды анықтау
• Тізбектілікті құру
• Модельдерді құрастыру
Тест деген не? ТЕСТ (англ. test) — сынау, тексеру, талдау. «Тест» – психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.
«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы — оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады.
Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.
Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады, бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплектісін жасай алады. Ал, тест тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін тексерудің қатаң формасын машықтандырады.
Жалпы педагогикада тестік бақылау бір - бірімен тығыз байланысты 3 қызметті орындайды: диагностикалық, оқыту және тәрбиелік.
Диагностикалық қызмет бұл тестілеудің ең негізгі және ең айқын атқаратын қызметі, оқушының білім деңгейін, пән бойынша тақырыпты қалай меңгергенін анықтайды. Оқушының білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау болып табылады. Диагностиканың объективтілігі, ауқымы және жылдамдығы бойынша, тестілеу педагогикалық бақылаудың барлық қалған үлгілерінен асып түседі. Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.
Оқыту қызметі оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тесттердің, орындалған тесттің қорытындысын талдау болып табылады.
Тәрбиелеу қызметі оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта тапсырманы орындап үлгеру қасиеттерін тәрбиелейді. Тестті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді, білімдерінде кемшіліктерді анықтап, жоюға көмектеседі, өз қабілеттерін дамытуға тырысуды қалыптастырады.
Білімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың артықшылығы да, кемшілігі де болады.
Тестілеудің артықшылықтары:Тестілеу барынша сапалы және объективті бағалау әдісі болып табылады, өткізілуі стандартты түрде, жалпы білім тексеріледі. Оның объективтілігі – тестілеу үрдісінің стандартизациялау және тапсырмалардың жалпы тестердің сапасын көрсету жолымен жүзеге асады.
Тестілеу – барынша әділ әдіс болып табылады, себебі тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді.
Тестер – барынша әмбебап болып табылады, себебі тестілеуде курстың барлық тақырыптары бойынша тапсырмалар берілуі мүмкін, ал ауызша емтиханда 2 - 4 тақырып қана алынатын болса, жазбаша емтиханда 3 - 5 тақырып қарастырылады. Осылайша, тестілеу арқылы оқушының курстың барлық тақырыптарын қалай меңгергенің байқауға болады. Тестілеу арқылы оқушының жалпы пәнді немесе бөлек тақырыптарды қалай меңгергенің анықтауға болады. Тест барынша нақты құрал болып табылады, мысалы 20 сұрақтан тұратын тестің бағалау көрсеткіші 20 бөлімшеден тұрады, ал біз қолданатын бағалау көрсеткіші тек қана 4 ғана.
Ол уақытты тиімді қолдануға, үлкен көлемді мазмұнды қамтуға, оқушылармен тез екіжақты байланыс орнатуға, материалды игеру нәтижесін анықтауға, жіберілген қателерді түзетуде назар бөлуге және қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі. Тест түрінде бақылау топтың оқушыларын бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді және тәртіпке келтіреді. Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)
Тестілеудің кемшіліктері:
Тестік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс. Барлық пәндер бойынша стандартты тестер жоқ, бар болған да сапасы дұрыс емес. Тестілеу кезінде алынатын мәліметтер бойынша біз оқушының қандай тараулардан ақаулар бар екенің анықтай алсақ та, ақаулардың себебін анықтай алмаймыз. Тест білімнің жоғары, продуктивті, шығармашылық, әдістемелік деңгейін тексеруге, бағалауға мүмкіндік бермейді. Тестте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік туғызады.
Тестілеуде кездейсоқтық элементтер бар. Мысалы, оңай сұраққа жауап бере алмаған оқушы күрделі сұраққа жауап бере алады. Бұған себеп, бірінші сұрақта байқаусыз қате жіберілсе, екінші сұрақта жауапты ойланып табу бола алады. Бұл жағдай тестің нәтижесін бұрмалайды және оларды талдау кезінде есепке алудың қажеттілігіне әкеп соқтырады.
Сұрақты аяғына дейін оқымау.
Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
• Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
• Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;
Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.
Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
7. Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
8. Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Тест формасы
1. Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
2. Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
3. Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
4. Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
5. Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар

Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті».
Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ - жауап түрінде тексеру.
«Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі, яғни оқушылардың тарау бойынша немесе белгілі бір тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін. Мысалы, 9 сыныпта география пәнінен ОЖСБ - ғе дайындық барысында оқыту тестін сабақта жүргізбей, бірден бақылау тестін алдым. География пәнінен 12 баланың 54% орындады. Ал, келесіде оқыту тестін өткізіп, тақырыпты меңгергеннен кейін, нәтижеде 98% орындады. Бұл тестердің тағы бір тиімділігі, егер ол әр модуль - тарау сайын өтсе, оқушылардың сабаққа дайындалуын тәртіпке келтіреді.
Әр тестен кейін түзету жұмысын жүргізу міндетті түрде қажет. Арнайы дәптерге оқушы қате сұрақты белгілейді, ол сұрақтың дұрыс жауабын өзара талдап, әрі мұғалім толықтырады. Дұрыс жауап жазылады. Осындай түзету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылардың пәнге байланысты терминдердің нақты баламасын білмейтіндерін, қарапайым сұрақтарға оқушы көп зейін аудармайтынын анықтадым және жою мақсатында 100 - ге жуық термин сөздерді жазып, жаттап, тексердік.
Мұғалім тест тапсырмаларды тек оқушылардың білімін бақылауда ғана емес қолдана алады. Тест тапсырмалардың көмегімен оқу үрдісінде оқушылардың өз - өзін бақылауын ұйымдастыруға болады.
Осындай тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтап, тақырып бойынша білімдерін өздігінен тексеруге және өз - өзін бақылауды жүзеге асыру әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылып кеткендей, әрбір тест жүргізгеннен кейін оқытудың нәтижесінің статистикасын алу қажет. Берілген кесте бойынша жауап нәтижелерін өңдеуден өткіздіру өте ыңғайлы. Кестенің төменгі жолында әрбір сұрақ бойынша қателердің жалпы саны саналады да формула бойынша осы берілген сұрақты меңгерудің пайыз көрсеткішін анықтауға болады:
К = N/n х 100%,
К – меңгеру пайызы,
N – дұрыс жауаптар саны,
n – берілген тест бойынша жұмыс істеген оқушылар саны.
Жоғарғы сыныптарда тест алу арқылы күтілетін нәтижелер:
1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2. Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.
3. Танымдық іс−әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.
Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрлі ажыратуға болады:
1) Нөлдік деңгейдегі инновация-жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру ( дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру);
2) Бірінші деңгейдегі инновация- сапалы өзгеріссізқалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады;
3) Екінші деңгейдегі инновация- жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістермен ерекшеленеді ( мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі);
4) Үшіншідеңгейдегі инновация- ескі білім беру моделінің шегінен шықпай білім беру жүйесінің жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады;
5) Төртінші деңгейдегі инновация шешімінің жаңа нұсқасы болады( бұл көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейте түсіп қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады);
6) Бесінші деңгейдегі инновация-білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады);
7) Алтыншы деңгейдегі инновация- жүйелі түрленуші қызметтік принціпі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.
8) Жетінші деңгейдегі инновация- нәтижесінде жүйенің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңаә жүйесі қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген инновациялардың тек 3 деңгейі ғана жүйелі жаңашылдығымен сипатталады және инновациялвқ білім беру жүйесі ретінде калыптастыруға болады. Инновацияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым инновациялық үрдісті басқаруға қоятын талап жоғары болады.
Қазақстан Республикасының білім беруі жүйесіндегі инновациялар бастауы 1999 жылы Республикамыздың Болон үрдісіне енуімен сипатталады. Білім беру саласындағы инновациялар ендірудің қиындылықтарының бірнеше деңгейлерін атап өткен жөн:
1. Стратегиялық деңгей. Бұл деңгейде инновациялыққа талпыныстың жоқ болу себебі білім беруді басқаруды әкімшілік-командалық ерекшеліктерімен сипатталады ( орталықтандырудың бөлінбеуі, «жоғарыдан» реформалау және т.б.), яғни жергілікті органдардан жаңашылдыққа оң көзқарас танытпауы, білім беру жүйесіндегі өзін-өзі дамыту базасының қалыптасуы жатады;
2. Білім беру жүйесінің деңгейі. Бұл деңгейдегі білім беру жүйесіндегі жаңалықты қабылдамаудың себептері: білім берудің басқа құрылымдағы ведомстолық монополизм орын алуы, аймақта инновациялық циклдің негізі элементтерін қамтамасыз етудің дамымауы ( ақпараттық инфрақұрылым), барлық деңдейдегі білім беру құрылымының унификациясы, ішкі әлеуметтік мәдени саладағы білім беру жүйесінің «жабықтығы» білім берудің теориясы мен практикасы арасындағы «аралық» мекеменің жоқтығы, жоғарғы білікті кадрлардың инновацияны қабылдамауы, әсіресе білім беру жүйесіндегі басқару- ұйымдастырушылық салада;
3.Білім беру мекемелерінің деңгейі. Бұл деңгейдегі инновауиялық үрдістерді қабылдамаудың себептеріне мекеме басшыларының, педагогикалық ұжымның жаңашылдыққа психологиялық дайындықтарының болмауы жатқызылады.
Педагогикалық инноватика бірнеше ғылымдардың тоғысуынан пайда болады: педагогиканың тарихы, теориясы, әдіснамасы, психология, әлеуметтану және басқару теорися, сондай-ақ білім беру экономикасы.
Білім беру технологиялары, педагогикалық инновациядағы жинақталған үлкен тәжірибе ұдайы жүйелеуді, қорытындылауды қажет етеді. Жаңалық ендіру жаңарумен тығыз байланысты, бірақ жаңанын бәрі барлық жерде, кез келген уақытта оң нәтижелер бере бермейді. Оның себебі төмендегідей:
Біріншіден, жаңа әрқашан да көкейкесті мәселені шешудің құралы бола алмайды. Шын айтуына келгенде, көптеген мұғалімдер проблема зерттеудің орнына, оны сынға алады.
Екіншіден, әрбір жаңа құрал түбегейлі нақты жағдайда дүниеге келеді және нақты педагогикалық мәселені шешуге бағыттталады: көптеген мекеме басшылары құрал таңдауда жағдайға талдау жасамастан, өздерінің жеке талғамдарына сүйеніп «ұнайды-ұнамайды» принципімен ғана таңдау жасайды.
Үшіншіден,ғалымдардың зерттеулері бойынша, жаңалықты пайдаланушылардың санының көбеюі, ереже бойынша, жаңалық тиімді өқтетін жағдайларды кеңінен анықтай түседі. Сол себепті жаңа құралды өзгерген жағдайда қолдану оң нәтиже береді деген күннің өзінде де эксперименттік тексерісті кажет етеді.
Төртіншіден, әрбір жаңа педагогикалық құралдың 2 жағы болады: технологиялық, қолдану ерекшеліктерін сипаттайды, тұлғалық, мұғалімнің өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне сәйкес оны меңгеру тиімділігі.
Сол себепті, жаңаны қарастырғанда, жаңаны ұсынушылар мен оны пайдаланушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» пен «жаңа құрал» және «инновация» мен «жаңалық ендіру» ұғымдары бір-біріне синонимдер болып табылады. Жаңашылдық- бұл құрал ( жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағыттама және т.б.), ал инновация- осы құралды меңгеру үрдісі. Ал инновациялық үрдіс жаңалықтан өмірге келуі, оны меңгеруі, пайдалану және тарату үрдісімен сипатталады.
Жаңалық жеке тұлғаға қатысты да, уақытқа қатыста да салыстырмалы болады. Жаңалыққа әрқашан нақты тарихи сипаттама беріледі. Қандай да ертерек кезеңде өмірге келіп, нақты тарихи кезеңнің мәселесін ұтымды шеше отырып, жаңалық бертін келе көпшілік қолданысына ие болып, жаппай халықтың практикаға енгізіп, уақыт өтіп, тозып, уақыт өте келе дамудың тежеуіне де айналуы мүмкін. Мысалы, XVI ғасырында чехтың педагогы Я.А. Коменский алғашқы оқытудың сынып- сабақтық жүйесі, А.С. Сухомлинскийдің озық педагогикалық іс-тәжірибесі, Ю.К. Бабанскийдің оқу- тәрбие үрдісін оптимизациялау тұжырымдамасы, донецкілік жаңашыл мұғалім в.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі арқылы оқыту жүйесі және т.б. өз кезеңдеріндегі алдынғы қатарлы озат идея болып табылады, оларды қарастырмауға және тарихи тұрғыдан баға бермеуге еш болмайды.
Кейде жаңалық өз уақытынан ерте туады да көпшілік тарапынан қолдау таппайды, ал кейін, жағдайға байланысты пісіп- жетіліп, қоғам сұранысын қанағаттандырады. Жаңа құрал, өте ерте кезде туып, күнделікті қажетттілікке айналып, өліп- өшіп қалмайды, керісінше одан әрі дамиды, модернизацияланады, бірнеше рет түрленіп, жаңа қатынаста тағы да көрініс, қолданыс табады.
Иннновациялақ үрдіс деп жаңаны құру, меңгеру, пайдалану және тарату сияқты іс- әрекеттер жиынтығын айтамыз. Мәселен, философ Н.И. Лапин жаңалық ендірудің жүйелік- іс әрекеттілік тұжырымдамасын ұсынады, жаңаны ендірудің әртүрлі деңгейлерін анықтайды (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық, нақты ғылымилық, қолданбалық), инновациялық үрдістің құрылымын ашып көрсетеді, жаңалық ендірудің негізгі параметрлерін көрсетеді, инновациялық үрдіске қатысты ұғымдарды анықтайды( жаңалық ендірудің өмірлік циклі, жаңалық ендірудің динамикасы мен тиімділігі).
«Әдіснама» термині әдебиетте педагогикалық әдіснаманың негізгі категориясы ретінде түрлі ұғымдармен сәйкеседі, мысалы педагогтардың өзінің ғылыми-зерттеу немесе педагогикалық болмысты жобалау қайта құру қызметіне ұйымдастыру және құру үдерісіндегі бағдарлы әдіс-тәсілдерін білдіреді.
Нақ осы белгілеріне сай «әдіснаманың» ғылыми термин ретіндегі мәнімен ерекшеліктерін белгілі бір дәрежеде ашып, айырмашылығын айқындайтын байланысты ұғымдар таңдалып, құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет