Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет35/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

10. Проблема дегеніміз – ...
а) таным үдерісіндегі кедергі;
б) логиқалық қате;
в) таным үдерісіндегі объективті туындайтын шешім теориялық немесе практикалық мәнді сұрақ немесе сұрақтар кешені.
11. Сұрақ дегеніміз – ...
а) толық емес және анық емес білімнен толығырақ және анығырақ білімге көшу талабы;
б) логиқалық қақпан;
в) парадокс.
12. Өзінің бағыттылығына, практикаға қатынасына қарай ғылым іргелі және ... болып бөлінеді.
а) қолданбалы;
б) дилетантты;
в) қалқымалы.
13. Іргелі ғылымның мақсаты:
а) математика мен логиканың заңдарын тану;
б) табиғаттың, қоғамның және ойлаудың базалық құрылымдарының тәртібі мен өзара әрекетін басқарушы заңдарды тану;
в) әлемдік тартылыс заңдарын тану.
14. Талдау дегеніміз – ...
а) қабылданған ұйғарымдардан салдарларды шығару;
б) қарама-қарсы ұстанымдардың қақтығысы;
в) объектіні шын мәнінде немесе ойша құрамдас бөліктерге бөлу.
15. Абстрактілеу дегеніміз – ...
а) зерделенетін құбылыстардың зерттеушінің қызығушылығын туындататын қасиеттерін бөліп қарастыра отырып, олардың бірқатар қасиеттері мен катынастарынан ойша назарды басқаға аудару үдерісі;
б) заттардың мәнді белгілеріне көңіл аудару;
в) монастырьға кету.
16. Контент-талдау дегеніміз – ...
а)әлеуметтік ақпараттың мазмұнын сандық түрде үстіртін зерделеу әдісі;
б) әлеуметтік ақпараттың мазмұнын сандық түрде зерделеу әдісі;
в) әлеуметтік ақпараттың мазмұнын сапалық деңгейде зерделеу әдісі;
17. Эксперимент дегеніміз – ...
а) адамның өмірлік тәжірибесі;
б) зертеу мақсатына сәйкес жасалған жаңа жағдайлардың көмегімен құбылыстарға белсенді әсер ете отырып, зерттеу;
в) таным үдерісінде басшылыққа алынуға тиіс ұстанымдардың, тәсілдердің, талаптардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет