Герменевтикалық тұғыр (К.А.Абульханова-Славская, Б.М.Бим-Бад, Х.Г.Гадамер, Ф.Дильтей, В.В.Знаков, Қ.С.Мусин, Ю.В.Сенько, Ф.Шлейермахер т.б.) зерттеулері «құзырлылықтың» категориялық сипатын мәндік деңгейде зерделеуге; ситуациялық тұғыр социологиялық (М.Аргайл, Дж. Брунер, Н.О.Вилков, Д.Магнуссон, У.Томас, А.А.Тягунов, Ф.Фукуяма, К.Ясперс т.б.), психологиялық (Қ.Б.Жарықбаев, К.Левин, А.Б.Орлов, З.Фрейд), педагогикалық (С.Р.Красильников, Ю.Н.Кулюткин, В.Д.Лобашев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б.) еңбектерде тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде педагогикалық категория мәртебесіндегі құзырлылықты айқындауға; квалиметриялық тұғыр (Н.В.Акинфиева, И.Н.Белозеров, Б.И.Канаев, Н.А.Кулемин, А.А.Макаров, Н.А.Селезнева, А.Г.Спиркин, М.В.Старцев, А.И.Субетто, Е.В.Яковлев т.б.) құзырлылықтың сапалық белгісін санға айналдырудағы диалектикалық байланысты ашуға мүмкіндік туғызды.
«Құзырлылықты» күтілетін нәтиже ретінде қарастыру мәселелері білім сапасын басқару теориясы (Э.М.Коротков, Д.Н.Кулибаева, Ж.А.Қараев, В.И.Мухин, В.П.Панасюк, М.М.Поташник, П.И.Третьяков, Т.И.Шамова, Т.В.Черникова т.б.) мен білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесіне (В.И.Байденко, В.П.Беспалько, В.А.Болотов, Б.Қ.Дамитов, У.Б.Жексембаева, В.И.Звонников, Г.С.Ковалева т.б.) қатысты еңбектерде қарастырылған.
Білімдегі дағдарыстың басты себептеріне жүргізілген зерттеулерде (К.Х.Делокаров, Дж.Дьюи, И.А Колесникова, Т.Кун, А.Ж.Кусжанова, А.М.Осипов, В.М.Розин, А.Н.Шарданов және т.б.) білім беру кеңістігіндегі құндылыққа деген көзқарасты өзгертулердің қажеттілігі атап көрсетіледі.
Білім беру мен қоғамның өзара детерминанттық жүйелі қатынастары білімді баланың қажеттілігіне қарай оның өмірлік тәжірибесімен ұштастыруға, оған әлеуметтік мазмұн енгізуге, өркениет үдерістерінің дамуын сезіне білуіне байланысты екендігін аңғартады. Бұл бағыттағы барлық серпілістердің «құзырлылыққа» бет бұруы біздің көтеріп отырған ғылыми-зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін айқындап отыр.
Құзыр, құзырлылық терминдері педагогика теориясы мен практикасынан қандай да бір дәрежеде өз орнын таба білген түсініктерге айналып, оның теориялық, әдіснамалық тұрғыдан жүйеленуіне, зерттелуіне деген қажеттіліктер туындап отыр. Аталмыш ұғымдардың тұлға, қызмет ұғымдарымен тікелей байланысының қандай да бір аспектілері психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-философиялық еңбектерде ашылғанымен ұғымның категориялық мәртебесі зерттеу пәні ретінде қарастырылмаған.
Құзыр, құзырлылық ұғымдарының мазмұны педагогикалық еңбектерде «құзырлылық» – қызмет тәсілдерін пайдаланудың дайындық бірлігі, тұлға қасиеті, білім беру үдерісінің соңғы нәтижесі (Т.Г.Браже, Э.Д.Днепров, И.А.Зимняя, Н.В.Кузьмина, Л.А.Петровская, Дж.Равен, А.Савенков, О.С.Сәлімбаев, Ю.Г.Татур және т.б.); тұлғаның мәдениетке, қоғамға, әлемге, өзіне және басқа адамдарға қатысты атқаратын қызметтері мен іс-әрекеттеріне байланысты білімдік деңгейдегі құзыр түрлері (Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова, Л.М.Митина, А.Н.Тубельский, Н.Хомский, А.В.Хуторский және т.б.); кәсіби білімге қатысты іс-әрекет теориясының негізінде кәсіби құзырлылық феномені (А.С.Белкин, Н.Н.Лобанова, Н.Г.Милованова, В.А.Сластенин, B.Н.Шапалов, В.Шувалова, М.Б.Челышкова және т.б.) арқылы ашылады.
Сонымен, философиялық, психологиялық, педагогикалық, социологиялық әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдау құзырлылық ұғымының педагогикалық категория ретіндегі мәнін, орнын, қызметін, негізгі құрамдас бөліктерін, философиялық, педагогикалық категориялар жүйесімен байланысын, әдіснамалық негізін ашуға мүмкіндік туғызды.
Қоғамның өркендеуін қамтамасыз етуші, адамның даралық қасиеттерінің дамуын болжамдаушы жеке тұлғаға бағытталған білім парадигмасының мазмұны ҚР «Білім туралы» заңының 3 бабында көрсетілген, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; халықаралық деңгейдегі ашық білім кеңістігін қалыптастыру жағдайлары; Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында пәндік білімнен нәтижеге бағытталған құзырлылыққа көшудегі бет бұрыстар, әлемнің білім кеңістігінде жүріп жатқан бағыттар мен үдерістерге сүйене отырып, дәстүрлі білім жүйесінен жаңа нәтижеге бағдарланған білім жүйесіне көшу тетіктерін айқындау құзырлылықты категория ретінде зерттеудің педагогикалық теория мен практика үшін көкейкестілігін арттыра түседі.
Ғылыми-педагогикалық еңбектердегі құзырлылық ұғымының жеке белгілеріне немесе объективті түрде бір қызмет негізіндегі («зерттеушілік құзырлылық», «әдістемелік құзырлылық») жүргізілген зерттеулердің аспектілік сипаты – құзырлылық ұғымының құндылығын, мәндік, әлеуметтік-антропологиялық сипатын ашуға мүмкіндік бермейді. Құзырлылық ұғымының оқу-тәрбие үдерісіне, білім нәтижесіне, дамушы тұлғаға қатысты жауапкершілігінің күшейе түсуі мәселені құзырлылықты педагогикалық категория ретінде зерттеудің өзектілігін күшейте түседі. Зерттеу мәселесі бойынша төмендегідей қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды:
- тұлғаның өзіндік болмысының бағалануы мен құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі дамуының әдіснамалық тұрғыда негізделуінің жеткіліксіздігі;
- жеке тұлғаның тұлғалық қасиеттерінің дамуындағы шектеушілік пен құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі мәнінің ашылмауы;
Достарыңызбен бөлісу: |