Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет43/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Әдебиеттер

  1. Кузнецов С.А.и др. Современный толковый словарь русского языка.Санкт-Петербург: Норинт, 2002.- 235 с.

  2. Справочник информационного работника / Науч.ред.Р.С. Гиляревский, В.А. Минкина.-СПб.: Профессия, 2005.-552 с

  3. Белл Д. Социальные рамки информационного общества. // Новая технократическая волна на Западе. М.: Прогресс, 1986. 330-бет

  4. Красильникова В.А. Информатизация образования: понятийный аппарат \\ Инфо.- № 4, 2003.- С.21].

  5. Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. 196 бет.

  6. Примбетова Г.С. Задания как измерители учебных достижений учащихся в условиях компетентностного образования в школе. 13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика. Автореферат

7. Примбетова Г.С. Методика конструирования тестовых заданий: методическое пособие / под ред. М.Р. Ковжасаровой. – Алматы, 2007. – 75 с.


6-дәріс. Білім беру саласындағы тестілеуді ұйымдастырудың ұстанымдары

Қазіргі өркениеттің дамуы кезеңінде оқушылар мен студенттердің білім сапасын анықтауда жаңа әдістер қарастыру қажеттіліктері пайда болып отыр. Бұл мәселеде тест арқылы тексерудің орны ерекше, осыған сай тест арқылы тексеру кейінгі он жылда кең қолданылуда. Студенттердің білім сапасын тексеруде тест әдісін пайдаланудың артықшылығы байқалып келеді. Ал тест арқылы тексеру стандарт талаптарына сай жүргізіледі.Педагогикада тест тапсырмаларын орындау оқу үдерісінің нәтижесін тексеру болып табылады. Яғни, кең көлемде оқу материалын игеру нәтижесін анықтап береді. Барлық емтихан пән бойынша тестілеуден өтеді. Тест арқылы тексеру жүйесі тестілеу құралдары мен әдістеріне байланысты. Тест ағылшын сөзі «сынау», «тексеру» деген мағынаны береді. Білімділік тестілері - оқыту мазмұнының белгілі бір аспектілерін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар жиынтығы.


Тестке қойылатын талаптар: жауаптары бір мәнді, яғни дұрыс жауабы біреу ғана болуы керек; нақты да, дәл жауапты талап етуі қажет; өлшеу шәкілін (шкаласын) қолдану, математикалық өңдеуге мүмкіндік беріп, бір мезгілде неғұрлым көбірек оқушыларды қамтып, бірдей деңгейлер мен көлемдегі білімдерді анықтау болып табылады. Тест өңдеуде олардың қаншалықты жобаланған оқыту, білім беру, дамыту мақсаттарына сәйкестігі маңызды. Білімділікті диагностикалаудың маңызды критерийлері; тиімділігі (валидтілігі, көрсеткіштілігі), сенімділігі (ықтималдылығы, дұрыстығы), сараптамалығы (айырмашылығы) болуы.
Тиімділігі немесе оның синонимдері валидтік не көрсеткіштік мазмұны барлық оқып-үйренетін материал бойынша білім, білік, дағдыларды қамтуы болып табылады. Тест тиімділігі статистикалық әдіспен анықталады. Егер 0,7-0,9 болса - тиімділігі жоғары, 0,45-0,55 болса - қанағаттанарлық, ал одан төмен болса қанағаттанарлықсыз деп саналады. Сенімділік дәл сол тестпен немесе тең мағыналы тестпен қайта тексергенде алынған көрсеткіштің тұрақтылығы болып табылады. Тест сенімділігі оның орындау қиындығымен байланысты. Қиындық тест сұрақтарының дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарының қатынасымен анықталады. Егер тест құрамына барлығы бірдей дұрыс немесе дұрыс емес жауап беретін тапсырмалар кіргізілсе, оның сенімділігі төмендейді. Барлық жауап берушілердің 45-80 пайызы дұрыс жауап беруі мүмкін тапсырмалар практикалық жағынан құнды болып табылады. Сараптамалығының болуы дұрыс жауапты бірнеше мүмкін нұсқалар ішінен таңдап алуды негіздейтін тапсырмаларды қолданумен анықталады. Егер, оқушылар бір сұраққа жауапты қатесіз тауып, екіншісіне барлығы бірдей дұрыс жауап бере алмаса, бұл сол тестті жетілдіру, яғни дәлдігі болатындай етіп сараптауды қажет етеді.[2]
Пән бойынша мынадай тест құрастыруда педагогикалық талап ескеріледі: оқу пәні бойынша білім мазмұны; білім сапасын анықтаудағы тапсырманың жалпы көлемі(белгілі тараулар, бөлімдер бойынша); сол бөлім бойынша тест сұрақтарын таңдау; студент белгілейтін жауап түрлері; оқу материалы туралы білімін белгілеу. Тест құрастыруда ескерілетін ең маңызды нәрсе - оқушылардың жалпы тестке дайындығын анықтау, осы тақырыптағы негізгі ұғымдарды жете білуі, ойлау қабілетіне білімін дұрыс пайдалануы, ойша талдау жасауда математикалық әдістерді пайдалана білуі.
Педагогтар тест тапсырмаларын құрған кезде, ең алдымен, теориялық материалдармен қатар нақты жекелеген мәселелерге тоқталып, содан кейін тәжірибелік мәселелерге көшу керек. Тест құрастыру барысында тапсырманы орындауға берілетін уақыт мөлшерін басты назарда ұстау керек. Тестілеу нәтижесінен кейін оның сапасын анықтауға да уақытты үнемдеу қажет. Оқытушы оның нәтижесін неғұрлым тез шығаруға , бейімделуі тиіс. Тесттің қорытындысында студент 90-100 пайыз ұпай алса, ол "өте жақсы». Ал, 70-89 пайызын алса, "жақсы", 50-69 пайызын алса, "қанағаттанарлық", 50 пайыздан аз болса, “қанағаттанарлык емес” болып бағаланады. Дәстүрлі тест даярлау – студенттің білім деңгейін және ойлау қабілетін анықтайтын ең тиімді стандартты әдіс. Мұндай тест барлық қатысушыларға ортақ тапсырмаға бірдей уақытта жауап беруін қамтамасыз етеді. Тест ортақ тәртіп бойынша бағаланады [1]. Сонымен қатар, тесті даярлауда педагогикалық талаптармен бірге техникалық талаптардың да алатын орны бөлек.
Тест сұрақтарына қойылатын талаптар:Пәннің әрбір тест сұрағының мазмұны стандартқа, типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылады; Сұрақтар кафедра мәжілісінде қарап талқыланып,хаттамаға түседі де, факультеттің оқу-әдістемелік бөлімінде бекітіледі; Сұрақтар саны 1 кредит =100 сұрақ формуласына сәйкесінше болуы тиіс; Тест сұрақтары қайталанбауы ескеріледі; Тест сұрағы Місrоsоft Wоrd редакторында «Тіmеs New Roman» шрифтінде терілуі тиіс; Барлық тест сұрақтары келесі шаблонға толтырылып құрастырылуы тиіс. (Шаблон әрбір кафедрада орнатылған):

Кесте1. Жабық сұраққа арналған шаблон (бес балама жауабы бар)







об

дж

Сұрақ құрылымы (Жауап нұсқалары)

Тақырып (Тарау)

б

ст

1.

С




Сұрақ құрылымы

[Жоқ]

1

Дәріс




А




Жауап нұсқалары А













В

+

Жауап нұсқалары В













С




Жауап нұсқалары С















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет