Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі пәнінен тест сұрақтары
№1 Сұрақ
V1
|
Ғылыми ерекше әлеуметтік танымдық қызметтің ерекше формасы ретінде қай
ғасырда пайда болған?
|
0
|
XV-XVI
|
0
|
X- XI
|
1
|
XII- XIII
|
0
|
XV- XVII
|
0
|
XI- XII
|
№2 Сұрақ
V1
|
Ғылымның пайда болуына қандай фактор әсер етті?
|
0
|
қоғамдық, орта
|
1
|
әлеуметтік, логикалық
|
0
|
психологиялық, қоршаған орта
|
0
|
қоғамдық
|
0
|
логикалық
|
№3 Сұрақ
V1
|
Адамның танымдық қызметініңі ерекше формасын ата?
А) таным
|
0
|
таным
|
0
|
психика
|
1
|
ғылым
|
0
|
адам
|
0
|
логикалық
|
№4 Сұрақ
V1
|
Объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды білуге, алдын ала болжауға арналған білімнің жоғары формасы?
|
1
|
ғылым
|
0
|
таным
|
0
|
логика
|
0
|
зерттеу
|
0
|
теория
|
№5 Сұрақ
V1
|
«Ғылым-ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан, үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі» анықтама қай сөздікте берілген?
|
1
|
Қазақ совет энциклопедиясында
|
0
|
Педагогикалық-психологиялық сөздікте
|
0
|
философиялық сөздікте
|
0
|
Орысша-қазақша сөздікте
|
0
|
Педагогикалық сөздікте
|
№ 6 Сұрақ
V1
|
Ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеу саласы не?
|
1
|
ғылымтану
|
0
|
таным
|
0
|
логика
|
0
|
педагогикалық зерттеу
|
0
|
әдіснама
|
№ 7 Сұрақ
V1
|
Ғылымның түпкілікті мақсаты не?
|
0
|
ғылымтану
|
1
|
адамның дүниені идеялығы жағынан игеру
|
0
|
ортаны тану
|
0
|
зерттеу
|
0
|
өмірді жақсарту
|
№ 8 Сұрақ
V1
|
Әл-Фараби ғылымдарды қалай жіктеген?
|
0
|
психология, педагогика, тарих, философия
|
1
|
тіл білімі, логика, математика, физика, азаматтық білім
|
0
|
тіл, физика, математика, психология, тарих
|
0
|
педагогика, психология, логика, тіл
|
0
|
математика, физика, тарих
|
№ 9 Сұрақ
V1
|
«Ғылымдар классификациясы» кімнің еңбегі?
|
0
|
Платон
|
0
|
Аристотель
|
1
|
Әл-Фараби
|
0
|
Ш. Уәлиханов
|
0
|
Ы. Алтынсарин
|
№ 10 Сұрақ
V1
|
Ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның саласы?
|
0
|
Ғылымның жіктелуі
|
1
|
Ғылым логикасы
|
0
|
Ғылыми таным
|
0
|
Ғылым
|
0
|
этика
|
№ 11 Сұрақ
V1
|
Ғылыми теория...
|
1
|
Өзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларында бейнелейді
|
0
|
Әр түрлі салаларға байланысты жіктеледі
|
0
|
Ғылыми әдістердің жиынтығы
|
0
|
Ғылымдағы ұдай қайталанатын практика
|
0
|
ғылыми білім формасы
|
№ 12 Сұрақ
V1
|
Ғылымтану қандай теориямен байланысты?
|
0
|
жаратылыстанумен
|
0
|
өсімдіктанумен
|
1
|
таным теориясымен
|
0
|
практикамен
|
0
|
әдіснамамен
|
№ 13 Сұрақ
V1
|
Таным дегеніміз не?
|
1
|
Қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуі
|
0
|
Танымның логикалық заңдылықтары
|
0
|
Ғылыми әдістердің жиынтығы
|
0
|
Ғылымдағы ұдай қайталанатын практика
|
0
|
Абстрактілі ойлау
|
№ 14 Сұрақ
V1
|
Ғылыми зерттеу дегеніміз не?
|
0
|
зерттеу үдерісі
|
1
|
жаңа ғылыми білім жасау үдерісі
|
0
|
ғылыми зерттеу әдістерінің жиынтығы
|
0
|
практика барысы
|
0
|
ғалымның зерттеу әрекеті
|
№ 15 Сұрақ
V1
|
Ғылыми таным...?
|
1
|
жаңа білім алудағы ғылыми әдістерді пайдаланып, мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу
|
0
|
танымның логикалық заңдылықтарын анықтау
|
0
|
әлеуметтік білім алу
|
0
|
психологиялық білім алу
|
0
|
педагогикалық білім алу
|
№ 16 Сұрақ
V1
|
Оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбие жұмыстарын жүргізе алу біліктілігі?
|
0
|
оқытушылық
|
0
|
зерттеушілік
|
1
|
тәрбиешілік
|
0
|
әдіскерлік
|
0
|
жобалаушылық
|
№17 Сұрақ
V1
|
Курстың мақсаты?
|
1
|
ғылым туралы ұғым беріп, зерттеу жұмыстарын меңгерту
|
0
|
оқыту, тәрбиелеу, білім беру туралы түсінік қалыптастыру
|
0
|
біліктілігін, дағдысын, құзырлығын қалыптастыру
|
0
|
білім жүйесін қалыптастыру
|
0
|
зерттеу жүргізуге үйрету
|
№ 18 Сұрақ
V1
|
Педагогтың объектісі не?
|
0
|
зерттеу нысанасы
|
1
|
педагогикалық үдеріс және бала
|
0
|
педагогикалық құбылыстар мен фактілер
|
0
|
педагогика әдіснамасы
|
0
|
оқушының тәрбиесі
|
№ 19 Сұрақ
V1
|
Таным екіге бөлінеді?
|
0
|
түйсік, қабылдау
|
0
|
есте сақтау, ойлау
|
1
|
сезімдік, логикалық
|
0
|
ұғым, пікір, тұжырым
|
0
|
парадигма, ұстаным
|
№ 20 Сұрақ
V1
|
Сезімдік таным?
|
0
|
ойлау қызметі
|
1
|
түйсік, қаблыдау, елестету
|
0
|
қиял, шығармашылық жұмыстар
|
0
|
сөз, қиял, ой
|
0
|
креативтік жұмыс
|
ӘДЕБИЕТТЕР:
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы»- Алматы: Білім, 1997.- 176 б.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 30 наурыз, 2010- 8б.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекетті бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004.- 12б.
Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. М., 1993.- с. 294.
5. Наследов А. SPSS 19 –профессиональный статистический анализ данных. – СПб:Питер, 2011 – 400 с .
6. Сафонцев С.А. Образовательная квалиметрия как фактор повышения эффективности контроля качества процесса обучения. Автореферат…дисс. Д.п.н. – Ростов-на-Дону, 2004. -36 с.
7. Минажева Г.С. Система менеджмента качества в вузах Казахстана: теория, практика и концептуальные направления развития. Автореферат…дисс. Д.п.н. – Алматы, 2010. -40 с.
8. Балыкбаев Т.О. Теоретико-методологические основы информационной модели формирования студенческого контингента вузов. Автореферат…дисс. д.п.н. – Алматы, 2003. -32 с.
9. Полонский В.М. Критерии и методы оценки качества научно - педагогических исследований. Автор. дисс. д-ра пед. наук.- М.: 1988. – 40 с.
10. Маханова П.Ш. Педагогическая диагностика обученности учащихся. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. - Алматы, 2010. – 24 с.
11. Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. 196 бет.
10-дәріс. Білім беру сапасын басқарудың қазіргі мәселелеріне сәйкес өлшемдердің аралас әдістері
Жаһандық ғаламданудың кеңеюі, ақпараттық технологиялардың өріс алуы, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Н.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді.
Бұл орайда, блімнің эволюциялық дамуындағы ақпараттық қызметінен, адамды өмір бойы оқуға жетелеуші, дамытушы құралға айналуын, оқытудың белсенді формаларына көшуін, негізгі күтілетін нәтиже ретінде құзырлылықтың ендірілуін басым бағыттар ретінде атап өтуге болады.
Қазақстандағы 2002, 2003 жылдары шетел университеттерінің серіктестігімен ұйымдастырылған «Образовательная политика: диалог с обществом» жоба негізіндегі тренингтер мен Қазақстандағы Британдық Кеңес, Азиялық Даму банкі, ҚР Парламенті, Білім және ғылым министрлігі бірігіп өткізген («Стратегия развития сектора образования ТА3939-КАZ», 2004ж.) конференциялар Қазақстандағы білім нәтижесіне деген көзқарастың күрт өзгеруіне әсерін тигізбей қойған жоқ.
2002-2004 жылдар Қазақстанның білім саясатындағы құзырлылыққа деген бетбұрыстармен ерекшеленеді. ҚР «Білім туралы» заңында, ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» белгілеген пәндік білімнен нәтижеге бағытталған құзырлылыққа көшу міндетін қазақстандық ғалымдар (Н. Нұрахметов, М.Ж.Жадрина, У.Б.Жексембаева, К.Ж.Қожахметова т.б.) «білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білімі емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын өмірлік дағдылар, құзырлылықтар деп тұжырымдайды. Құзырлылық ұғымы педагогика ғылымына және практикасына білім сапасын арттырудың, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастырудың тәсілі, технологиясы деңгейінде енгізіліп отыр.
Білім сапасын арттыру Қазақстандағы білім саласының ғана мәселесі емес, әлемдік қауымдастықтың көтеріп отырған көкейкесті мәселелерінің бірі. Бұл мәселені шешудің жолын білім мазмұнын өзгерту және білім нәтижелері мен мақсаттарын бірегей еуропалық білім жүйесіне бағытталған басымдықтармен кіріктіруден іздестіруде. Мұның бірден-бір дәлелі, 2005-2010 жылдарға арналған ҚР Білімнің мемлекеттік даму Бағдарламасының – ЮНЕСКО, Еуропалық білімді бағалау ассоциациясы, Еуропа және Орталық Азия Әлемдік банкі білім секторы сарапшыларының сараптамаларынан өтуі.
«Құзырлылықтың» категория ретінде дамуын зерттеудің басты міндеттерінің бірі білім философиясының педагогикалық шынайылықтың нақты мән-мағынамен толықтырылған мәселелері мен қарама-қайшылықтарын өзгертудің мүмкін болатын тұжырымдамалық варианттарын зерделеу. Білім философиясы Платоннан бастап «ұлы философтардың» жүйелі ойлауының табиғи компоненті, олардың іргелі тұжырымдамаларының қосымшасы болып келген болса, бүгін білім беру философиясының әдіснамалық бағыттары П.С.Розов, Е.В.Бондаревская, В.С.Безрукова, А.П.Валицкая, Б.С.Гершунский, В.И.Гинецинский, Э.Н.Гусинский, В.И.Журавлев, М.Ж.Жадрина, В.Ф.Капустин, В.В.Краевский, В.В.Кумарин, Н.Д.Никандров, Н.Н.Нұрахметов, П.И.Образцов, И.П.Подласый, А.Қ.Құсайынов, К.Ж.Қожахметова, В.В.Сериков, Ш.Таубаева, Г.П.Щедровицкий, Н.Д.Хмель т.б. зерттеулерінде қарастырылады.
Әлемдік, отандық педагогикада біздің зерттеп отырған мәселе айналасындағы құзырлылық ұғымының мазмұны бойынша жинақталған тәжірибе жеткілікті. Құзырлылыққа ұғым ретінде жүргізілген зерттеулер оның категориялық сипатын ашудың әдіснамалық тұғырларын айқындауға мүмкіндік беріп отыр.
Шынайылықтың байланыстары мен қасиеттері жөніндегі жинақталған білімнің мазмұнын құрайтын ғылымның іргелі түсінігі «категорияны» жалпы ғылыми білімнің таным формасы ретінде зерделеген философтардың (Әл-Фараби, Аристотель, Гегель, И.Кант, В.В.Нырков, А.Ф.Лосев, И.Д.Андреев, К.Әбішев, Ж.М.Абдильдин т б.) құзырлылықты абстарктілеуде, оның категориялық қызметін білім беру жүйесіндегі орнын анықтауда, зерттеу жұмыстарын жүйелеуде басты ұстаным болып табылды.
Құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі дамуының әдіснамалық негізін құрушы экзистенциалистік (Абай, Н.А.Бердяев, Ф.Бэкон, М.С.Орынбеков, В.С.Соловьев, Л.Фейербах, М.Хайдеггер, Дж.Наит т.б.) тұлғалық тұғырлары философтардың (В.Г.Афанасьев, И.В.Блауберг, М.С.Каган, Д.Кішібеков, Д.Н.Нұрманбетова, И.И.Резвицкий, В.Н.Сагатовский, В.Г.Черников т.б.), психологтардың (Ж.Аймауытов, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, М.Жұмабаев, А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, С.Л.Рубинштейн, П.Д.Успенский, Д.Н.Узнадзе т.б.), социологтардың (Б.Г.Ананьев, И.В.Бестужев-Лада, А.Маслоу, Д.И.Платонов, Ж.П.Сартр, У.В.Франкл, Э.Фромм т.б.), педагогтардың (Ю.К.Бабанский, А.А.Бейсенбаева, П.Ф.Каптерев, Я.А.Коменский, А.С.Макаренко, И.Г.Песталоцци, Р.Штайнер, С.Қ.Қалиев, И.С.Якиманская т.б.) еңбектерінде құзырлылықтың болмыс-мән-құндылық категорияларымен тұтас бір жүйе ретіндегі өзара байланысын ашады.
Герменевтикалық тұғыр (К.А.Абульханова-Славская, Б.М.Бим-Бад, Х.Г.Гадамер, Ф.Дильтей, В.В.Знаков, Қ.С.Мусин, Ю.В.Сенько, Ф.Шлейермахер т.б.) зерттеулері «құзырлылықтың» категориялық сипатын мәндік деңгейде зерделеуге; ситуациялық тұғыр социологиялық (М.Аргайл, Дж. Брунер, Н.О.Вилков, Д.Магнуссон, У.Томас, А.А.Тягунов, Ф.Фукуяма, К.Ясперс т.б.), психологиялық (Қ.Б.Жарықбаев, К.Левин, А.Б.Орлов, З.Фрейд), педагогикалық (С.Р.Красильников, Ю.Н.Кулюткин, В.Д.Лобашев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б.) еңбектерде тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде педагогикалық категория мәртебесіндегі құзырлылықты айқындауға; квалиметриялық тұғыр (Н.В.Акинфиева, И.Н.Белозеров, Б.И.Канаев, Н.А.Кулемин, А.А.Макаров, Н.А.Селезнева, А.Г.Спиркин, М.В.Старцев, А.И.Субетто, Е.В.Яковлев т.б.) құзырлылықтың сапалық белгісін санға айналдырудағы диалектикалық байланысты ашуға мүмкіндік туғызды.
«Құзырлылықты» күтілетін нәтиже ретінде қарастыру мәселелері білім сапасын басқару теориясы (Э.М.Коротков, Д.Н.Кулибаева, Ж.А.Қараев, В.И.Мухин, В.П.Панасюк, М.М.Поташник, П.И.Третьяков, Т.И.Шамова, Т.В.Черникова т.б.) мен білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесіне (В.И.Байденко, В.П.Беспалько, В.А.Болотов, Б.Қ.Дамитов, У.Б.Жексембаева, В.И.Звонников, Г.С.Ковалева т.б.) қатысты еңбектерде қарастырылған.
Білімдегі дағдарыстың басты себептеріне жүргізілген зерттеулерде (К.Х.Делокаров, Дж.Дьюи, И.А Колесникова, Т.Кун, А.Ж.Кусжанова, А.М.Осипов, В.М.Розин, А.Н.Шарданов және т.б.) білім беру кеңістігіндегі құндылыққа деген көзқарасты өзгертулердің қажеттілігі атап көрсетіледі.
Білім беру мен қоғамның өзара детерминанттық жүйелі қатынастары білімді баланың қажеттілігіне қарай оның өмірлік тәжірибесімен ұштастыруға, оған әлеуметтік мазмұн енгізуге, өркениет үдерістерінің дамуын сезіне білуіне байланысты екендігін аңғартады. Бұл бағыттағы барлық серпілістердің «құзырлылыққа» бет бұруы біздің көтеріп отырған ғылыми-зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін айқындап отыр.
Құзыр, құзырлылық терминдері педагогика теориясы мен практикасынан қандай да бір дәрежеде өз орнын таба білген түсініктерге айналып, оның теориялық, әдіснамалық тұрғыдан жүйеленуіне, зерттелуіне деген қажеттіліктер туындап отыр. Аталмыш ұғымдардың тұлға, қызмет ұғымдарымен тікелей байланысының қандай да бір аспектілері психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-философиялық еңбектерде ашылғанымен ұғымның категориялық мәртебесі зерттеу пәні ретінде қарастырылмаған.
Құзыр, құзырлылық ұғымдарының мазмұны педагогикалық еңбектерде «құзырлылық» – қызмет тәсілдерін пайдаланудың дайындық бірлігі, тұлға қасиеті, білім беру үдерісінің соңғы нәтижесі (Т.Г.Браже, Э.Д.Днепров, И.А.Зимняя, Н.В.Кузьмина, Л.А.Петровская, Дж.Равен, А.Савенков, О.С.Сәлімбаев, Ю.Г.Татур және т.б.); тұлғаның мәдениетке, қоғамға, әлемге, өзіне және басқа адамдарға қатысты атқаратын қызметтері мен іс-әрекеттеріне байланысты білімдік деңгейдегі құзыр түрлері (Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова, Л.М.Митина, А.Н.Тубельский, Н.Хомский, А.В.Хуторский және т.б.); кәсіби білімге қатысты іс-әрекет теориясының негізінде кәсіби құзырлылық феномені (А.С.Белкин, Н.Н.Лобанова, Н.Г.Милованова, В.А.Сластенин, B.Н.Шапалов, В.Шувалова, М.Б.Челышкова және т.б.) арқылы ашылады.
Сонымен, философиялық, психологиялық, педагогикалық, социологиялық әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдау құзырлылық ұғымының педагогикалық категория ретіндегі мәнін, орнын, қызметін, негізгі құрамдас бөліктерін, философиялық, педагогикалық категориялар жүйесімен байланысын, әдіснамалық негізін ашуға мүмкіндік туғызды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы»- Алматы: Білім, 1997.- 176 б.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 30 наурыз, 2010- 8б.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекетті бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004.- 12б.
Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. М., 1993.- с. 294.
Наследов А. SPSS 19 –профессиональный статистический анализ данных. – СПб:Питер, 2011 – 400 с .
Сафонцев С.А. Образовательная квалиметрия как фактор повышения эффективности контроля качества процесса обучения. Автореферат…дисс. Д.п.н. – Ростов-на-Дону, 2004. -36 с.
Минажева Г.С. Система менеджмента качества в вузах Казахстана: теория, практика и концептуальные направления развития. Автореферат…дисс. Д.п.н. – Алматы, 2010. -40 с.
Балыкбаев Т.О. Теоретико-методологические основы информационной модели формирования студенческого контингента вузов. Автореферат…дисс. д.п.н. – Алматы, 2003. -32 с.
Полонский В.М. Критерии и методы оценки качества научно - педагогических исследований. Автор. дисс. д-ра пед. наук.- М.: 1988. – 40 с.
Маханова П.Ш. Педагогическая диагностика обученности учащихся. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. - Алматы, 2010. – 24 с.
Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. 196 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |