11-дәріс. Қазіргі әлемдегі білім беру сапасы
Қоғамның өркендеуін қамтамасыз етуші, адамның даралық қасиеттерінің дамуын болжамдаушы жеке тұлғаға бағытталған білім парадигмасының мазмұны ҚР «Білім туралы» заңының 3 бабында көрсетілген, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; халықаралық деңгейдегі ашық білім кеңістігін қалыптастыру жағдайлары; Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында пәндік білімнен нәтижеге бағытталған құзырлылыққа көшудегі бет бұрыстар, әлемнің білім кеңістігінде жүріп жатқан бағыттар мен үдерістерге сүйене отырып, дәстүрлі білім жүйесінен жаңа нәтижеге бағдарланған білім жүйесіне көшу тетіктерін айқындау құзырлылықты категория ретінде зерттеудің педагогикалық теория мен практика үшін көкейкестілігін арттыра түседі.
Ғылыми-педагогикалық еңбектердегі құзырлылық ұғымының жеке белгілеріне немесе объективті түрде бір қызмет негізіндегі («зерттеушілік құзырлылық», «әдістемелік құзырлылық») жүргізілген зерттеулердің аспектілік сипаты – құзырлылық ұғымының құндылығын, мәндік, әлеуметтік-антропологиялық сипатын ашуға мүмкіндік бермейді. Құзырлылық ұғымының оқу-тәрбие үдерісіне, білім нәтижесіне, дамушы тұлғаға қатысты жауапкершілігінің күшейе түсуі мәселені құзырлылықты педагогикалық категория ретінде зерттеудің өзектілігін күшейте түседі. Зерттеу мәселесі бойынша төмендегідей қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды:
- тұлғаның өзіндік болмысының бағалануы мен құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі дамуының әдіснамалық тұрғыда негізделуінің жеткіліксіздігі;
- жеке тұлғаның тұлғалық қасиеттерінің дамуындағы шектеушілік пен құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі мәнінің ашылмауы;
- білім беру субъектілерінің ішкі әлеуеттерін айқындаудағы тиімді тетіктері мен педагогикалық категория ретіндегі құзырлылықтың теориялық негізінің нақтыланбауы.
Білім мәдениет пен адамның ішкі табиғи байлығын өзгертудің негізгі тәсілі ретіндегі көзқарастар білім мәдениет пен менталитет арасындағы көпір, білім «ертеңгі» менталитетті, «бүгінгі» мәдениетті қалыптастыратын балаға рух, ақыл-ой, сезім беруші, әлемнен ажырамас тұтас үрдіс, білім әлеуметтік институт деген тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. Б.С.Гершунский білім философиясы саласына зерттеулер жүргізе отырып, әркімнің өмірінің мәні әлемнің материалдық, рухани құндылықтарын байытудағы қосқан үлесін білдіретін, өзін-өзі жүзеге асыруында деп пайымдайды.
«Құндылық» категориясын философтардың (М.С.Каган, В.И.Сагатовский және т.б.), психологтардың (А.Н.Леонтьев, С.А.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе, т.б.) әлеуметтік педагогикалық зерттеулерде (В.И.Гинецинский, Н.И. Лапин, Н.С.Розов, Ш.Шварцем, У.Билски т.б.) қандай да бір маңыздылық формасында емес, бұл қоғамның дамуында жағымды рөл атқаратын, әлеуметтік дамумен байланыстырады.
Педагогикалық тұрғыдан құндылық ерекшеліктері, біріншіден, танымдық қызмет өнімдерімен тікелей байланысты, бірақ табиғатында танымнан бөлек зат жөніндегі білім құндылықты анықтаудың қажеттілігі болып саналады. Екіншіден, құндылық тасымалдаушысы ретіндегі заттарды, білімнің өзін ажырата білу керек. Үшіншіден, құндылық заттың әлеуметтік маңызы ретінде толық субъективтілігімен, заттың субъект үшін маңыздылығымен айқындалады.
ХХІ ғасыр білімнің іргелі ғылым негіздерінен өз таңдауын жүзеге асыра алатын тұлғалық бастамаға бет бұруын «білім берудің жаңа мүмкіндіктері» ретінде атап өтуге болады. Білімнің әлеуметтік институт ретіндегі қызметін толық пайдалана отырып, ізгілік педагогикасы негіздеріне сүйеніп, білімді адамның өзінен, оның қоршаған айналасынан іздеу, жаңа білім мазмұнын іргелі ғылымның ақпараттар көшірмесінде емес, керісінше адам айналасындағы мәдениетпен, өнермен ұштастыру болып табылады.
Бұл, білім мазмұнының өзегі ретінде білім алушы адамның тұлғалық болмысы, оның әлеуметтік ортаның қарама- қайшылықтарында өзін жүзеге асыру қабілеті, уақытпен емес, мәнділігімен санасатын білім, осы білімді ұстай алатын рух, интеллект алынуы керектігін көрсетеді. Бүгінгі білім әлеуметтік институт ретінде кешегі ірі тұлғалардың тәжірибесімен, әлеуметтік орта, өркениет жетістіктерімен білім мазмұнын толықтыра отырып, болашақ тұлға мәдениетін қалыптастыра алады.
ХХІ ғасыр тұлғасын дамыту тетігіне деген қажеттілік Қазақстан Республикасының Үкімет деңгейінде қабылданған нормативтік құжаттарында айқын белгіленген (ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР «Білім тұжырымдамасы», ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарты). Бұл құжаттардың түйіні әлемдік деңгейде тиімді деп танылған «құзырлылық» ұғымының педагогикалық категория ретінде дамуы ғылыми танымдағы әдіснамалық тұғырларды анықтауды талап етеді.
Әдіснама ғылымда білімдік практикадан, шынайы өмірден жоғары, философияның абстрактілі аймағы ретінде түсініледі Соған байланысты, педагогика ғылымындағы әдіснаманың алатын орны, атқаратын рөлі ғылыми зерттеулерде ғана емес, практикалық деңгейде де өсіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |