Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет60/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік процессорында кестелерді пішімдеу. Кестелердегі мәтінді сұрыптау. Диаграммалар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Word мәтіндік процессорында кестелерді пішімдеуді, кестелердегі мәтіндерді сұрыптауды және кестелердегі мәліметтер бойынша диаграммалар құруды түсіндіріп, оны компьютерде қолдануға үйрету.
Құрал жабдықтар, көрнекі құралдар: Компьютер, деңгейлік тапсырмаға байланысты үлестірмелі карточкалар, плакат, білімді бағалау парақтары.
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: пәнаралық байланыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютерде жұмыс істеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы мен әзірлігін қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: жалпылай тексеру.
Сабақтың төмендегі кезеңдерін “Математиканың даму тарихына” саяхат жасай отырып өткізу. Тақтада “Математиканың даму тарихы” бойынша плакат ілінген:
Компьютер дәуірі ХХ-ХХІғ.ғ.
Айнымалылар ҮІ. (Сабақты қорытындылау және
дәуірі ХХғ. оқушылардың білімін бағалау)


Қарапайым Ү. (Жаңа сабақты бекіту)
математика ХҮІІғ
ІҮ. (Жаңа тақырыпты түсіндіру)
Үлгі дәуірі
Б.з.б.ҮІ-Үғ
ІІІ.(Өткен материалды қайталау)

Оқушыларға “Математиканың даму тарихының” картасын және (сары,жасыл,көк,қызыл) түстермен жасалған оқушылар өздері қалаған фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш) таратып беру. Бұл фигураларды сабақтың әр кезеңінде сұраққа жауап бергенде (сары, жасыл, көк, қызыл) түстері бойынша “Математиканың даму тарихының” сызбасындағы кезеңдерге (Білімді бағалау картасына) орналастырады: Үлгі дәуірі – “сары түс” Қарапайым математика – “жасыл түс”. Айнымалылар дәуірі – “көк түс”. Компьютер дәуірі – “қызыл түс”.Осы түстерді орналастыру бойынша білімдерін бағалау: Сары түс,жасыл түс бойынша фигураларды орналастыру – “3” бағасы қойылады. Сары түс,жасыл түс,көк түс бойынша фигураларды орналастыру – “4” бағасы қойылады. Сары түс,жасыл түс,көк түс,қызыл түс бойынша фигураларды орналастыру – “5” бағасы қойылады.


ІІІ. Өткен материалды қайталау: а)“Математиканың даму тарихы” бойынша “Үлгі дәуірі” туралы оқушыларға әңгімелеу. ә) Өткен тақырып бойынша оқушыларға үлестірмелі тапсырмаларды тарату. Тапсырма: Сұрақ бойынша қиылған карточкадағы жауапты құрастыру керек. Карточкадағы құрастырылған дұрыс жауаптың артынан мақал-мәтелдерді оқуға болады. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар “Білімді бағалау” картасына сары түсті фигураны орналастырады.
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі: Оқушыларға “Математиканың даму тарихы” бойынша “Қарапайым математика” туралы айтып беру.
Бұл тақырып бойынша келесі мәселелерді түсіндіру: Кесте дегеніміз не? Кестені орналастыру. Кестелік мәтінде орындалатын әрекеттер. Кестені пішімдеу.
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға ауызша тест сұрағын қою.
Ү. Жаңа сабақты бекіту. Оқушыларды “Математиканың даму тарихы” бойынша “Айнымалылар дәуірі” туралы ақпаратпен таныстыру.Жаңа тақырыпты қабылдай отырып, компьютерде осы тақырып бойынша тапсырма орындау. Оқушыларға компьютерде орындауға байланысты үлестірмелі тапсырмаларды таратып беру. Тапсырманы толық орындаған оқушы “Білімді бағалау картасына” көк түсті фигураны орналастырады.
ҮІ.Сабақты қорытындылау және оқушылардың білімін бағалау
Оқушыларға “Компьютер дәуірі” туралы қысқаша мағлұмат беру:
а) Оқушыларға жаңа тақырып бойынша ауызша сұрақтар қою.
Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы “ Білімді бағалау” картасына қызыл түсті фигураны орналастырады.
ә) Оқушылардың білімдерін әр оқушының алдындағы “Білім бағалау” картасы бойынша бағалау.

№31 Сұрақ



V1

Идеал (адам мұраты):

1

жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Арман–мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның маңызды құрамды бөлігі

0

идеал – адамның әлеуметтік саяси көзқарастары, дүниетанымның құрамды бөлігі.

0

мұрат адамның адамгершілік эстетикалық көзқарастары, санасының мазмұны

0

идеал – дүниетанымның элементі ретінде адамның шығармашылық ойлауы

0

идеал- адамның әлеуметтік көзқарастары дүниетанымның компоненті

№32 Сұрақ



V1

Дүниетанымды қалыптастыру құрылымына кіретін компоненттер:

1

ғылыми білім жиынтығы, көзқарасы, сенімі, адамның (адамгершілігі) идеалы

0

қоғамдық пікір

0

құндылық бағыт-бағдар

0

мақсатқа бағыттау

0

танымдық іс-әрекеті

№33 Сұрақ



V1

Дүниетанымды қалыптастыруды анықтайтын шарттар:

0

көрнекті өнеге

0

білімді тұрақты сенімге және практикалық іс-әрекетке айналдыру

1

айналадағы адамдарға ізгілікті қарым-қатынас жасау

0

отаншылдық, гуманизм

0

альтруизм

№34 Сұрақ



V1

Құндылық қарым-қатынас – бұл:

0

материалдық құндылықтар процесінің жемісі

0

технологиялық іс-әрекет, іскерліктері мен дағдылар жиынтығы

1

адамның жоғарғы адамгершілік құндылықтарға, басқа да адамдарға, өмірге, қоғамға, еңбекке қатынасы

0

кәсіптік іскерлікті қалыптастыруға деген қатынасы

0

педагогикалық іс-әрекет, қабілеттіліктер меніскерліктер жиынтығы

№35 Сұрақ



V1

Тәрбие процесінің мазмұнына келесі құндылық қатынастар жатады:

0

альтруизм, феминизм, либерализм

1

адамгершілік, экологиялық, эстетикалық тәрбие

0

индуктивті және дедуктивті дидактикалық әдістер

0

ақпараттық хабарлардың әртүрлі көздері

0

толеранттық, төзімділік

№36 Сұрақ



V1

Әлеуметтік орта – бұл:

1

адамның айналасы (қоғамдық, материалдық, рухани) тірішілік ету жағдайы, іс-әрекеті, қалыптасуы.

0

адамның өмірінің материалдық - тұрмыстық жағдайы

0

әр елде тұратын адамдардың үлкен топтарының қатынасы

0

адамның өмір сүру әрекетінің жағдайы

0

адамның микросоциумдағы жағдайы, қалыптасуы

№37 Сұрақ

V1

Әлеуметтік пісіп-жетілуді сипаттайтын сапалар:

1

жауапкершілік, шыдамдылық, өзін-өзі дамыту

0

тұқымқуалаушылық, авторитаризм, қатыгездік

0

өтірік айтушылық, алаяқтық, менменшілдік

0

менменшілдік, мақтаншақтық, өр көкіректік

0

төзімсіздік, шыдамсыздық

№38 Сұрақ



V1

Тәрбиенің негізгі принциптері:

1

Тәрбиеленушілердің жағымды сапаларына сүйену

0

әңгімелесу

0

ұжымның дамуы

0

жүйелілік, бірізділік

0

қарым-қатынас жасау

№39 Сұрақ



V1

Психологияда "жас" ұғымы нені білдіреді?



0

календарлық дата (күнтізбедегі мерзім)

1

онтогенетикалық дамудың белгілі бір ерекше сапалы және организмнің қалыптасу заңдылықтарына, өмір шартына, нақты тарихи жағдайда тәуелді кезеңді

0

индивидтің өмірге келгеннен бастап қайтқанға дейінгі өмір сүру ұзақтығын

0

дамудың жалпы цикліндегі тұйық кезеңді

0

білім мен дағдылардың, ептіліктің қалыптасуын көрсететін уақыт аралығы

№40 Сұрақ



V1

“Жеке тұлға” мынандай қасиеттерді біріктіреді:

1

өзіне биологиялық және әлеуметтік өзіндік қасиеттер мен сапаларды біріктіреді

0

өзіне тек әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды енгізеді

0

өзіне тек биологиялық қасиеттер мен сапаларды енгізумен шектеледі

0

бұл адамның тек өзіндік жеке сапалары

0

өзіне тек адамгершілік сапаларды біріктіреді

№41 Сұрақ



V1

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – бұл;

0

жеке тұлғаның қасиеттер мен сапаларының сандық өзгерістерге айналу процесі

0

жеке тұлғаның қалыптасуының нәтижесі

0

тұрақты өзіндік қасиеттер мен сапаларды жинақтау, өз бойына қалыптастыру

1

адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық саяси көзқарастары мен наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу процесі

0

жеке тұлғаның әлеуметтендірілуінің нәтижесі

№42 Сұрақ



V1

Жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында жетекші роль атқаратын фактор: атаңыз:

0

тұқымқуалаушылық

0

орта

1

тәрбие

0

қоғамның сұранысы

0

әлеуметтендірілу

№43 Сұрақ



V1

“Жеке тұлға” ұғымы мынадай қасиеттерді біріктіреді:

0

тек қана биологиялық қасиеттерді енгізеді

1

биологиялық және әлеуметтік қасиеттерді біріктіреді

0

өзіне тек қана әлеуметтік қасиеттерді ендіреді

0

бір немесе бірнеше адамдарға тән қасиеттерді өз бойына жинақтайды

0

физиологиялық қасиеттерді біріктіреді

№44 Сұрақ



V1

Жеке тұлғаның даралығы – бұл:

1

индивидтің тұлғасының және психологиясының өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлқынан, эмоционалдық, интеллектуалдық сапаларынан, қабілеттілігінен, қажеттілігінен көрініс береді

0

адам қайталанбайтын адамзат өкілі ретінде

0

адам әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде

0

ойлау, сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі

0

адам психологиялық қатынастардың субьектісі ретінде

№45 Сұрақ



V1

Жеке тұлғаның объективтік, қоғамдық қатынастарға бейімделуі дегеніміз:

0

әдет

0

дағды

0

даму

1

әлеуметтендірілу

0

қалыптасуы

№46 Сұрақ



V1

Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері:

1

патриоттығы, ізгіліктілігі, көпшілдігі, интернационализмі

0

жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігі

0

еңбекшілдік, ерік-жігерлігі

0

беріктілік, жүйелілік, бірізділік т.б

0

төзімділік, шыдамдылық

№47 Сұрақ



V1

Индивид – бұл:

0

адам өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танып білуге қабілетті, әлеуметтік қатынастардың жемісі

1

ойлау сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі

0

адам - біртұтас, қайталанбайтын адамзат өкілі ретінде

0

индивидтің жеке тұлғасының және психологиясының өзіндік ерекшелігі, оның темперамент, мінез-құлық эмоционалдық және интеллектуалдық сапаларда қайталанбауы

0

индивид өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, әлеуметтік қатынастардың жемісі

№48 Сұрақ



V1

Жеке тұлға – бұл:

1

адам өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танып білуге қабілетті және саналы іс-әрекет пен әлеуметтік қатынастар субъектісі ретінде

0

ойлау сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі

0

адам - біртұтас, қайталанбайтын адамзат өкілі ретінде

0

индивидтің жеке тұлғасының және психологиясының өзіндік ерекшелігі, оның темперамент, мінез-құлық эмоционалдық және интеллектуалдық салаларда қайталанбауы

0

индивидтің психо-физиологиялық ерекшелігі

№49 Сұрақ



V1

Адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар:

0

табиғат

0

басқару саясаты

1

орта, тұқым қуалаушылық, тәрбие

0

қоғам талаптары

0

мемілекет саясаты

№50 Сұрақ



V1

Тәрбие процесі оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сәйкес мінез-құлқын қалыптастыру құралы. Бұл туралы:“Тәрбиелеу халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту” деген тұжырым айтқан автор:

0

Ы.Алтынсарин

1

Әл-Фараби

0

Абай Құнанбаев

0

Шоқан Уалиханов

0

Ш. Құдайбердиев

№51 Сұрақ



V1

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Бұл туралы: “Тәрбие- біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету… Тәрбие бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі” деген пікірді айтқан автор:

1

Л.Н. Толстой

0

К.Д. Ушинский

0

Н. М. Герцен

0

В.Г. Белинский

0

Н.А Добролюбов

№52 Сұрақ



V1

“Тәрбие кең мағынасымен алғанда қандай да болса бір жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі” деп айтқан:

0

Ж.Аймауытов

0

А.Байтұрсынов

1

М.Жұмабаев

0

М.Дулатов

0

Ш.Құдайбердиев

№53 Сұрақ



V1

“Тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі” деген пікір айтқан автор ғалым:

1

Х. И. Лийметс

0

Т.В.Ильина

0

В.А.Караковский

0

Ш.А.Амоношвили

0

В.А. Сластенин

№54 Сұрақ



V1

“Тәрбие кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және дамудағы көп салалы процесс” деп тұжырымдаған ғалым-педагог

0

Ш.А. Амоношвили

0

В.А. Кан-Калик

1

В.А. Сухомлинский

0

В.А. Петровский

0

Т.А. Ильина

№55 Сұрақ



V1

Тәрбиенің мәні :

0

қоғам үшін саналы белсенді, ізгіленген, іскер азамматты тәрбиелеу

0

жеке адам үшін оны өмір сүре білуге үйрету, оны қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйрету

0

өзін- қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету

0

өмірге бейімдеу

1

жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

№56 Сұрақ



V1

Тәрбие процесі дегеніміз:

0

қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезімін қалыптастырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеті

0

қоғамның талабына сай әрбір жеке тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеті

0

жеке тұлғаның ерік-жігерін жүйелі түрде қалыптастырудағы және дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті

0

әлеуметтендіру

1

жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

№57 Сұрақ



V1

Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне сәйкес өзіндік ерекшеліктері бар:

0

тәрбие қоғамдық құбылыс

0

тәрбие мақсатты біртұтас көпжақты процесс

0

тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс

0

тәрбие мақсат көзделген процесс

1

жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

№58 Сұрақ



V1

Тәрбие процесінде тұлғалық, кісілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жүйесіне жататындар:

0

өзін-өзі тәрбиелеу

0

қайта тәрбиелеу

0

тәрбиелеу

0

өзін-өзі жетілдіру

1

жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

№59 Сұрақ



V1

Өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары

0

тұлғаның өзін-өзі сендіруі

0

өзін-өзі бақылауы

0

өзін-өзі сынау

0

өзін-өзі танып білу

1

жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

№60 Сұрақ



V1

Қайта тәрбиелеудің мәнісі баланың мінез-құлқында қалыптасқан жағымсыз, зиянды дағдылармен әдетті түзету, кемшіліктерді жою болып табылады.

0

оның айналадағы жағымсыз ортасы

0

әртүрлі қолайсыз жағдайлардан

0

отбасы мектептің жіберген кемшіліктері әсерінен пайда болады

0

әлеуметтендерудің жағымсыз жағдайна ұшыраудан

1

жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

№61 Сұрақ



V1

Қайта тәрбиелеу – күрделі әрі ұзақ процесс, қайта тәрбиелеу жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруда төмендегілерді ескеру қажет:

0

тәрбиеленушіге әсер ететін келеңсіз жағдайлардың себебін анықтау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіру

0

тәрбиеленушілердің мінез-құлқында кездесетін жат қылықтарды зерттеп білу

0

тәрбиеленушінің жеке басында кездесетін қасиеттерді анықтып, соған сүйене отыра әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, жақсы қасиеттерін дамыту т.б.

0

үлгі- өнеге көрсету

1

жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

№62Сұрақ


V1

Акселерация дегеніміз:

0

жеке тұлғаның белсенді іс-әрекет процесі

0

жеке тұлғаның алдына қойған мақсатқа жетудегі табандылық көрсетуі

1

балалық және жасөспірімдік жастағы балалардың физиологиялық, психологиялық тұлғасының жылдам дамуы

0

адамның өзіндік жеке дара дамуы

0

жеке тұлғаның әлеуметтік дамуы

№63 Сұрақ



V1

Тәрбие приниптерінің жүйесіне жататындар:

0

тәрбиенің мақсаттылығы тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы, еңбек арқылы тәрбиелеу

0

жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі, балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіз қамтамасыз ету

0

жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекеттерінің бірлігі болды.

1

талап қою және сенім арту

0

жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

№64 Сұрақ



V1

Даму дегеніміз - бұл:

0

адам ағзасында сандық өзгерістердің жинақталуы

0

ескінің жойылуы, жаңаның пайда болуы

0

адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалыптасуы

1

әртүрлі факторлардың мерзімді уақытта өткен әсерлері нәтижесінде адам ағзасында сандық және сапалық өзгерістердің болуы

0

адам ағзасында сапалық өзгерістердің жинақталуы

№65 Сұрақ



V1

Ата-аналардан балаларға берілетін сапалар:



0

танымдық іс-әрекет сапалары

0

ерік-жігер, табандылық, ыждахаттылығы

0

әлеуметтік тәжірибелері

1

көз-жанарының, терісінің түсі, реңі, жүріс-тұрысы, қимыл-әрекеті т.б.

0

белсенді іс-әрекеті

№66 Сұрақ



V1

Ата-аналардан міндетті түрде балаларына берілетін қасиеттер:

0

интеллектуалдық іс-әрекеттің ерекшеліктері

0

әлеуметтік тәжірибе

1

жүйке жүйесінің типтері, темперамент, көзінің түсі, қанының тобы, резус - фактор

0

адамгершілік сапалары

0

танымдық іс-әрекет

№67 Сұрақ



V1

Бала ата-аналары маскүнем болса, олардың тағдырын қайталайды:

0

сөзсіз

0

қайталамайды

0

жағымсыз, қолайсыз ортада тұқымында осындай белгілері бар адам, тұқымында осындай белгілері жоқ адамдарға қарағанда маскүнемдікке тез салынып кетеді

1

бұл әртүрлі факторларға байланысты. Тұқымқуалаушылықпен берілген нышандар жеке тұлғаның тұрақты сапаларына айнала ма, жоқ па, ол тәрбиеге, оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты

0

өзін-өзі танып білуге байланысты

№68 Сұрақ



V1

Тәрбиенің мақсатын анықтауға әсерін тигізетін факторлар:

1

қоғамның қажеттілігі, оның дамуының экономикалық деңгейі

0

христиан және мұсылман қамқоршыларының талаптары

0

прогрессивті ойлайтын адамдардың ұмтылысы мен көзқарасы

0

адамзат тәрбиесінің мұраты

0

қоғам дамуындағы мәдениеттің даму деңгейі

№69Сұрақ


V1

Қазіргі жалпы орта мектептердің алдына қойылатын тәрбие мақсаттары:

0

жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген көзқарасты қалыптастыру

0

интеллектуалды деңгейді дамыту

0

тек дене тәрбиесі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету

1

жеке тұлғаның пісіп-жетілуіне жағдай жасау, шығармашылық мүмкіндігін ашу, ақыл-ой адамгершілігін, дене бітімінің дамуына ықпал ету

0

жеке-тұлғаның шығармашылық мүмкінділігін ашу

№70Сұрақ


V1

Тәрбие процесінің (үрдісінің) принциптері – олар:

1

тәрбие үрдісінің мазмұнына, әдіс-тәсілдеріне, ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар, белгіленген жалпы ережелер

0

тәрбие мекемелерінің жұмыс ерекшеліктері

0

сөз арқылы тәрбиеленушілердің санасын дамытудағы мақсатты бағытталған түрткісін (мотивация) қалыптастыру

0

тәрбиенің қоғамдық бағыт-бағдарын, тәрбиешілер….

0

тәрбиенің тұжырымдамалары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет