Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 21 сағат СӨЖ 45 сағат Рейтинг 2 Емтихан 2 Барлығы 70 сағат



бет7/11
Дата23.02.2016
өлшемі1.14 Mb.
#4661
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тексеру сұрақтары:

ХҮІІ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай.

Мәдени және әдеби даму процестері. Классицизм.

Классицистік поэзия, драма және проза. Теоретиктер.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
11 дәріс. Тақырыбы: Әзірбайжан әдебиеті

Қарастырылатын сұрақтар:

Әзербайжан халқының ауыз әдебиеті. Әзербайжан халқының жазба әдебиеті. Кезеңдері. Низами Ганжауи /1141-1209/. Низами /Әбу Мұхаммед Ілияс Жүсіпұлы/ - әзербайжан әдебиетінің классигі.



Дәріс мақсаты: Әзірбайжан әдебиетінің дамуы барысынан мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны:

Азербайжан әдебиеті бай тарихы бар көне әдебиеттің бірі. Ол б.з.б. 7-6 ғ-да туған. Таяу және Орта шығыс халықтарының ежелгі ескерткіші «Авеста» (ескі қолжазбалар кітабы) – Азербайжан әдебиеті көне шығармаларының бірі. Басқа да түркі халықтары сияқты А-да ауыз әдебиеті кең дамыған. Ертегілердің басты кейіпкері – тазша бала (тазша Ахмед) болып келуі және Молла Насреддин атынан айтылатын сатиралық – юмористік аңыздардың көптігі көне А әд-ін Орта Азия жерін мекендеген халықтар әдебиетімен туыстастырады.

А. әд-ң көне тарихы туралы мәліметтер аз сақталған. Б.з-дың Ү-ғасырында А-ның солтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүрген Албан мемлекетінің өз алфавиті болып, соның негізінде діни кітаптар мен әдеби шығармалар жазылған. Бірақ арабтардың шабуылы (ҮІІ ғ.) Албан мемлекетін құлатып, азербайжандардың мәдениетіне көп тежеу жасады. ҮІІ-ХІ ғ-да А. мәден-ң көрнекті қайраткерлері – философ Бахманер (1066 ж.ө.), ақындар Қатран Тебризи (1010-80), Хатиб Тебризи (1030-1108) т.б-лар шығармаларын араб-парсы тілдерінде жазған. Бұл дәуірде туған Шығыс халықтарының ортақ мұрасы «Китаби Дәде Қорқұд» эпосының А. халықтық әдебиетіне едәуір қатысы бар. Бұл Х-ХІ ғ-да Кавказға өткен оғыз руларының туындысы. Оғыздар кейін азербайжан және түркі тұқымдас халықтарға сіңіскен. ХІ ғ-дан бастап А ақындары парсы тілінде қасида, ғазол үлгілерін жазған. ХІІІ ғ-да азербайжан тілінде әдебиет пайда бола бастайды (ақын Изаддин Гасан оғлының өлеңдері). Шығармаларында халық өмірін арқау еткен осы тұстағы ақындардың көрнектілері: Әбу-л-Аьла Гәнжауи («ақындар патшасы» атанған), Фелеки Шируани (1118-1181), Эфзелиддин Хагани (1120-1119). ХІІ ғасырлардағы Азербайжан әдеб-ң биік шыңы – Низами Тәнжауидің (1141-1209) шығармашылығы. ХІІІ ғас-дан бастап А-да софизм ықпалымен туған поэзия өрістеді. ХІҮ ғасырларда А-да діни-саяси ағым- хуруфизм кеңінен тарай бастады. Хуруфизмді жақтаушылар ислам дініне, Темір үстемдігіне қарсы наразылық білдірді. Осы ағымның көрнекті ақыны Имадеддин Несими хуруфизмге қарсылар қолынан қаза тапқан. Несими азербайжан тілінде лирикалық өлеңдер жанрын (диуан) қалдырған ірі ақын. ХҮ ғ-да А-да махаббат тақырыбына жазылған лирика кең өріс ала бастады. ХҮІ ғ-дың белгілі ақындары Хатам (Исмаил шаһтың лақап аты), Хабиби, Мұхаммед Физули (1494-1556) А әд-не елеулі үлес қосқан. Әсіресе Физули лирикасы мен ғазолдары Шығыс халықтарына кең тараған. Ол да «Ләйлі – Мәжнүн» атты романтикалық поэма жазған. ХҮІІ ғ-да түріктер шабуылының ықпалымен А-ның жазба әдебиеті біраз тежеліп, халықтық дастандар кең жайылған. «Ашиг-Гариб», «Шаһ-Исмаил», «Асли мен Керім», «Көроғлы», «Аббас пен Гюльгаз» дастандары – дәуірдің тарихи шындығын танытатын едәуір маңызды туындылар. Әсіресе «Көроғлы» сыртқы жауға қарсы тәуелсіздік идеясын кең бейнелейді. ХҮІІІ ғ-да екі үлкен ақын Видади (1709-1809) мен Вагиф (1717-1797) халық поэзиясы әсерімен әдебиеттегі демократиялық бағытты дамытты. Феод. құрылысқа қарсы күресе отырып, реалистік поэзияға жол ашты. А-ның Россияға қосылуы әд-те жаңа кезең туғызды. Аса көрнекті жазушы, философ-материалист, драматург Мирза Фатоли Ахундов (1812-1878) дәуірдің жаңа идеясының басы болды.

ХІХ ғасырлардың сатирик ақындары Касумбек Закир (1784-1857) Селд Азим Шируани (1835-1888) патша шенеуніктері мен жергілікті озбырларды сынады. Сатира дәстүрін дамытуда Ж. Мамедкулизаде (1856-1932) шығарған «Молла Насреддин» журналының (1906-30) үлкен мәні болды. Онда А.Сабирдің (1862-1911) сатиралық туындылары басылды. Төңкеріс алдындағы А әд-ті негізінен реалистік бағытта дамыды. Аббас Сиххат (1874-1918) Крылов, Пушкин, Лермонтов, Горький шығ-рын аударды. А-да кеңес Үкіметінің орнауына байланысты аға буын жазушылар Ж. Момедкулизаде, Н.Нариманов (1871-1925), А. Ахвердов (1870-1933), С. Ахундов (1875-1939), М. Ордубады (1872-1950), Абдолла Шомк (1881-1959) жаңа әдебиет жасауға белсене ат салысты. Олар рев-қ шығ-р туғызды. Поэзияның көрнекті өкілдерінен Самед Вургунді (1906-1956) ерекше атауға болады. Расул Рзаның (1910 ж.т.) Мамед Рагимнің (1907 ж.т.), О. Сарывелли (1905 ж.т.), А. Джамиль (1913 ж.т.), З. Холиль (1914 ж.т.), М. Дильбози (1913 ж.т.), М. Сеитзиде (1907 ж.т.) т.б. ақындардың әр тақырыпқа жазған патриоттық лирикалық туындылары – А әдебиеттің елеулі табысы. Соғыстан соңғы дәуірде де Н. Бабаев, Г. Гусейзаде, К. Касумзаде, И. Сафарли, З. Джабарзаде, А. Керимов т.б. талантты ақындар тобы өсті.

А. проза-ң табыстары М. Ордубадының «Тұманды Тавриз» (1933-48), «Бакудегі астыртын жұмыс» (1940), С. Регимнің (1900 ж.т.), «Шомо» (1-3, 1931-64), «Сачлы» (1940-48), М. Гусейннің (1909 ж.т.), «Таңертең», «Аплирон», А. Абульгасонның (1906 ж.т.) «Достық қаламы», М. Ибрагимовтың (1911 ж.т.) «Туады күн», «Тоғысқан су» тәрізді романдарымен өлшенеді.

А. кеңес драматургиясының негізін қалаған аса көрнекті драматург Джафар Джабарлы (1899-1934 ж) болды. А. драмат-ң табыстарына М. Ибрагимовтың, С. Вургунның, Сабит Рахманның туындылары қосылды.

А. әдебиеттің басқа жанрлары да кең өркендеді. 3 томдық «А. әдебиеттің тарихы» (1957-60), А. классиктері (Низами, Физули т.б.) туралы туындылар жарық көрді.

Тексеру сұрақтары:

Әзербайжан халқының ауыз әдебиеті.

Әзербайжан халқының жазба әдебиеті. Кезеңдері.

Низами Ганжауи /1141-1209/. Низами /Әбу Мұхаммед Ілияс Жүсіпұлы/ - әзербайжан әдебиетінің классигі.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

12 Дәріс. ХҮІІІ ғасырдағы әлем әдебиеті



Қарастырылатын сұрақтар: Тарихи жағдай. Жалпы шолу. Француз революциясы. Ағартушылық. Ағартушылар әдебиетінің эстетикалық принциптері. Сентиментализм. Пайда болуы және дамуы.

Дәріс мақсаты: Ағартушылық ғасырының тарихи дамуы туралы мәлімет беру.

Дәріс мазмұны:

Тарихи жағдай. Жалпы шолу. Француз революциясы. Ағартушылық. Ағартушылар әдебиетінің эстетикалық принциптері. Сентиментализм. Пайда болуы және дамуы.

Ағылшын әдебиеті. Даниель Дефо ”Робинзон Крузо”. Джонатан Свифт “Гуливердің хикаялары”. Ричардсон “Памела” немесе “Кларисса Гарлоу, немесе жас ледидің өмірі”.

ХҮІІІ ғасырдағы ағылшын драмасы. Ағылшын театры. Джозеф Аддисон (1672-1719), Джордан Милло (1693-1739), Ричард Бринсли Шеридан (1751-1816). Стерн (1713-1768) шығармашылығы. “Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері”, “Сентиментальдік саяхат”. Роберт Бернс (1759-1796) шығармашылығы. Өмір жолы. Шығармалары. Француз ағартушылығы. Шарль Монтескье (1689-1755) “Пареп хаттары” философиялық роман. “Заңдар өзені” еңбегі – автордың жалпы заң ұғымына көзқарасы. Вольтер (1694-1778) шығармашылығы. Франсуа – Мари Аруэ –Вольтердің шын аты. Өмір жолы. Еңбектері. Вольтер эстетикасы. “Генриада” поэмасы. Философиялық көзқарастары. Дени Дидро шығармашылығы. Еңбектері. “ Актер туралы парадокс”, “Племянник Рамо”, “Монахиня”, “Жак-фаталист”. Жан Жак Руссо. Шығармалары. Философиялық көзқарастары. “Жаңа Элоиза” романы. “Эмиль” – философиялық роман. “Исповедь”. Бомарше шығармашылығы. Комедиялар. “Севиль шаштаразы”, “Фигароның үйленуі”. Ағартушылар және рококо өнері. Француз сентиментализмі. Неміс әдебиеті. Тарихи жағдай. Лессинг және Шиллер шығармашылығы. Гете творчествосы. Эстетикалық, философиялық көзқарастары. Еңбектері.



Тексеру сұрақтары:

Тарихи жағдай. Жалпы шолу.

Француз революциясы. Ағартушылық.

Ағартушылар әдебиетінің эстетикалық принциптері.

Сентиментализм. Пайда болуы және дамуы.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
13 дәріс. Тақырыбы: Қарақалпақ әдебиеті

Қарастырылатын сұрақтар:

Қарақалпақ халқының қалыптасу тарихы. Ауыз әдебиеті, жырау, шайырлары, олардың дәстүрлері.



Дәріс мақсаты: Студенттерге қарақалпақ халқының әдебиеті дамуы туралы мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны:

Қарақалпақ – ауыз әдебиетіне бай халық. оның «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», «Шадьяр» т.б. батырлық және лиро-эпостық жырлары ертеден мәлім. Жазба әдебиеті 18ғ-дан басталады. Ол кезде әдебиет әлеміне Жиен жырау Тоғайұлы (18ғ)ғ Күнқожа Ибраимұлы (1799-1880), Әжінияз Қасыбайұлы (1824-78), Бердақ Қорғабайұлы (1827-1900), Омар Өтеш (1828-1902), Омар Сүйірбабатұлы (1879-1922), Құлмұрат (1838-1917), Сыдық Шамр (1857-1917) сияқты ақындар шығып, өздерінің тамаша өлеңдері мен жыр-дастандарын ел ішіне кең таратты. Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен Бердақтың «Ақимақ патша» атты дастаны-қарақалпақ әдебиетіне елеулі із қалдырған аса маңызды шығармалары. әжінияздың «Боз отауы», Бердақтың «Ерназар би», «Айдос би» деген шығармалары19ғ-ды тарихи шындыққа құрылды. Қарақалпақ әдебиетінде кеңес үкімітінің алғашқы кезеңдерінен бастап, басқа да жанрлар дамыды. Жаңадан проза, драматургия жанрлары тып, әдеби сын, әдебиеттану ғылымы дамыды. А.Мусаев (1880-1936), С.Мәжитов(1869-1938), А.Өтепов (1904-34), А.Дабылов (1898-1970), С.Нұрымбетов (1900-71) сияқты ақын-жыраулар сол кездегі жаңа заман кеңес өкіметін, оның көсемдерін мадақтаған өлеңдер жазды. А.Бегімов (1907-58), Ж.Аймырзаев (1910ж.т.), М.Дәрібаев (1909-42), Ә.Шамұратов (1912-53), Б.Қайыпназаров (1916ж.т.) т.б. елеулі еңбек етті. Бұлардан кейін келіп қосылған Х.Сейтов (1917ж.т.), Х.Тұрынбетов (1926-68), Т.Жұмамұратов (1915ж.т.), И.Юсупов (1929ж.т.)т.б. ақындар өздерімен бірге қарақалпақ поэзиясына сыршылдық лирика, сатира, юмор, мысал т.б. жанрларды аса келді.

Қарақалпақ әдебиетінде 20 жылд-ң 2 жартысынан көріне бастады. М.Дәрібаевтың «Мыңдардың бірі», Ә.Шамұратовтың «Ескі мектепте» атты көлемді прозалық шығармалары 30 жылдары жарық көрді. 50 жылдары жазылған А.Бегімовтың «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың «Амудария жағасында» (1958), Т.Қайырбеговтың (1929ж.т.)»Қарақалпақ қызы» (1-2кітап,1953-65) романдары қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді.

Қарақалпақ әдебиетінде драматургия 20 жылдардың ортасында пайда болды. Қарақалпақ драматургтары С.Мажитовтың «Ерназар – Алакөз», «Бағдагүл», «Тазагүл», Қ.Әуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз» пьесалары – сол кездегі үздік туындылар. Кейінгі жылдарда жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгүл - абат», «Раушан», «Бердақ», А.Бегімбаевтың «Боз отау», «Ашық Ғаріп», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», Н.Дәуқараевтың (1905-53) «Алпамыс» С.Хожаниязовтың «Сүлейменге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика таетрларының репетуралрын байыта түсті. әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да дами түсті. Қарақалпақтың тұңғыш ғалымы Қ.Дәуқараев, Өзбекстан ҒА-ның корр.мүшесі проф. И.Сағитов, М.Нұмұхамедов, филол.ғыл. докторлары Қ.Айымбетов, Н.Жапақов, С.Ахметов т.б. бұл салада жемісті еңбек етіп келеді.

Қарақалпақ, қазақ әдебиеті ежелден туыстас. Екі ел әдебиетінің озық туындылары қос халыққа ортақ. Қарақалпақ дастаны «Қырық қыз» (1959), қазіргі қарақалпақ ақындарының шығармаларынан құрастырылған «Қарақалпақ жырлары» (1962) қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.

Тексеру сұрақтары:

Қарақалпақ халқының қалыптасу тарихы.

Ауыз әдебиеті, жырау, шайырлары, олардың дәстүрлері.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
14 Дәріс. ХІХ ғасырдағы әдебиет пен мәдениет. Романтизм.

Қарастырылатын сұрақтар: Тарихи кезең. Романтизм дамуы. Стиль. Кезеңдері. Ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Студенттерге ХІХ ғасырдағы мәдениет пен әдебиет салаларының жалпы даму барысынан мәлімет беру.

Дәріс мазмұны:

Кіріспе. Жалпылама шолу. Иен романтизмі. Оның көрнекті өкілдері. “Атеней” журналы. Фридрих Шлегель. Соңғы романтизм. “Гейдельберг романтиктері”. Неміс филологиясы мен фольклористикасының дамуы. Ағалы-інілі Гриммдер. Эрнст Теодор Амадей Гофман шығармашылығы. Өмір жолы. Алғашқы шыармашылық еңбектері: “Жәндіктер әміршісі” - фантастикалық новелласы. “Брамбилл ханшайымы”, “Алтын тостақ”, “Мурр мысықтың дүниетанымы” – ирониялық новелла. Рихард Вагнер. өмір жолы. Алғашқы әдеби шығармалары. “Естеліктер”, “Летучий голландец”. Вагнер шығармашылығының биік шыңы – “Нибелунг жүзігі”: 1 кітап “Рейн алтыны”, 2 кітап: “Валькирия”, 3 кітап: “Зигфрид”, “Құдайлардың ақыры”. Жалпы шолу. Байрон, Шелли, Скотт шығармашылығы. Байрон шығармашылығының екі кезеңі - 1807-0816 және 1816-1824 жж. Перси Шелли – ағылшын романтизмінің жарқын өкілі. “Маб королева” поэмасы. “Азат етілген Прометей” – лирикалық драмасы (1820). Вальтер Скотт (1771 – 1832) – тарихи роман авторы. “Роб Рой” романы. Бастапқы француз романтизмі: Франсуа Рене де Шатобриан, Анна Луиза Жермена де Сталь, Бенжамен Констан, Жорж Санд (Люсиль Аврора Дюпен). Виктор Гюго - француз ұлы қаламгері. Өмір жолы. Шығармашылығы. “Париж құдай анасының ғибадатханасы” – Гюго творчествосының биік шыңы. Поляк романтизмі. Адам Мицкевич – поляк романтизмінің көрнекті өкілі. Шығармалары: “Пан Тадеуш”, “Поэзия” поэмасы. Американ романтизмі. Жалпы шолу. Бастапқы американ романтизмінің орнығуының 3 кезеңі. Генрих Гейне шығармашылық жолының өту кезеңдері: 1-кезең – 1816-1831 жж. – Париж қаласына эмиграцияға кетуіне дейінгі кезең; 2-кезең – 1831-1839 жж. – қоғамдық-саяси публицистикасының дамуы мен тереңдеуі; 3-кезең – 1839-1848 жж. – саяси лииркасының шарықтау кезеңі; 4-кезең – 1848-1856 жж. – төңкерістен кейінгі кезең. “Әндер кітабы”. Гейненің көркем прозасы – “Сапардағы суреттер”. “Людвиг Бернс”(1840) – Гейненің эстетикалық көзқарасы. Шығармашылығының соңғы кезеңі – “Романсеро”, “Сыр”, “Германия” поэмалары.



Тексеру сұрақтары:

Тарихи кезең. Романтизм дамуы.

Стиль. Кезеңдері. Ерекшеліктері.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
15 дәріс. Тақырыбы: Қырғыз әдебиеті

Қарастырылатын сұрақтар: Тарихи кезең. Қырғыз фольклорының шырқау биігі – «Манас» эпосы. Тоқтағұл Сатылғанов.

Дәріс мақсаты: Студенттерге қырғыз әдебиеті салаларының жалпы даму барысынан мәлімет беру.

Дәріс мазмұны:

Қырғыз фольклорының шырқау биігі – «Манас» эпосы. «Манас» туралы алғашқы дерек шығыс оқымыстысы Молла-ад-Диннің «Маджмуат - тауарих» атты еңбегінде (16ғ) ұшырасады. Қырғыз халқының ежелгі ауыз әдебиетінің нұсқаларынан «Манас» эпосынан басқа «Кедейхан», «Қожаш», «Жаңыл-Мырза», «Ер Төстік» т.б.жыр-дастандары сақталған. Түркі тектес өзге халықтардың ауыз әдебиетіндегі сияқты қырғыз халқының фольклорында да аңыз, ертегі, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары т.б. мол дамыған. Қырғыз ауыз әдебиетінің әр алуан жанрдағы үлгілері көп. олардың дені әуел бастағы шығармалардың аты-жөні сақталмағандықтан халық шығармалары болып саналады. 19ғ-дың ортасында жасаған Қолығұл, Арыстанбек секілді ақындардың «Тар заман», «Ақыр заман» атты өлеңдері мәлім. 19ғ-дың 2-ші жартысында ақын Молдо Қылыш Шашырқановтың (1866-1977) шығармалары Мәшһүр болған. Оның «Жынды су», «Алдамшы», «Керме тау», «Қыз бен жігіт», «Қара Қошқар», «Бүркіт тойы», «Зар-заман» т.б. жырлары халық арасына кең тараған. Халық мүддесін көздеген көптеген жыр шығармаларымен қатар оның кейбір шығармаларында идеялық қайшылықтар кездеседі. Бұл кезеңде қырғыз халқының нағыз рухани жаршысы, демократ ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың (1864-1933) шығармаларындағы үлкен рөл атқарды. Ол шығармаларында езілген топ мүддесін жоқтап, бай, манаптарды шенеді. Ақынның кеңес дәуіріндегі шығармаларының негізгі тақырыбы –халық, партия, Ленин, жаңа өмір, жасампаз еңбек болды. Суырып салма ақын Борпы Алықұлов ты (1884-1949) төңкеріске дейінгі жылдарында («Қатал хан», «Бақташы жыры», «Жетім»т.б.) әлеуметтік теңсіздікке, қанаушылыққа қарсылық білдіреді. Кеңес дәуірінде жаңа өмір жетістіктерін жырға қосты. Тоғалақ Молда Абдрахманов (1860-1942) суырып салма ақын болуымен қатар, шығармаларын жазып та тартты. Оның өлеңдері, дастандары мен сатиралық шығармалары халық арасына кеңінен белгілі. Ол кеңес тұсында да көптеген жырлар, поэмалар жазды.



Тексеру сұрақтары:

Тарихи кезең.

Қырғыз фольклорының шырқау биігі – «Манас» эпосы.

Тоқтағұл Сатылғанов шығармашылығы.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
16 Дәріс. ХХ ғасырдағы әдебиет пен мәдениет. Реализм.

Қарастырылатын сұрақтар: ХХ ғасыр әдебиетінің дәуірлерге бөлінуі. ХХ ғ. басындағы әлемдегі тарихи-әлеуметтік жағдай. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер. Бұл дәуір әдебиетіндегі басты әдеби ағым-бағыттар – сыншыл реализм, натурализм, неоромантизм және романтизм, декаданс, символизм, модернизм.

Дәріс мақсаты: Студенттерді ХХ ғ. әлем әдебиетінің даму белестерімен таныстыру.

Дәріс мазмұны:

ХХ ғасыр әдебиетінің дәуірлерге бөлінуі. ХХ ғ. басындағы әлемдегі тарихи-әлеуметтік жағдай. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы – жаңа өтпелі кезең. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер. Бұл дәуір әдебиетіндегі басты әдеби ағым-бағыттар – сыншыл реализм, натурализм, неоромантизм және романтизм, декаданс, символизм, модернизм. Аталған ағым-бағыттардың болмыстық ерекшеліктері, көрнекті өкілдері. ХХ ғ. басындағы Франциядағы тарихи ахуал. Бұл кезеңдегі француз әдебиетінің даму ерекшеліктері. Огюст Конт философиясы және оның әдеби және мәдени ойдың дамуына тигізген әсері. Конт позитивизмі. Ипполит Тэн – француз ойшылы. Оның тарихи, тарихи-әдеби және эсттикалық еңбектері. Француз натурализмі. Оның жарқын өкілдері: Гюстав Флобер, Мопассан, Золя, ағалы-інілі Гонкурлер, Шанфлери, Дюранти және т..б. Эмиль Золя – француз натурализмінің теоретигі (“Тәжірибелік роман”). Золя жариялаған натурализм принциптері. Француз декадансы. Ницше, Артур Шопенгауер, Анри Бергсон философияларының француз әдебиетіндегі декаданс бағытының таралуына тигізген әсерІ. Француз символизмі және модернизмі. Неміс әдебиетінің бұл кезеңдегі даму ерекшеліктері. Раабе, Шторм, Фонтане – ХХ ғасырдың басындағы неміс қаламгерлері. Неміс натурализмі. Оның екі бағыты: демократиялық бағыт және буржуазиялық бағыт. Кретцер, Поленц, Ницше шығармашылығы. Неміс әдебиетіндегі экспрессионизм бағытының пайда болуы және дамуы. Рубинер – экспрессионизм теоретигі. Э.Толлер шығармашылығы. Неміс әдебиетіндегі сыншыл-реализм бағытының дамуы. Генрих Манн творчествосы. ХХ ғасыр басындағы Англиядағы тарихи жағдай. Позитивизм философиясының ағылшын әдебиетіне тигізген әсері. Герберт Спенсер, Ницше және Шопенгауер философиясының таралуы. Ағылшын әдебиетіндегі әдеби ағым-бағыттар. Натурализм, декаданс ағымдарының ХХ ғасыр басындағы ағылшын әдебиетіндегі өкілдері: Джордж Гиссинг, Арнольд Беккет, Джордж Мур, У.Пейтор, А.Саймонс, О.Уайльд, “Сары кітап” журналы (О.Бердсли). неоромантизм. Даму ерекшеліктері.



Тексеру сұрақтары:

ХХ ғасыр әдебиетінің дәуірлерге бөлінуі.

ХХ ғ. басындағы әлемдегі тарихи-әлеуметтік жағдай.

Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер.

Бұл дәуір әдебиетіндегі басты әдеби ағым-бағыттар – сыншыл реализм, натурализм, неоромантизм және романтизм, декаданс, символизм, модернизм.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
17 дәріс. Тақырыбы: Өзбек әдебиеті

Қарастырылатын сұрақтар: Тарихи кезең. Өзбек әдебиетінің даму белестері. Фольклор. Жазба әдебиет.

Дәріс мақсаты: Студенттерге өзбек әдебиеті салаларының жалпы даму барысынан мәлімет беру.

Дәріс мазмұны:

Өзбек әдебиетінің ұзақ тарихы бар. Ол халық ауыз әдебиеті мен көрші халықтар әдебиетінің ықпалы негізінде қалыптасқан. өзбек әдебиетінде әлемдегі фольклордың барлық түрлері кездеседі: эпостық циклдер, лиро-эпостық жырлар, салт жырлары, жоқтау, сықақ т.б. Аталған жанрлардың ішінде көш орын алатыны – халық өмірін баяндайтын тарихи оқиғаларға құралған дастандар. Оларға «Күнтуғмиш», «Алпамыш», «Таһир мен Зуһра», «Арзигүл», «Ашиқ пен Ғариб» т.б. жатады. Өзбек әдебиетінің дамуына Ахмет Югнаки,Құтыб, Хорезми, Дүрбек секілді Орта Азия түркі әдебиетінің белгілі өкілдері мен парсы-тәжік әдебиетінің классигі Жәми творчествосы үлкен ықпал жасады. Өзбек әдебиетінің дүние жүзі әдебиетіне белгілі болып, кеңінен танылуына Лутфидің шәкірті Ә.Науаидің творчествосы негіз болды. Ол сол кездегі дәстүр бойынша өз өлеңдерін парсыша жазумен бірге өзбек (түркі) тілінде де жазған. Науаи «Екі тілдің таласы» атты кітабында өзбек тілінің поэтикалық байлығы мен мүмкіндігін теориялық жағынан дәлелдеп шықты. 16ғ-да өзбек әдебиетінің игі дәстүрін жалғастырушы Бабыр болды. Ол өзінің «Бабырнама» атты көлемді шығармасы арқылы өзбек әдебиетінде әдеби мемуарлық шығарманың негізін салды. 17ғ.мен 19-ғ-дың 1-жартысы аралығында Тұрды, Гүлхани, Мунис, Хорезми (1778-1829), Агаки (1809-1874) секілді ақындар мен Надира (1791-1842), Увайси (1780-1850), Махзуна сияқты ақын қыздар творчествосы елеулі орын алды. 19ғ-дың 2-жартысында өзбек халқының Россияға қосылуы, өзбек әдебиетінде демократтық-ағартушылық идеяның пайда болуына себепші болды. Мыс., Мұқими (1850-1903), Фурқат (1853-1909), Дилшад (1800-1905) секілді ақындар халықты оқу-ағартуға, орыс мәдениетінен тәлім алыға, ауыз бірлікке үндеді. Әсіресе ағартушылық-демократтық идеяны үгіттеу Х.Хакімзаде Ниязи (1889-1929), С.Айни (1878-1954), А.Қадыри(1894-1940)шығармаларында кең орын алды. Олар өз шығармалары арқылы халықты отаршылдық мен феодалдық езгіге қарсы күреске шақырып, әйел теңдігі мен бұхара халықтың саналы түрде топтасуын қозғауды негізгі тақырып етіп алды. Өбастаушылары да Айни мен Хамзаның революциялық рухта жазылған «Бай мен батырақ (1927) драмасы, «Кеңес жасасын, «Ей, жұмысшылар т.б. өлеңдері жаңа заманды, соц. өмірді насихаттады. Айнидің реалистік прозалары мен А.Қадыридің «Өткен күндер» (1925), «Мехрабтан шаян (1929) романдары өзбек әдебиетінде алғашқы жазылған романдар болды.

20ғ-дың басында Ғ.Ғұлам (1903-66), Айбек (1905-68),Х.Әлімжанов (1909-44),А.Қаһар (1907-68), К.Яшен (1909ж.т.), Ұйғын (1905ж.т.), т.б. жазушылар қосылды. Бұл кезде өзбек әдебиетінің өкілдері қала мен ауылдағы соц.құрылыс жеңістерін суреттей отырып, ескіліктің кесапатын әшкереледі. Әсіресе дінге, аяққа басылған әйел теңдігі мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Байлар мен секілікті сақтауға жасаған түрлі тап жауларын сынайтын «Муштум» сатиралық журналы шыға бастады. Ол өзбек әдебиетінде памфлет, фельетон жанрларының дамуына негіз болды. 30 жылдары ақын-жазушылардың шеберлігі артып, натуралистік баяндау тәсілінен арыла бастады. өзбек совет әдебиеті поэзия жанрының көне классикалық дәстүрін жалғастыра отырып, жаңа бағыт, жаңа түр мен мазмұнға ие болды.

Тексеру сұрақтары:

Тарихи кезең. Өзбек әдебиетінің даму белестері.

Фольклор. Жазба әдебиет.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
18 Дәріс. Гомер шығармашылығы. «Илиада» және «Одиссея».

Қарастырылатын сұрақтар: Аэдтер шығармашылығы. Гомер. Гомер мәселесі. «Илиада» және «Одиссея».

Дәріс мақсаты: Студенттерді көне грек қаламгері Гомер шығармашылығынан хабардар ету.

Дәріс мазмұны:

Ежелгі аңыздар мен хикаялар негізінде аэдтердің кейбіреулері үлкен эпикалық поэмалар да туғызды.Жоғарыда айтылғандай,бұлардың ішінен ең әйгілісі одақтасқан көсемдердің Троя қарсы соғысы туралы шығармалар циклі еді.Бұл циклдің негізі біздің кезімізге дейін жеткен “Илиада” мен “Одиссея” поэмалары.Гректер соқыр жырау Гомерді осы поэмалардың авторы деп есептейді.Бірінші поэмада Трояға қарсы соғыстың оныншы жылы-Агамемнонның Ахилл көсеммен араздасуы және соның салдары баяндалған.Екіншісінде Одиссейдің гректкрге онша таныс емес Батыстың шалғайдағы ертегілік елдерінде басынан кешірген оқиғалар мен өзі туып-өскен Итака аралына аман-сау қайтып оралғаны туралы әңгімеленеді.

Гомер поэмалары бірнеше ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап жетті. Тек біздің эрамыздан бұрынғы VI ғсырда ғана ол поэмалар Афиныда жазылып алынып, әдеби шығармаларға айналған.Оларды Грецияның барлық мектептерінде,кейіннен грек-македон жаулаушылары шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде құрған эллинистік мемлекеттер мекткптерінде және ақыр соңында Рим империясында жұмыс жасаған оқу орындарында оқып үйренген.Гомер поэмасының каһармандары Ахилл, Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелей, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, Елена, Пенелопа және басқалары ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мәлім болған.Оларды кескіндеу мен мүсіндеу өнерінде де бейнелеп бақты. Поэма эпизодтары Помпейден табылған қабырғалық сыр суреттің (фрескалардың) ірі бейнелі композицияларының немесе әр түрлі қираған ескі қалалар обаларында сақталып қалған аумақты мозаикалық шығармалардың тақырыбы болған.

Біздің эрамыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ертедегі грек философы Платонның өзі-ақ Гомер поэмаларының ежелгі грек қоғамының мәдени өмірі үшін ерекше маңызы болғанын атап көрсетіп, “бұл ақын (Гомер-А.Б.) элладаны тәрбиеледі” деп жазған болатын.Бірақ Гомер есімі жұртқа кеңінен тарағанына қарамастан, ақынның өмір сүрген уақыты, туған жері белгісіз болып қала берді.Осынау тамаша ақынның туған жері аталуы үшін де ежелгі Грецияда жеті қала таласқан.Гомер жөнінде өмірбаяндық деректердің жоқтығы ежелгі грек тарихы мен әдебиетін зерттеуші кейбір европалық ғалымдар аққынның нақты тарихи өмір сүргеніне күмән келтіруіне де негіз болған.

XVIII ғасырдың аяғында неміс филологы Вольф “Илиада” мен “Одиссеяны” жеке авторы жоқ, халық творчествосының туындысы деп есептеуді ұсынды.Вольф пен оның пікірлестері поэманы әр түрлі аэдтер бірте-бірте шығарған сан алуан жырлардың механикалық қосындысы деп санады.Аэдтер өз өлеңдері үшін сюжеттерді, міне, осы хикаялардан алып отырған. “Илиада” мен “Одиссеяны” да Гомер деген есіммен белгілі аэдтердің бірі шығаруы әбден мүмкін. Ақынның сауатсыздығы оның творчествосына бөгет бола алмаса керек. Жазу-сызусыз,ақындық творчествосының ауызша дәстүрі XX ғасырға дейін сақталып келді.Жамбыл мен Сулейман Стальскийдің ақындық творчествосы осындай болатын.Стальскийдің А.М Горький “XX ғасырдың Гомері” деп атауы кездейсоқ емес-ті.

Уақыт өткен сайын ауызекі түрде біреуден біреуге таралып отырған “Илиада” мен “Одиссеяның” бастапқы тексіне бірқатар қосымшалар енгізілген, ол, әрине, бұл поэмаларды зерттеуші филологтардың назарына ілінбей қалған жоқ.

“Илиада” мен “Одиссеяны” шығарған ақынның авторлығы туралы мәселеде совет тарихшыларының көпшілігінің негізінен күмәні жоқ. Алайда осы аэдтің аты шынында да “Гомер” ме, немесе бұл тек оның екінші, лақап аты болды ма деген сұрақ әлі де жауапсыз қалып келеді, себебі бұл адамның өмірі мен творчествосы хақында, қандай да болмасын, өмірбаяндық деректер әлі күнге белгісіз.

Ахейліктердің Трояны алып, қиратқаны туралы Рим ақыны Вергилий “Энеида” дейтін поэмасында тәптіштеп тұрып жазды. Овидий өзінің “Метаморфозы” (“Айналулар”) және “Каһарман арулар” атты поэмаларында көптеген мифтік эпизодтарды баяндап берді. Ең ақырында грек жазушысы Павсанийдің (біздің эрамыздың II ғасыры) “Элладаны суреттеу” деген шығармасында ежелгі грек мифологиясының жекелеген циклдері егжей-тегжейлі баян етіледі.

“Илиада” мен “Одиссеяның” пайда болуын бұлайша түсіндіруге Фридрих Шиллер қарсы тұрды, ол екі поэманың да көркемдік бірлігін дәлелдеп, Гомердің жеке авторы екенін жақтап шықты.

XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында ежелгі дүниені зерттеуші европалық ғалымдардың көпшілігі мифтік хикаялар мен ежелгі грек эпикалық поэмаларының мазмұнын таза фонтастикалық туынды деп қараған.Бірақ қазіргі кезде, археологиялық жаңалықтардың арқасында,бұл пікір осы заманғы ғылыми көзқарастарға сай келмей қалды.

XIX ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ энтузиаст-архиолог Г.Шлиман ежелгі Троя қаласының тұрған жерін дәл анықтады, ал 80 - жылдарда Микены мен Тиринфтің қираған орнында ойдағыдай археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.XX ғасырдың басында ағылшын ғалымы А.Эванс Крит аралындағы ежелгі Кюсс қонысынан орасан зор сарай комплексін тауып, оны егжей-тегжейлі зерттеді.Бұдан кейінгі ондаған жылдарда грек, итальян және американ археологтары Критте,Пелопоннесте,Орта Грецияда,Эгей архипелагы аралдарында толып жатқан ежелгі мекендерді тапты.Олардың кейбіреулерінің (Кносс, Пилос, Фивы) қалдық обаларынан өзінше бір жазу таңбалары бар қыш тақташалар табылды.1953 жылы В сызықтық (линейлік) жазба деп аталған бұл таңбаларды ағылшын ғалымы М. Вентрис ажыратып оқи алды.

Осы археологиялық жаңалықтар нәтижелері ежелгі грек мифологиясы мен эпикалық пэзиясының пайда болуы туралы мәселені мүлдем жеңаша тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді.Егер XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ежелгі грек мәдениетін зерттеушілер ежелгі қоғам мен мәдениеттің дамуын тек біздің эрамыздан бұрынғы II мың жылдықтың аяқ кезінде ғана басталды деп есептеп келген болса,қазіргі уақытта таптық қоғам ошақтарының пайда болуы мен бұрынғы III мың жылдықтың аяғында басталды дейтін берік тұжырым жасалды.Мәселен,біздің эрамыздан бұрынғы III мың жылдықтың аяқ кезінен бастап Крит аралында таптық қоғам қалыптасқан.Оның негізгі саяси орталығы Кносс болды.Крит билеушілері өз үстемдігін көршілес аралдарда да, сірә Балкандық Грецияның кейбір аудандарында да орнатса керек.Крит теңізшілері алыс жорықтарға шығып отырған.Олар Египеттен,Солтүстік Сирсямен қарым-қатынас орнатқан.Батыста криттіктер Сицилия мен Сардиния аралдарына дейін жеткен.

Біздің эрамыздан бұрынғы XV ғасырдың орта тұсында Эгей ахипелагы орталығында геологиялық апат болыпты.Фера аралындағы жанар таудың жан түршігерлік атқылауы онда орналасқан қаланы тып-типыл етіп қана қоймай, Критке де әсерін тигізген.Арал халқының бір бөлігі қаза тауып, бір бөлігі туған жерінен басқа жаққа кетіп қаған.Қаңырап бос қалған Критке бұған дейін Балкандық Грецияны өз мекеніне айналдырып үлгірген ахей тайпалары келіп қоныстанған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет