Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет18/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Семинар сабағының жоспары:
1. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы: мақсаты, міндеттері, құрылымы.
3. Қазақстан Республикасының жастар саясаты.
4.Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы.


Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму саясатының қалыптасу мәселесін көрсету. Қоғамдағы сапалы өзгерістерге, ішкі саяси тұрақтылық пен жалпыұлттық келісімді сақтауға арналған әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру тетіктерін ашу, қазіргі кезеңдегі әлеуметтік проблемаларды талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік саладағы шиеленістің себептерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың салыстырмалы кестесін жасап, қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдарын ұсыну қажет.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қазақтардың алғашқы дүниежүзілік құрылтайы қай қалада өтті?
2.ІІ Қазақтардың дүниежүзілік құрылайының Түркістан қаласында өтуінің себебі неде?
3. І Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайында Елбасы қандай тақырыпта мақалада оқыды?
4.«Құрылтай» сөзінің орта ғасырлардағы мағынасы қандай болды, ол қазір қандай?

ОН БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП: Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы
Сабақтың мазмұны: Халыкаралық байланысты жүзеге асыруда Қазақстанның сыртқы саясаты дүние жүзінде қалыптасқан жағдайға байланысты көп бағыттылығын ескеру принципінен шығуы керек. Дүниежүзіндегі саяси және экономикалық үдерістердің ғаламдық сипаты жағдайында, жекелеген елдер қауіпсіздігіне кепілдік ұжымдық күш-жігермен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы өзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға арналған және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі қарусыздану ісіне міндетті түрде қатысады. Оның бірнеше деңгейі бар: Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық кауіпсіздік және қарусыздану саласындағы ықпалдастық саясаты; Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы; Қазақстан халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ұйымдарға қатысып, қарусыздану және бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады.Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 жылы Ташкентте Қазақстанның, Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 мемлекеттің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. 1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес мемлекет — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет