Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет10/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. XIV-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті қалай дамыды?
2. Мұхаммед Хайдар Дулати мен Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің еңбектерінің маңызын атаңыз?
3. Қандай қазақстанның қала мәдениетінің ескерткіштерін білесіз?
4. Қазақ-мұсылмандық діни дәстүрінің қалыптасуы туралы көзқарасыңыз қандай?

ЖЕТІНШІ ТАҚЫРЫП: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі
Сабақтың мазмұны: ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастап жоңғарлармен күрестің шиеленісуіне байланысты Қазақ хандығы терең дағдарысқа ұшырады. Бұл соққы Қасым, Хақназар, Есім мен Тәуке хандардың саясаты негізінде орныққан мемлекеттіліктің негізін шайқалтты. 1722 жылдың аяғында Қытайдың маньчжурлік билеушілерімен бейбіт келісімге келген жоңғарлар 1723 жылы көктемде Қазақстанға жойқын шабуыл жасауды жоспарлады. Бұл жорық қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.
1723 жылы Жоңғар шабуылының нәтижесінде қазақ тайпалары өздерінің ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды, халық аштықтан қырылды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» - адамдар жаяу жүргеннен табандары қажалған, көлдің жағасында әл-күштері жоқ, құлап, шаршаған деген мағынада сөз қалған. Осы кезде қазақтың зарлы «Елім-ай» әні дүниеге келді.
1726 жылы Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы деген жерде үш жүз өкілдерінің біріккен жиналысы болды. Бұл жиынға үш жүздің хандары — Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс сұлтандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке бастаған билер, батырлар қатысты. Жиналыс барысында үш жүздің басын біріктіріп, жауды Қазақ жерінен қуу мәселесі талқыланды.
Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөл маңында орын алды.
«Шаңды жорық» - қазақ-қалмақ соғысындағы соңғы шайқастардың бірі. Қазақ әскерлерінің Еділден Жоңғарияға үдере көшкен Еділ қалмақтарын өкшелей қуған жорығы халық арасында осылай аталған. Қытайдағы Цинь империясы Жоңғар хандығын талқандап, халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтарына ата-бабаларының жері қаңырап, иесіз қалды деген лақап тарады. Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған қалмақ халқы 1771 жылы қаңтарда көшуді бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет