Семинар сабақтары оқытудың белсенді формаларының бірі болып


  тақырып.  Басқарушы  элита  мен  саяси  көшбасшылық  биліктің



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453155
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
ӘСБМ әлеуметтану саясаттану семинар тапсырмалары (1)

10  тақырып.  Басқарушы  элита  мен  саяси  көшбасшылық  биліктің 

әлеуметтік субъектілері ретінде  

 

1  Басқарушы  элитаның  құрылымы  мен  функциялары,  оның  атқаратын 

қызметі және мәртебелік позициясы бойынша жіктелуі. 

2  Элитаны жаңарту үдерістері және әлеуметтік-саяси жүйені өзгертуге 

деген қоғамның сұранысы. 

3  Саяси  көшбасшы  феномені  -  тұлғаның  субъективті  ерекшеліктері 

мен  мемлекеттік  билік  жүйесіндегі  мәртебелік-қызметтік  позицияларының 

жиынтығы ретінде. 



Сабақтың мақсаты: саяси билікті жүзеге асыру, басқарушы элитаның 

функциялары  мен  мақсаттары,  саяси  көшбасшы  мен  басқарушы  элитаның 

қоғамдағыжәне мемлекетті басқарудағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру. 

Негізгі  түсініктер:  басқарушы  элита,  ашық  және  жабық  элита,  элита 

құрылымы  және  жіктелуі,  элитаның  классикалық  теориялары,  көшбасшы 

мәртебесі, саяси көшбасшы,ұлт көшбасшысы. 

 

Әдістемелік нұсқау. 



Бірінші сұрақ бойынша: 

-  саяси  элиталардың  өмір  сүруінің  объективті  себептерін  айқындап, 

елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы халық бұқарасының 

сұраныстары 

мен 

элитаның 



қоғамдық 

үдерістерді 

басқарудағы 

қызметіарасындағы өзара байланысты анықтаңыз; 

-  қоғамдық-саяси  үдерістерді  басқарудағы  қызметі,  мәртебелік 

позициясы,  олардың  қарауындағы  ресурстары  мен  функцияларына  қарай 

элитаны жіктеңіз; 

-  элитаны  жойып,  жалпыға  бірдей  теңгермешілік  орнатуға  ұмтылудың 

әлеуметтік  әділдікке  емес,  керісінше,  саяси  биліктің  әлсіреп  қоғамдағы 

тұрақсыздықтың күшеюіне әкеліп соғатынына назара аударыңыз. 



Екінші сұрақ бойынша: 

-    элита  мен  халық  бұқарасының  өзара  қарым-қатынастарын  зерделей 

келе,  олардың  динамикалық  сипатқа  ие  екендігіне  назар  аударыңыз.  Оның 



элита  топтарының  мәртебелік  позициясы  мен  билік  өкілеттігінде  ғана  емес, 

сонымен  қатар  «жоғарыдағылар»  мен  «төмендегілер»  арасындағы 

өзгерістерге әкелетіндігін есте сақтаңыз; 

-    басқарушы  элитаның  билік  ресурстары  мен  қоғамды  басқарудағы 

өкілеттіктерін  өз  қолына  шоғырландыру  арқылы  халық  бұқарасын  заңды 

түрде басқаруды жүзеге асыру жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтаңыз; 

-  жекелеген  халық  бұқарасы  өкілдерінің  басқарушы  топ  қатарына 

қосылуы  үдерісінің  үздіксіз  сипатқа  ие  болуы  нәтижесінде  мүмкін  болған 

элита  айналымы  мен  қоғамның  эволюциялық  жолмен  дамуының  өзара 

байланысына талдау жасаңыз. 



Үшінші сұрақ бойынша: 

-  көшбасшы мен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік проблемаларына 

назар  аударыңыз.  Көшбасшының  нақты  саяси  мақсаттарға  жету  және  елдің 

саяси  өміріндегі  маңызды  мәселелерді  шешу  жолындағы  түрлі  әлеуметтік 

топтар,  таптар  мен  әлеуметтің  қызметін  ұйымдастырушы  ретіндегі 

функциясын көрсетіңіз; 

-  саяси  көшбасшы  феноменінің  табиғатына  талдау  жасап,  бұл 

құбылыстың  психологиялық  және  мәртебелік-қызметтік  аспектілерін 

анықтаңыз; 

-    өтпелі  типті  қоғамдық  жүйелердегі  саяси  көшбасшының  рөлі  мен 

орнын,  оның  қоғамның  саяси  дағдарыс  және  әлеуметтік-экономикалық 

дәрменсіздік жағдайындағы функцияларын айқындаңыз. 



 

Бақылау сұрақтары. 

1. Елдің  қоғамдық-саяси  өміріндегі  элитаның  рөлі,  орны  мен  маңызы 

туралы қандай ғылыми-теориялық тұжырымдамалар бар? 

2. Басқарушы  элитаның  жабық  және  ашық  жүйелерінің  қандай 

ерекшеліктері бар? 

 

3. Басқарушы элита мен халық бұқарасы арасындағы өзара әрекеттестік 



үдерісінің формалары мен мазмұны туралы не айтасыз? 

4. Басқарушы  элитаның  өмір  сүруі,  оның  қоғамдық-саяси  қызметінің 

қажеттілігінің объективті сипаты неде?  

5. Дағдарыс  жағдайындағы  саяси  үдерістер  мен  қоғамдық  жүйелердегі 

саяси көшбасшының рөлі қандай? 

 

Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 



1. 

Кейс-стади  –  саяси  көшбасшылықтың  жіктелуі.  Саяси 

көшбасшылықтың типін айқындау және өз таңдауын дәлелдеу. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет