Семинар сабақтары оқытудың белсенді формаларының бірі болып


  тақырып    Жаһандық  экономика  және  еңбек  бөлінісі



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453155
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ӘСБМ әлеуметтану саясаттану семинар тапсырмалары (1)

        5 

тақырып    Жаһандық  экономика  және  еңбек  бөлінісі: 

әлеуметтанулық талдау 

 

1  Әлемдік экономика. 

2  Халықаралық еңбек бөлінісі. 

 

Әдістемелік кеңестер. 



Бірінші сұрақ. Жаһандық экономика –  бұл көп деңгейлі құрылымға ие 

және  әлемнің  әртүрлі  елдерінің  экономикаларын  біріктіретін  біріккен  жүйе. 

Бұл  термин  көп  жағдайда  мемлекеттік  шекараларды  ескермей,  әртүрлі  әлем 

елдерінің сыртқы экономикалық жұмысын сипаттау кезінде қолданылады.  



Жаһандық экономиканың қалыптасуын қалай түсіндіре аласыз? 

Жаһандық  экономика  қалыптасуының  қандай  алғышарттарын 

білесіз? 

Әлемдік экономиканы қалыптастырудың негізгі алғышарттары:– ақпараттық 

ортада  және  жаһандық  желіні  құруда  қуатты  серпіліс,  жыл  сайын 

айтарлықтай байқалатын табиғи ресурстардың жетіспеушілігі;  

–  әлемнің  көптеген  елдеріндегі  халық  санының  өсуі  (халықтың  қатты 

жарылысы);  

– әлемдегі жаппай қырып-жоятын қарудың пайда болуы және таралуы; 

–  табиғатқа  және  қоршаған  ортаның  тозуына  әсер  етуші  күшті  қысым 

және т.б. 

Екінші  сұрақ.  Халықаралық  еңбек  бөлінісі  –  өнімдердің  жекелеген 

түрлерін  өндірудегі  жекелеген  елдердің  салалар  бойынша  мамандануы. 




Халықаралық  еңбек  бөлінісі  елдер  арасында  табиғи  және  климаттық 

жағдайларға,  географиялық  орналасуына,  шикізат  ресурстары  мен  энергия 

көздеріндегі айырмашылықтарға байланысты қалыптасады.  

К.Р.  Макконнелл    және  С.Л.  экономикалық  жүйені  анықтайтын  бес 

негізгі сұрақ бар деп көрсетті: 

1) Қанша өндіру керек? 

2) Не істеу керек? 

3) Бұл өнімдер қалай шығарылады? 

4) Бұл өнімді кім алуға тиіс? 

5) Жүйе өзгеруге бейімделе ме? 

Барлық  экономикалық  жүйелерде  өндіріс  үшін  экономикалық 

ресурстар  қажет,  ал  шаруашылық  қызметінің  нәтижелері  таратылады, 

айырбасталады және тұтынылады. 

Қазіргі заманғы экономикалық жүйелерді анықтаңыз. 

Экономикалық  жүйелер  еңбек  бөлінісіне,  яғни  қызмет  түрлерінің 

салыстырмалы түрде шектелуіне негізделген. Халықаралық еңбек бөлінісінің 

ұлттық  факторларына  келер  болсақ,  оларды  біріншіден  жекелеген  елдердің 

әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен, екіншіден табиғи-географиялық 

айырмашылықтармен байланыстыруға болады.  

Аса маңызды әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерге жатады:  

1)Елдің әлемдік экономикадағы орны. 

2)Қол  жеткізілген  экономикалық  және  ғылыми-техникалық  даму 

деңгейі. 

3)  Елдің  тарихи  жолы,  оның  өндірістік  дәстүрлері  және  сыртқы 

экономикалық байланыс дәстүрлері. 

4) Сыртқы экономикалық байланыстардың заңнамалық базасы жатады.  

Табиғи-географиялық 

айырмашылықтар 

елдің 


кеңістіктік 

орналасуымен,  оның  аумағының  көлемімен,  халқының  санымен,  топырақ-

климат жағдайларымен, минералдық ресурстармен анықталады.  

Аталған  факторлар  экономика  мен  адамдардың  өмір  деңгейіне  қалай 

әсер етеді? 

 

Баяндама, эссе және презентация тақырыптары 



1  Тарихи тұрғыдағы экономикалық даму. 

2  Жұмыспен қамту құрылымы және еңбек нарығы. 

«Заманауи  қазақстан  қоғамының  дамуындағы  прагматизм» 



тақырыбында эссе дайындаңыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет