Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмыстары. Глоссарий



бет18/44
Дата23.09.2023
өлшемі189.81 Kb.
#478381
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Саясаттану лекциялар (қосымша)

Бақылау сұрақтары:
1. Этнос және ұлт деп нені айтамыз?
2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы дегеніміз не?
3. Ұлттық саясат деп нені айтады?
4. Тұлға өзінің ұлтын қандай белгілерге байланысты анықтайды?
5. Адамдар қауымдастығының қандай түрлерін білесіз?


Әдебиеттер тізімі:

  1. 1.А.С. Рахымбаева. Саясаттану. Астана, 2006ж.

  2. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

  3. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

  4. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

  5. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

  6. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

  7. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №6 Қоғамның саяси жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
Саясаттану пәніндегі саяси жүйенің маңыздылығын түсіндіру
Негізгі мәселелері:
1. Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің әрекеті ретінде.
2. Саяси жүйе құрылымы. Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар, үкіметтік емес ұйымдар.
3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары.

4. Қазақстан Республикасының партиялық саяси және сайлау жүйесін одан әрі дамыту мәселесі.


1. Жүйе ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи. Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу үрдісін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса,барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.


Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Әлеуметтануда қоғамды жүйелік түрде талдаған- Т. Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4, яғни, экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани жүйешіктен тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Саяси жүйе теорриясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50-жылдарында Американың саясаттанушысы давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен кіріс, шығыс принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді. Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау жатады. Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды. Сондықтан, олардың әділдігіне сенімсіздік білдіріп, әр түрлі айла-тәсілмен басып-жаншуға тырысады. Демократиялық, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек-талаптарына жауап беруді, оларды мүмкіндігінше қанағаттандыруды өз қызметін атқару деп түсінеді. Шығыс- саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп, кіріс пен шығыс әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор. Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және кіріс пен шығыстың әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақты қызмет атқарады.Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. Олар қоғамның тұрақты дамуын негізгі мақсатым деп түсінді. Мұндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон басшылық етті. Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы ретінде қарады. Олар үкіметтік институттар арқылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді- институционалдық және бағдарлық – баса айтты. Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделеді.
2. Зерттеушілер саяси жүйенің ең негізгі төрт бөлігін атайды. 1-саяси институттар, 2- саяси қатынастар, 3 - саяси ережелер, 4 – саяси мәдениет. Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және басқа да ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатын атқара алады. Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар- саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады. Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын өркендетудің маңызды міндеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға, мәдени-тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу, балабақшаға орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Қоғамдық жүйенің бір бөлігі-саяси қатынастар. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Саяси жүйеніңқұрамына саяси ережелер де кіреді. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Саяси жүйедегі саяси мәдениет саяси сана мен іс-әрекетте,саяси көзқарастарда, идеяларда, саяси көзқарастарда, идеяларда, бағдарламаларда көрініс табады. Саяси жүйенің көрсетілген бұл бөліктері үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар өзара тығыз байланыста болады.

3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі өз дамуында реформалау мәселелерін қамтиды. Ол саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері мен қызметтері арқылы жүзеге асады. Саяси жүйе мынандай мүмкіндіктерден құралады: - топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;- өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;


- қорларды, игіліктерді, қызметті бөлу мүмкіндігі;
- әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берелік, өзгерген жағдайларға бейімделушілікмүмкіндігі.
Саяси жүйенің даму тенденциясы қызметтері негізінде айқындалады.

  • Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде бекітілген түрі болғандықтан конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады.

  • Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-иүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады.

  • Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік- саясимақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптардың бірлестігін қамтамасыз етеді.

  • Экономикалық қалыпты жұмыс істеп,прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.

  • Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Саяси жүйе қоғам дамуының маңызды шарты болып табылғандықтан, ондағы қызметтер жүйелі іске асырылып, мемлекет саясатымен тығыз байланыста дамып, заңнама түрінде бекітілуі тиіс.

4. Саясаткерлер қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы партиялық саяси және сайлау жуйесін дамыту мәселелерін қарастырып жүр. Республикамызда көппартиялық жүйе қалыптасқан. Елде көппартиялық жүйенің қалыптасуы елді демократияландырудағы, саяси жүйені жаңартудағы шешуші қадам. өркениетті елдердегі саяси партиялардың өз құндылықтары бар. Халықтың саяси мәдениеті мен санасын жетілдіру- демократияны жетілдіру болып табылады. Саяси партиялардың платформасын жариялылық, демократиялық негізде талқылау нәтижесінде оғае ерікті, баламалық түрде мүше бола алады. Бұл еліміздегі саяси жүйенің қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.Саяси жүйе қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау қызыметін атқарады.Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында дау тудыруы мүмкін.Саяси жүие оған жібермей, қайшылықтарды қиюластырып, шиеленістерді өршітпей, жан-жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағыдай атқарады.Мемлекеттік істер алға қойылған мақсатты, оларға жету жолдарын саяси бағыт арқылы жүзеге асырғанда ғана саяси жүйе тұрақты дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет