Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: апта семинар сағат


апта. 7 семинар. 1 сағат. 7 семинар сабағының тақырыбы



бет5/10
Дата16.02.2024
өлшемі37.15 Kb.
#492178
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

7 апта. 7 семинар. 1 сағат.
7 семинар сабағының тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті.
Семинар сабағының жоспары:
1. Қазақтардың дәстүрлі көшпелі мәдениеті
2. Көшпелі шаруашылық түрлері және олардың ерекшеліктері.
3. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі.
4. Сауда және сауда жолдары.
5. Ауыз әдебиеті. Жыраулар шығармашылығы (Бұқар, Ақтамбердi, Үмбетей, Шал, Тәтіқара және т.б.).
6. Халық ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі. Эпикалық және музыкалық туындылар.
7. Мұхаммед Хайдар Дулати мен Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің еңбектерінің тарихи маңызы.
8. Ортағасырлардағы Қазақстанның қалалық мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Қазақтардың материалдық мәдениетіне, көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс-салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктеріне талдау жасау және қолөнер түрлеріне түсінік беру. Қазақ халқының рухани мәдениеті, шешендік өнердің феномені, халық шығармашылығындағы батырлар бейнесі, ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктеріне зерттеу еңбектер негізінде талдау жасалынады. Қалалық мәдениеттің және Түркістан қаласының Қазақ хандығының рухани өміріндегі маңызын ашу.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ халқының дәстүрлі көшпелі мәдениетін, қолөнер түрлеріне және көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылық түрлері және олардың ерекшеліктеріне байланысты деректер мен зерттеу еңбектер бойынша ауызша талдау жасалынады. Студент қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтына байланысты ерекшеліктеріне талдау жасап, қолөнер түрлеріне түсінік береді. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікір алмасып, дөңгелек үстел ұйымдастырады. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі шешендік өнер, ауызша тарих айту дәстүрі, халық шығармашылығындағы батырлар бейнесіне зерттеу еңбектері негізінде талдау жасалынады. Мұхаммед Хайдар Дулати мен Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің еңбектерінің маңызын ашып көрсету. Сонымен қатар, қалалық мәдениеттің және қала мен даланың өзара байланысын ашып көрсету. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымының ерекшеліктеріне байланысты кесте дайындалады. XVII ғ. – XVIII ғ. басындағы қалалық мәдениеттің құлдырауы туралы материалдарды сабақта пайдалана отырып, ауызша баяндайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет