Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: апта семинар сағат



бет3/10
Дата16.02.2024
өлшемі37.15 Kb.
#492178
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

Семинар сабағының мақсаты: ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің құрылуы, дамуы, ішкі және сыртқы саясатын кешенді түрде тарихи деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде зерделеу, негізгі оқиғалардың маңызын көрсете отырып, Ұлы Дала тарихындағы әр мемлекеттің, билеушінің рөлін анықтап көрсету.


Әдістемелік нұсқаулар: Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасының ерекшеліктеріне, зерттелу мәселесіне жаңаша талдау жасап, қала мәдениеті, архитектурасы, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы деректер мен зерттеу еңбектеріндегі жаңа көзқарастарға ауызша жауап береді. Өнер мен діннің, рухани мұрасының қалыптасуы мен аймақтық ерекшелігін анықтап, қала мәдениетіне сараптама жасауды үйренеді.


4 апта. 4 семинар. 1 сағат.
4 семинар сабағының тақырыбы: XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы. ХV –ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы және қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір-талас, дискуссия.
Семинар сабағының жоспары:
1. Қазақ хандығының қалыптасуы мен кезеңделуі
2. XVI ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
3. XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы.
4. XVIІ ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
5. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.
6. Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің ықпалының өсуі.
7. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы. Билер институты.
8. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аталып өтуі.
Семинар сабағының мақсаты: Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары, қазақ хандарының саяси қызметіне баға беру, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын тойлануының тарихи маңызын ашып көрсету.


Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы және Қазақ хандығы тарихына байланысты деректер мен зерттеу еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар, студенттер қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясаты, қызметіне байланысты кесте дайындауы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дискуссия жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет