Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


-семинар Cеминар сабағының тақырыбы: Жеке тұлға



бет5/26
Дата26.03.2023
өлшемі282.73 Kb.
#471129
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Оқу әдістемелік нұсқаулық (семинар)

4-семинар
Cеминар сабағының тақырыбы: Жеке тұлға.
Сабақ жоспары:
1. Жеке тұлғаның дамуында іс-әрекет пен қарым-қатынастың рөлі.
2. Жеке тұлға туралы теориялары.
3. Жеке тұлға типологиялары.
Сабақ мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы жайлы түсінік беру.


Сабақ түрі: пікірталас және әңгімелесу сабағы


Қысқаша теориялық мәліметтер:
Жеке тұлға туралы жалпы түсінік. Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі- оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті, философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан. (Э.Роттердамский, А.Я.Коменский, И.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, З.Фрейд, Л.С.Выготский, Э.Торндайк, т.б). Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі оның көзқарасы мен сенімдердің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі. Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер етуші факторлар мыналар:
1.Тұқым қуалаушылық
2.Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).
3.Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.
4.Тұлғаның іс-әрекеті
Жеке тұлға теориясы – бұл адам бойында болатын ойлар мен гипотезалар жиынтығы.Бұл теория негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын-ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді.
Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (1856-1939ж.) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы зерттеуге негізделген. Жеке тұлғаның Эго теориясы (Эрик Эриксон)- бұл теория бойынша қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.
Дж.Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967). Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы ол қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның мінезін айқындайды. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет