Дамуы төмен елдердегі урбанизация
Соңғы кездері ірі қалалар мен қалалық өмір салтының дамуы байқалады. Артта қалған елдерде мүндай өзгеріс бір түннің ішінде орнайды. Мехико, Сан-Паулу, Богота, Сеул, Киншаса, Карачи, Калькутта жэне дамушы елдердегі өзге қалалар тез өсіп келеді. Алдағы 25 жылда үлкен қалаларда (мегаполистер), сондай-ақ кедейлікте өмір сүретін, таза ауыз суға, электр желісіне, білім алуға және санитарлық ережелерді сақтауға жарымайтын шағын қалаларда халық өсімі басым болады деген болжам бар.
Артта қалған елдердегі -урбанизацияның бірнеше салдары болады. Біріншіден, әлемнің ең ірі қалалары мега аудандарға бірігіп, АҚШ-тағы урбанизация іспетті көптеген мәселелер туындатады. Бұл мәселелер көліктің тым көптігі, энергетикалық шығындар, қоршаған ортаның ластануы және ауыл шаруашылығы жерлерінен айырылу сияқты жайттармен байланысты. Екіншіден, бұл қалаларда кәсіби білім алмаған адамдарды жумыспен қамтитын өндірістік орталықтар жоқ. Соның салдарынан көпшілігі қарқынды көбейіп жатқан заңсыз лагерьлер мен жасырын жерлерде өмір сүріп, астыртын экономикада қолөнерші, саудагер, велосипедті жалға беруші, кір жуу орталығының қызметшісі болып жұмыс істейді және қайыршылықпен күнелтеді. Осындай қалаларда табыс теңсіздігі өскен сайын саяси шиеленіс пен қалаларда наразылық күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |