Семинар тақырыбы Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті


Сақ, массагет, ғұн, үйсін және қаңлылардың мәдени мұрасы және олардың түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасыуындағы рөлі



бет2/3
Дата19.03.2022
өлшемі22.22 Kb.
#456407
түріСеминар
1   2   3
Семинар та ырыбы аза стан к шпелілеріні м дениеті

3. Сақ, массагет, ғұн, үйсін және қаңлылардың мәдени мұрасы және олардың түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасыуындағы рөлі.
Сақтар б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар.Сақ заманында Еуразияның көшпелі тайпаларында мал өсіруге негізделген экономикалық базистің қалыптасуы Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан, Еділ-Жайық, Қара теңіз жағасындағы қыруар ру-ұлыстар арасында айырбасты,, мәдениеттегі ұқсастықты қамтамасыз етті. Сондай-ақ тұрмыс-салт, тұрғын үйдегі ұқсастықты скиф-сақтардың үй-мекендері дәлелдей түседі. Геродоттың жазбаларында: сақтардың тақыр даланы мекендейтіні, ағаштың сөлін ішетіні, қысы-жазы өздерімен бірге жүруге ыңғайлы. Төрт, алты доңғалақты арба үстіне қондырылған көшпелі үйде тұрған. Оңтүстікте сабан кірпіш, солтүстікте бөренеден салынған үйлері де болған. Археология деректері көрсеткендей, сақтардың төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған үйлері қазақ киіз үйінің бастапқы бастамасы еді.
Сақтар о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан. Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметші-күтушілері, ат, қару-жарақ, азық-түлік -бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болсак әшекей бұйымдарын бірге көмген. Скиф-сақтардың мұндай дәстүрлі жерлеу салтын Алтайдағы Пазырық обасы, Жетісудағы Бесшатыр, Есік обаларының қазынды заттары дәлеледеп отыр. Қазақстан археологтары 1969 жылы ғылымда таңғажайып жаңалық ашты. Алматы облысындағы Есік қаласына таяу жерде көне сақ қорғанында археологиялық қазба жұмыстарын ждүргізу барысында сақ бекзадасының қабірі табылды. Онда жерленген адам «Алтын адам» деген атқа ие болды.
Онда 4 мыңға жуық алтын пластинкалар мен ілгектер болды. Есік қорғаны б.д.д. ҮІ-ІҮ ғасырларда салынған.
ХХ ғасырдың 90 жылдары Атырау облысының Жылыой ауданынан Есік адамына ұқсас сақ заманының ескерткіші табылды. Бұл қорғаннан қазып алынған жауынгердің қару-жарақтары мен сауыты түгелге жуық алтын бөлшектерден тұрады.
Археолог- ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстан жеріндегі Шілікті, Бесшатыр, Есік, Берел, Боралдай сияқты қорымдар сақтардың патшалары, көсемдері, атақты батырлары мен ақсүйектері жерленген қасиетті орындар.
Сақтардың мәдениетіндегі «Аң стилі» б.з.б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. «Аң стилі» өнері негізгі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы ежелгі аңыздардан сақталған түсініктермен байланысты екендігін аңғартады. Әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары деп санаған.
Сақтар отқа, күнге, ата-баба аруағына, соғыс құдайларына табынған. Тіл заманалар көшінде эволюциялық жолмен дамитын аса күрделі құбылыс болғандықтан, скиф-сақтар ежелгі иран тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын.
Ғұндар.
Ғұндар – ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі.
Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байқал өңірінде қоныстанған.Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.б. 1 ғасырдың соңы мен б.з. 1 ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. 5 ғасырға жуық уақыт ғұндар кең далаға билік жүргізді.
Ғұн дәуірінің археологиялық ескеткіштері – Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейінгі ұлан- байтақ жерге тараған ғұндардың көне ескерткіштерінің жиынтық атауы. Біздің заманымыздың 5 ғасырын қамтиды. Ғұн дәуірінің археологиялық ескерткіштері үш топқа бөлінеді:
1. Шығыс ғұн ескерткіштері.
2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ескерткіштер.
3. Қазақстанның Оңтүстік Орал, Төменгі Еділ арқылы Еуропаға дейінгі ескерткіштер.
Сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдар, кілем және түрлі ыдыстар ғұн тұрмысындағы биік талғам, жоғары мәдениеттің белгісіндей бізге жеткен.
Ғұндар көшпелі болған, мал өсіріп, аңшылық құрған, сондай-ақ, отырықшы өмір сүріп, егін салған.Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың бәрі жауынгер саналған, олар табиғатынан батыр, ержүрек болған. Ғұн әскерінің негізі атты әскерлер болған. Олардың қару – жарақтары: садақ, семсер, қанжар, найза болған.
Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Ағаштан төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған.Олар өздері қолдан жасаған заттарды қадірлеген. Ат әбзелдерін өрнектеп, дөңгелек темірлермен әшекейлеген. Алтыннан, күмістен әшекей бұйымдар жасаған. Сүт, қымыз, айран, қаймақ құятын ыдыстарды қыштан, ағаштан жасаған. Мал терісінен сыртқы киімдер, бас киімдер жасаған. Үй ішіне орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты қатты қадірлеген.
Ғұндар, хундар – түркі халықтарының арғы тегі. Ғұндар шығып келе жатқан күнге, айға тағзым етіп, құрмет көрсеткен. Айдың бастапқы күндеріне ерекше мән беріп: сүй, сый деген сөздермен қарсы алған. Ұлылы-кішілі жортулы-жорықтарға ай толғанда шығып, ай қорғалағанда қайтқан. Тәңірлік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен, түпкі мекен-жайы қазіргі қазақ даласы. Ендеше ғұндар тікелей біздің ата-бабаларымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет