Семинар Тақырыбы: «Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі.»



Дата17.06.2016
өлшемі288.85 Kb.
#143241
түріСеминар
Облыстық семинар

Тақырыбы: «Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі.»

Мақсаты:Қазақ тiлi мен әдебиет пен мұғалiмдердiң педагогикалық технологияны қолдануы, кәсiптiк бiлiктiлiктiң дамуы және жетiлдiруi.
Бағдарламада:



Шаралар

Уақыты

Өтетін жері

Сынып

Жауапты

1

Қонақтарды тіркеу

9.30

13




Ахметова Ә.А.

2


Қазақ әдебиеті

«Жыл басына таласқан хайуандар.»

9.45- 10.30

21

5 сынып

Әміртаева Г.Қ.






Қазақ тілі

«Менiң қалам»




11

9 сынып

Байжанова О.И.

Қазақ тiлi қосымша сағат

«Қазақстан»

15

6 сынып

Бөпеғали Б.М.
















































































3

Қазақ әдебиеті

«Абай Құнанбайұлының өмірі.»

10.40 – 11.25.

21

7 сынып

Сейтхан Ә.С






Қазақ тiлi қосымша сағат

«Бiздiң Отанымыз.»




25

5 сынып

Бекбергенова С.Ж.




Қазақ тілі

«Астана»




18

6 сынып

Ботанбекова О.Ж.






































4

1.«Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі.» баяндамасы

2.ҰБТ-ға дайындық

11.30

11

11






Әміртаева Г.Қ.

Байжанова О.И., Бекбергенова С.Ж.

5

Рефлексия














ББ әдіскері Г.Уразбаева
«МАБ және ҰБТ-ге дайындық»

Тіл адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу-адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.

Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларының негізгі талабы-мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».

Орыс тілі мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты-оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тілінің тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.

Қазіргі заманда, мемлекеттік тілге деген талап өсті. 9 сынып оқушылары МАБ тапсырады. Осы МАБ-да жоғарғы көрсеткіштер алу үшін, оқушылардың білім деңгейін көрсету үшін сабақта тиімді әдістер қолдану керек. Сабақ барысында көрнекіліктер дұрыс қолданылса, оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білім де берік болады. Сондықтанда оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.

«Технология» гректің «tecһe» -өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.

Оқыту технологиясы мен әдістеме бір- бірімен тығыз байланысты.

Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенін шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әртүрлі әдістері арқылы анықталады.

Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады.

Мысалы: қалыптасқан әдістер:

а) сұрақ-жауап;

б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;

в) аударма;

г) сөйлем және сөздерді толықтыру;

д) мәтін бойынша әңгімелесу;

е) тест сауалдарымен жұмыс;

ж) мақал-мәтелдер жарысы;

з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.
Жаңаша жаңғыртып оқыту әдісі

а) пікірсайыс (дебат) әдісі

б) коммуникативтік әдісі

в) драматизация әдісі

г) іскерлік әдіс

д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі

е) жобалу сабақ оқыту әдісі

оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді. Себебі, МАБ-ы кезінде жоғары көрсеткіштер беру үшін, әрі оқушыларды жақсы дайындау үшін бұл әдістің пайдасы зор. Сонымен қатар өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту үшін де тиімді. Жоғарыда айтылғандай әр технология мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, өндеп, оны өз ісінде тиімді қолдана білуін айрықша талп етеді.

ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.

Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық –оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.


ҰБТ-ге дайндауға әдістемелік ұсыныстар

ҰБТ-ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комлекстік дайындық бағдарламасын құру керек. Ол үшін мынадай бағдарламаны ұсынамыз:

1. Психологиялық

2. Ұймдастырушылық

3. Технологиялық

4. Ақпараттық

Психологиялық дайндауда- оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер көп уақытты талап етеді, сондықтан қазірден бастап жұмыс жасау керек. 11 сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен семинар өткізу ( яғни ҰБТ- ті ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру)

Ұйымдастырушылық дайындауда- ҰБТ-ке байланысты бұрыш ұйымдастыру( ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестін қорытындысы)

Мамандық тандауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту.

Технологиялық дайындауда- оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау.

-педагогтардың ЖБИ курстарына қатысуы

- тест жасау теориясын меңгеру

- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану

- оқушылардың тестен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын қалыптастырмау.

Ақпараттық дайындауда- мұғалімдерді үнемі ғылыми-әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен таныстыру .

«Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды», дегенді ескере отырып, мұғалімдер тест технологиясын оқу жүйесіне енгізулері керек.

Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру.осындай тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ-ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы уқытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психо-техникалық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады.

Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырыптар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын- ала өткізу, бірақ ҰБТ- тапсыру кезіндегідей оқушылардың бойында қобалжу болмау керек.

Оқу процесінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, текҰБТ-ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.

Әмiртаева Г. Қ – қазақ тiлi мұғалiмi
«Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі.»


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру,қарқынды ғылыми-зерттеу қызметiмен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту,жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажетiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей,қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе:әлуеметтiк-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгузiдiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Яғни,қазiргi заман педагогтерiнiң негiзгi мақсаты-оқушылардың алатын бiлiмiн сапалы ету,оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негiз қалау.Осыған орай,соңғы кезде оқытудың әр түрлi педагогикалық технологиялары жасалып,мектеп өмiрiне енгiзiлiп жатыр.”Педагогикалық технология” терминiн 1960 жылдарда шетел зерттеушiлерi енгiзген.”Оқыту технологиясы”ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына енгiзгенА.Макаренко,қазiр бұл ұғым оқу-тәрбие үрдiсiнде кенiнен қолданып жүр.Ал “педагогикалықтехнология”ұғымына алғаш рет жүйелi зерттеу

жүргiзген Т.Ильина болды.

Педагогика ғылымында “педагогикалық технология”ұғымына бiржақты анықтама берiле қойған жоқ.Поляк педагогi Ф.Янушкевич оқыту технологиясының мәнiн ашқанда,төмендегiдей анықтама берген:”Оқыту технологиясы”деп ғылыми ұстанымдар жүйесiнде қолданыс табатын бағдарламаланған оқыту үрдiсiн айтады және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжiрибесiнде қолданылады,көбiне оқытылатын пәнге емес,оқушыларға бағытталады,оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiн сынақтан өткiзуге, эмпирикалық талдау жасауға және оқытуда аудиовизаль құралдарды кеңiнен қолдануды талап етедi,оқыту теориясын оның тәжiрибесiмен өзара бiрлiкте қарастырады.”

“Педагогикалық технология дегенiмiз-тәжiрибеде жүзеге асырылатын белгiлi бiр педагогикалық жүйенiң жобасы,ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдiс-тәсiлдер оның құрамды бөлiгi ғана”деп В.Беспалько атап көрсетсе,И.Талызинаның пiкiрi бойынша,педагогикалық технологияның басты мақсаты-iс жүзiнде дидактикалық мақсатқа жету үшiн қолданылатын ең тиiмдi әдiстердi анықтау.Педагогикалық технология оқыту үрдiсiн ғылыми негiзделген талаптар жүйесi болып табылады.

Педагогикалық технология-мұғалiмнiң кәсiби қызметiн жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкiндiк беретiн iс-әрекеттер жиынтығы және басты мiндетi мыналар:

-оқушының бiлiм алу,даму,басқа да iс-әрекеттерiн мақсатты түрде ұйымдастыра бiлу.

-бiлiмi мен бiлiгiне сай келетiн бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

-өз бетiнше жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыру.

-аналитикалықойлау қабылетiн дамыту.

Педагогикалық технологиялардың басты мiндетi оқушының оқу-танымдық әрекетiн жандандыра отырып алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса,педагогикалық технология кәсiптiк қызметiң ерекше түрi болып есептеледi.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалiмнен орасан зор iскерлiк пен шығармашылыққа негiзделген iзденiстердi қажет етедi.Осындай мақсат көздеген жүйелi iзденiстер мұғалiмнiң жаңа технологияны меңгерiн,инновациялық жетiлуiне әкеледi.

Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс iстеу үшiнтөмендегiдей алғышарттар қажет:

-оқу үрдiсiн интенсивтендiрудi жаппай қолға алу.

-оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешендi түрде қарастыру.

-оның ғылыми-әдiстемелiк,оқыту-әдiстемелiк,ұйымдастырушылық себептерiне үнемi талдау жасап,назарда ұстау.

-жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп бiлу.

-пәндiк бiлiм стандартымен жете танысу.

-бiлiмдi деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға бiлiмдi мемлекеттiк стандарт деңгейiнде игертуге қол жеткiзу.

-оқу үрдiсiн iзгелендiру мен демократияландыруды үнемi басшылыққа алу.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негiзгi қағидалары мына төмендегiдей:

-балаға iзгiлiк тұрғысынан қарау.

-оқыту мен тәрбиенiң бiрлiгi.

-баланың танымдық күшiн қалыптастыру және дамыту.

-баланың өз бетiмен әрекеттену әдiстерiн мiңгерту.

-баланың танымдылық және шығармашылық икемдiлiгiн дамыту.

-әр оқушыны оның қабiлетi мен мүмкiндiк деңгейiне орай оқыту.

-барлық оқушылардың дамуы үшiн жүйелi жұмыс iстеу.

-оқу үрдiсiн оқушының сезiнуi.

Жаңа технологияны қолдану төмендегiдей алғы шарттар арқылы iске асады:

1 кезең-оқып-үйрену.

2 кезең-меңгеру.

3 кезең-өмiрге ендiру.

4 кезең-дамыту.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту мiндеттерi жаңаша сипат алады.Олар мыналар:

-педагогикалық қызметтiң өзектi мәселелерiн бiлу.

-оқу бағдарламасының түрлендiрiлген нұсқауларын қарастыру.

-оқу модулiн құрастыру.

-оқу жобаларының мазмұнын анықтау,әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру.

-оқушылардың жаңа материалды меңгеруi бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесiн жасау.

-оқу әрекетiнiң бағалау көрсеткiштерiн анықтау.

Оқыту технологиясын жетiлдiрудiң психологиялық-педагогикалық бағыттағы негiзгi ой-тұжырымдары төмендегiше сипатталады:

-есте сақтауға негiзделген оқып бiлiм алудан бұрынғы меңгергендердi пайдалана отырып ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу.

-бiлiмнiң статистикалық үлгiсiнен ақыл-ой әрекетiнiң динамикалық құрылым жүйесiне көшу.

-оқушыға орташа деңгейде бiлiм беретiн бағдарламадан жекелеп,саралап оқыту бағдарламасына өту.

Жаңа технологияның тағы бiр психологиялық негiзi болып табылатын теория-Л.Выготскийдiң “оқыту үрдiсiнде оқушының ақыл-ойының дамуы” “актуальды даму” аймағынан “жақын арадағы даму” аймағына ауысу туралы теориясы.Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1 деңгейден өнiмдi iс-әрекеттi қажет ететiн келесi деңгейлерге ауысу негiзiндегi iс-әрекет арқылы жүзеге асады.В.Беспалько бұл деңгейлердi төртке бөледi:

1-деңгей-“мiндеттi,оқушылық”,

2-“алгоритiмдiк”,

3-“эвристикалық”,

4-“шығармашылық”.

Болашақ мұғалiмнiң педагогикалық технологияны меңгеру үрдiсiн қарастырсақ,ол 4-кезеңнен тұрады.

1-кезеңде болашақ педагогтер өз бетiнше сабақ жоспарын құруды үйренедi:

-сабақтың технологиялық картасын құру.

-оқушы мен мұғалiмдер әрекетiн бөлiп көрсету.

2-кезеңде өзiнiң жеке авторлық сабақ жоспарын-сабақтың технологиялық бағдарламасын жасайды:

-сабақтың мақсат-мiндеттерiн,формасын,таңдалған әдiс-тәсiлдерiн,алынған технологияны ғылыми тұрғыда негiздеу.

3-кезең.Микросабақ беру (студенттiк дәрiсханада сабақ өту).

4-кезең.Микросабақты талдау,педагогикалық технологияға қажеттi түзетулердi енгiзу.Микросабақ барысында мұғалiмнiң iс-әрекетiне талдау жасау,болашақ мұғалiмнiң кәсiби бiлiктiлiк дәрежесiне баға беру.

Осыған орай,педагогикалық қызметке ынтасы жоғары,бiлiм беру саласындағы үнемi жаңарып отыратын өзгерiске икемдi,жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдiсiнде қолдана алатын болашақ мұғалiмдердi даярлау-оларды кәсiби дайындаудың ең көкейтестi аспектiсiнiң бiрi және педагогтiң жеке тұлғасын қалыптастыру үрдiсiндегi iс-әрекеттiң нәтижесi болып табылады.

Сонымен,педагогикалық технологияны тек қана техникалық оқу құралдарын дамыту немесе компьютерлнедiру емес,жоғары нәтижелерге бағытталған бiртұтас өзара байланысты әдiстер,тәсiлдер,мазмұнның жиынтығы деп қарастыруға болады.Бiлiм беру саласының қызметкерлерiне қойылатын мiндеттердiң бiрi-оқутыдың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жетiлдiрiп отыру,өазiргi заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Қазiргi кезеңде егемен елiмiзде бiлiм берудiң жаңа жүйесi жасалып,әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде бағыт алуда.Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдiсiндегi елеулi өзгерiстерге байланысты болып отыр.Себебi бiлiм беру парадигмасы өзгердi,бiлiм берудiң мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мұғалiмдердiң алдына қойылып отырған басты мiндеттердiң бiрi-оқытудың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.Бұл жөнiнде Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы” Заңының 8-бабында “Бiлiм беру жүйесiнiң басым мiндеттерiнiң бiрi-оқытудың жаңа технологияларын енгiзу,бiлiм берудi ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу”деп атап көрсетiлген.

Педагогикалық технология-мұғалiмнiң кәсiби қызметiн жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкiндiк беретiн iс-әрекеттер жиынтығы.Педагогикалық технологиядағы басты мiндет –оқушының оқу-танымдық әрекетiн жандандыра отырып,алға қойған мақсатқа толықтай жету.Ал бұдан педагогикалық технологияның тиiмдiлiгi шығады.

Жаңа педагогикалық жүйе жобасында оұытудың мазмұны,әдiсi және түрi оқушының өзiндiк танымдық iс-әрекет ерекшелiгiн есепке алып анықтауды қажет етедi.Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағдайындағы әдiстемелiк жүйеге толықтай қойылатын жаңа талаптар анықталып отыр.

1.Әдiстемелiк жүйенi жетiлдiрудiң қажеттiлiгi:

-оқытудың жаңа әдiстерiн дұрыс таңдау.

-оқытуды ұйымдастырудың формасын дәл анықтау.

2.Оқу мотивациясы мен белсендiлiгiн қалыптастыру:

-оқушылардың танымдық қызығуын тудыра алу.

-оқушылардың iзденымпаздығын,шығармашылығын қалыптастыру.

3.Оқу iс-әрекетiн басқару үрдiсiн жетiлдiру:

-оқушының өзiн-өзi басқаруы.

-оқушының өз әрекетiне өзiндiк баға беруi.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттық мәләметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкiндiгiн қалыптастырып,адамның қабiлетiн,талантын дамыту мектептiң басты

мiндетi болып отыр.Ол бүгiнгi бiлiм кеңiстiгiндегi ауадай қажет жаңару мұғалiмнiң қажымас iзденымпаздығы мен шығармашылығының жемiсiмен келмек.Сондықтан да әрбiр оқушының қабiлетiне қарай бiлiм берудi, оны дербестiкке,iзденымпаздығы мен шығармашылығыққа тәрбиелеудi жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.Өйткенi мемлекттiк бiлiм стандарты деңгейiнде оқу үрдiсiн ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендiрудi мiндеттейдi.


ҰБТ - ға дайындық

Байжанова О.И, Бекбергенова С.Ж. – қазақ тiлi мұғалiмдерi


1.Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының басты көрсеткіші. ( кіріспе)

Ұлттық Бірыңғай Тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандық тан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.

Бiлiм берудi дамыту Тұжырыдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.

Бағдарлама- мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгер – оқушының, меңгерту- мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оұушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.

2. № 11 ОМ –гі ҰБТ- ға дайындық сызбасы.

Директордың ғылыми –


әдiстемелiк жұмысы жөнiнде орынбасары

Директордың ҮБТ – ға дайындық бойынша орынбасары

(техникалық хатшы)





Әдiстемелiк кеңес

1.Оқушыларды ҰБТ-ға жеке және топтық дайындығының бағдарламасын жасау және бекiту.

2.Оқушылардың тестiк қорытындысының мониторингi.

3.Оқушылар, мұғалiмдер, ата-аналарға арналған кеңестер.

4.Мұғалiмдердi тестiлеу.

1.ҰБТ-ға дайындық құжаттарын жүйелеу.

2.Әкiмшiлiк тестiлеу мен ағымдағы бақылау ұйымдастыру.

3.ҰБТ бойынша оқыту семинарын ұйымдастыру және өткiзу.

4.Тест материалдарын дайындау.

5.Ата-аналармен жұмыс

КЛАСС ЖЕТЕКШI


а) ата-аналармен жұмыс

б) психологпен жұмыс

в) оқушымен жеке жұмыс

ПӘН МҰҒАЛIМI


ОҚУШЫ

ТЕСТ ОРТАЛЫҒЫ

3.Психологиялық іс - шаралары

Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:



  • психологиялыұ және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету.

  • Проблемасы бар балаларды жан- жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу.

  • Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру.

4. Салыстырмалы талдау ( 10 – 11 сынып)

5.Диагностика


Мұғалім: Бөпеғали Б.М.

Сынып: 6а
Тақырып: Алтын бесігім

Сабақтың түрі: сабақ-ойын

Мақсат:

Білімділік: Өткен тақырыптарын, алған блімдерін қайталау, жалпы шолу, қорытындылау.

Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, алған білімдерін жүйелі түрде қолдануға баулу.

Тәрбиелік: Отанымыздың құдіретін бағалап, сүю, мақтан ету, достыққа, бір-бірімен жұмыс орындауға баулу.

Жабдықтар: Тақта, интерактивтік тақта, компьютер, төрт топқа арналған үстелдер, дәптердің беттері, қаламдар.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Ойынды бастау

а) сыныпты төрт топқа бөлу

ә) ойынның тәртібін түсіндіру.
Бір топ тақырыптың бір бөлімін таңдап алады, әр топ сол бөлімнің бір сұрағын таңдап алады, жауап беруге дайындалады, сұраққа жауап береді.
3.Сабақтың қорытындысын жасау, бағалау.

4.Үйге тапсырма: «Астана» - мәтінді мазмұндау.

1а Қазақстан рәміздері қашан қабылданды?

1.Қазақстан жалауының авторлары кім? ҚР-сының жалауында не бейнеленген?

2.Қазақстан елтаңбасының авторлары кім? ҚР-сының елтаңбасында не бейнеленген?

3.Қазақстан әнұранының авторлары кім? Әнұранның шумағын айтып беріңдер.

4.Қазақ тілі туралы не айтып бересіңдер.

Әр топ үш минуттың ішінде «Қазақстанда сондай қала бар» - деген тақырыпта әңгіме құрып береді


1.Қостанай облысының әкімшілік орталығы қандай қала?

2.Қостанайда қандай көрнекті орындар бар?

3.Қостанай облысының белгілі перзенттерін атаңдар?

4.Қостанай облысында не өндіріледі?

5.Қостанай қаласы қай көшеден басталған?

6.Қостанайдың бұрынғы аты қалай?

8.Қостанай тұрған орны туралы әңгімелеңдер.
1.Қазақстанда неше аймақ бар? Олар қандай?

2.Қазақстанда аймақтардың әкімшілік қалалары қандай?

3.Қазақстандағы облыстардың әкімшілік қалаларын атаңдар.

4.Қазақстанның аймақтарының қазбалары қандай?

Қазақстан Туған жерім -

Мемлекеттік Қостанай

нышандары

Астана – бас қала Қазақстан аймақтар



Әмiртаева Г.Қ.,

Қазақ тiлi және әдебиет мұғалiм.
Қазақ әдебиетi. 5.А.сынып

Тақырыбы:Жыл басына таласқан хайуандар.

Мақсаты:1.Жануарлардың дауын түсiну,мәнiн бiлу.

2.Осы жануарлардың дауы бiздiң

өмiрiмiзге қандай мән бердi.Өз ойларын

жеткiзе бiлу.

3.Жануарларды қорғау,күту.

Сабақтың түрi:Шығармашылық топтық жұмыс.


Көрнекiлiгi: Сиқырлы театр.
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлеметсiз бе!

-отырыңыздар.

-Бүгiнгi,сабағымыз ерекше!Бүгiнгi сабағымыздың мақсаты:жануарлардың дауын түсiну,осы дау бiздiң өмiрiмiзде қандай мән алды.сонымен қатар өз ойларынды жеткiзе бiлу.Жануарларға сипаттама беру.

2.Үй-тапсырмасын ойын түрiнде тексерейiк:

Кубизм ойыны.Кибиктi лақтырамыз,қандай тапсырма түстi,қандай тақырыпқа байланысты тапсырмасын орындау керек. (мысалы:3-сиыр туралы өлең айтып беру.)

3.Жұмбақ шешемiз.

4.Сиқырлы театрдың ашылуы.

Тақтада мақал болады:

“Түйе бойына сенiп жылдан құр қалыпты.”

Жыл басына таласқан жан-жануарлар жайында қызықты ертегiсiн тамашалайық!
Көрiнiс.

Осылайша он екi жыл аталады.Мүшел жастардың адамның өсу,толысу,ақыл тоқтату мерзiмдерiне сәйкес келуiнде үлкен сыр жатыр.Ертеректе бiздiң ата-бабаларымыз балаларының,өздерiнiң туған жылдарын,жас мөлшерiн осылай анықтап,болжалап отырған.Бұл жыл санау дәстүрi қазiр де құнын жойған жоқ.

Мүшел жастар:

1-13.жас.-сәбилiк шақ мүшел.

2-25.жас.-ер жету мүшел.

3-37.жас.-жiгiттiк мүшел.

4-49.жас.-орта жас мүшел.

5-61.жас.-ақсақалдық мүшел.

6-73.жас.-қарттық мұшел.

7-85.жас.-кәрiлiк мүшел.

8-97.жас.-қалжырау мүшел.
5.Жануарларға сипаттама беремiз.

6.Мақал-мәтел айтамыз.

7.Сабақтың соңғы кезенi.

А)Бекiту сәтi:пiкiр алысу.

Ә)Үй тапсырмасын беру:қайталау.

Б) Баға қорыту.


Оқушыларға алғыс айтамын.

Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!



6 сынып

Ботанбекова О.Ж.,

Қазақ тiлi пәнiнiң мұғалiмi

Тақырып: Астана

Мақсаты: 1) астана туралы сұрақтардың мәнiн түсiнiп дұрыс жауап беру;

  1. сауатты сөйлеу, жазу бiлу;

  2. патриоттық, сүйiспеншiлiк тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңi

II. Астана қаласы.

Сөздiк: астана, Қазақстан, қала, Республика, экономика, аймақ, сарай, транспорт, мемлекет, мұражай, көп ұлтты.

Мәтiнмен танысу



Қазақстанның астанасы – Астана. Астана қаласы Есiл өзенiнiң жағасында орналасқан. 1998 жылдан бастап бұл қала Астана деп аталады. Астана Қазақстанның солтүстiк аймағында орналасқан. Мұнда жүзден астам ұлт өкiлдерi тату өмiр сүрiп жатыр. Астанада сауда орталықтары, салтанат сарайлары, мұражайлар, демалыс орындары көп. Қалада 40 шақты орта мектептер, институттар, университеттер, iрi кiтапханалар, қазақ және орыс драма театрлары, мәдениет сарайлары жұмыс iстейдi. Қазiр Астана қаласы күннен – күнге көркейiп келедi.



Бос орынға керек сөздердi жазыңыз.

Астана қаласы өзенiнiң жағасында орналасқан. Қазiр қаласы күннен –күнге көркейiп келедi. 1998 жылдың 6 мамырынан бастап бұл Астана деп аталады. Астана Қазақстанның

аймағында орналасқан.
Сөздiк диктант. Тыңдаңыз. Жазыңыз.

Астана, көрiктi, орталық, тыныштық, тарих, жаға, татулық, ұлт, қала, мұражай.


Мәтiн бойынша тапсырмалар


1.Сұрақтарға жауап жазыңыз

Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Астана қаласы қай өзеннiң жағасында орналасқан?

Қай жылы Ақмола қаласы Астана деп аталды?

Қазақстан қандай мемелекет?

Қазақстанда неше ұлт өкiлдерi тату өмiр сүрiп жатыр?

Қалада кандай орындары бар?

Астана Қазақстанның кай аймағында орналасқан?


2.Сөйлемдердiң дұрыс немесе бұрыс екенiн тандаңыз.

Алматы қаласы –Қазақстан Республикасының астанасы.

Дұрыс бұрыс

Астана қаласы Есiл өзенiнiң жағасында орналасқан жоқ.

Дұрыс бұрыс

Кең көшелер, зәулiм үйлер, әдемi ғимараттар қаланың сұлулығын арттыра түседi.

Дұрыс бұрыс

Қазақстан –көп ұлтты мемлекет.

Дұрыс бұрыс

Қазақстан тұратын барлық халықтар татулық пен тыныштықты тiлейдi

Дұрыс бұрыс

3.Берiлген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңыз.

Бар, қазақ халқының, бай тарихы.

Жағасында, орналасқан, Астана қаласы, Есiл өзенiнiң.

Жүздем астам, Республикада, бар, әр түрлi, ұлттар мен ұлыстар.



Нәтиженi тексеру


Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

А Алматы Ә Семей Б Астана В Ақтөбе


Астана қаласы қай өзеннiң жағасында орналасқан?

А Ертiс Ә Есiл Б Iле В Сырдария


Қай жылдан бастап Астана деп аталады?

А 1989 Ә 1998 Б 1991 В 1992


Неше ұлт өкiлдерi тату өмiр сүрiп жатыр?

А үш жүзден астам Ә екi жүзден астам

Б жүзден астам В бес жүзден астам
Мен Астанаға жиi,,,

А барасың Ә барамыз Б барамын В барды


Қай септiкте тұрғанын анықтаңдар

Қонаққа, үйiме, баласына

А табыс Ә барыс Б жатыс В шығыс
Достық сөзiне синоним табыңыз

А бiрлiк Ә жолдастық Б әдеп В сенiмдiлiк


III Қорытынды

IV Бағалау

VI Үйге тапсырма

5 - сынып

Қазақ тілі (қосымша сағат)

Бекбергенова С.Ж.

Қазақ тiлi пәнiнiң мұғалiмi.

Тақырып: Біздің Отанымыз

Сабақтың мақсаты:


Бiлiмдiлiк: Жалпы Қазақстан туралы мағлұмат беру, деңгейлiк тапсырмалар арқылы бiлiмдерiн бағалау.

Дамытушылық: Тіл дамыту,сөздiк қорын байыту, өз ойларын еркiн жеткiзе бiлуге қалыптастыру.

Тәрбиелiк: Отанды сүюге баулу, туған жердi аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекiлiктер: тiрек – сызбалар, тест карточкалар, интерактивтік тақта.

Сабақтың түрi: қорытынды сабақ

Қолданылатын әдiс – тәсiлдер: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, мәтiнмен жұмыс, тестпен жұмыс, әңгiмелеу.

Пәнәрлық байланыс: тарих, жаратылыстану, әдебиет.

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. Практикалық бөлімі

Лексикалық минут: (4 мин)

1 – Бiздiң сүйiктi Отанымыз, қасиеттi мекенiмiз қалай аталады?

Бiздiң Отанымыз Қазақстан аталады.

2. – Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Қазақстан Республикасы тәуелсiз, егемендi мемлекет.

3. – Қазақстанның тәуелсiздiгi қай жылы жарияланды?

Қазақстан тәуелсiздiгi 1991(бiр мың тоғыз жүз тоқсан бiрiншi ) жылы жарияланды.

4.- Тәуелсiздiк не әкелдi?

Тәуелсiздiк республика халықтарына еркiндiк әкелдi.

5. – Қазақстанның президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев қай жылы сайланды?

Тұңғыш президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев 1991 (бiр мың тоғыз жүз тоқсан бiрiншi) жылы сайланды.
Өлең “Отан”
Үй тапсырмасын тексеру: (5 мин)


  1. мәтінді мәнерлеп оқу , аудару (Тест арқылы тексеру)

-Сабақтың мақсатымен таныстыру (6 минут)

-Мұғалімнің кіріспе сөзі

-“Отан” деген сөзге ой шақыру:

-“Отан” деген сөзді естігенде не туралы ойлайсыңдар?

-Бір сөзбен айтканда Отан деген не?


біздің қала біздің мемлекет біздің үй


Отан

Біздің ата- ана біздің отбасы



  1. “Отан” деген сөзбен сөйлем құрастырамыз.

М: Менің Отаным Қазақстан.

Мен Отанымды жақсы көремін.

Т.б


  1. Отан туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?

1.Жері байдың елі бай

2. Отанды сүю отбасынан басталады

3. Ел елдің бәрі – жақсы,

4.Өз елің бәрінен - жақсы.

5. Туған жердің қадірін,

шетте жүрсең білерсің.

Т.б


  1. Шығармашылық жұмыс.

  1. Деңгейлік тапсырмалар өткізу (10 мин)

      1. деңгей: Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырамыз

      2. деңгей: Сөздерге “жер”,Отан” фонетика талдау жасау.

      3. Деңгей: Көп нүктенің орнына тиісті әріптер қойыңдар.

Сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
Б..зд..ң Отанымыз – Қаза..стан. Республикамыз ..лкен. Таби..аты тамаша. Мұнда дала, орман, тау, ..зен, көл, ш..лдi аймақтар бар. Солтүстiктен О..түстiкке қарай 1700 ша..ырым.Қазақстанда к..мiр, м..най, тем..р, мол. Қаза..станда 14 обл..с бар.
Сергіту сәті (1 мин)

2. Оқушылар мәтін бойынша тірек – сызбалар жасап, қорғайды.

    1. топ: Қазақстанның жер көлемі туралы тірек –сызбаны жасап, қогғау

    2. топ: Қазақстан қазба байлыктарын туралы тірек – сызбаны жасап, қорғау.

    3. топ: Қазақстанның қалалары туралы тірек – сызбаны жасап, қорғау.


Қорытынды.

1. Кластер арқылы сабақты қорытамыз.
Орта Азияда

орналасқан

Астана Қазақстан тәуелсіз, егеменді

Қазақ тілі бай мемлекет



  1. Рефлексия:

Бүгінгі сабақта біз не туралы сйлестік?

Сабақ пайдалы болды ма?

Сабақта сендерге ең ұнағаны не?

Өзіңе пайдалы мәлімет алдың ба?

Мұғалім: Байжанова О.И.

Сынып: 9 сынып

Күні: 20.12.07

Сабақтың тақырыбы: Менің қалам

Сабақтың мақсаттары:

1. Білу:

Қостанай қаласының тарихын, көрнекті орындарын білу.

2.Үйрену:

Қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрену, сөйлемдерді күнделікті өмірде қажеттілігін, тілді көркемдеуіне көмектесетінін түсіну,

жалпы тілдік дайындық деңгейіне қарай берілген творчестволық тапсырмаларын даралай бере отырып, әр оқушының материалды меңгеруге ынтасын арттыру

3.Жаңа қалаға өз сүйіспеншілігін білдіру

Көрнекілігі: интеарактивтік тақта

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Бейнесюжет (Қостанай қаласының ең көрнекті жерлері)

3. Сабақтың мақсаттарын айту.

4.Оқушылармен сұхбаттасу.Сұрақтар

Қостанай қай жылы салынған?

Қазір қала қандай қала болып саналады?

Қөшелер кімнің есімімен аталған?

Қалада екі діні ғимараты бар. Олар қандай?

Бос уақытта қаланың тұрғындары қай жерге баруды жақсы көреді?

Жоғары оқу орындарын білесіңдер ме? Олар қандай?

5.Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару

Наша школа находится на улице Введенская .

Костанай считается одним из видных городов Казахстана.

Численность населения превышает 221 тысяча.

В городе имеются микрорайоны.

Областной акимат находится на проспекте Аль- Фараби.

Перед акиматом находится городской парк отдыха.

Жители города хорошо знают Сити центр.

6. Мәтінмен жұмыс жасау.

Қаламызда жүзеге асырылған……. істер сан алуан.

Солардың бірі ірі ……….. өнеркәсіп орындарының салынуы.

Мысалы, тоңазытқышы бар ірі ……….. комбинаты, ….. заводы, темір бетон ……, шина ….. заводы- бәрі де соңғы жылдары пайда болған.

Сонан соң тәтті ... және « » тігін фабрикасы, арнаулы жол машиналарын және ........... техникасын жөндейтін завод салынды.

Қостанай мәдениет - ......Онда жалпы .... беретін сәулетті мектептер, медицина колледжі, ........... колледж, ............ университет, ........... институты, ......... драма театры, .......мұражайы бар.

7.Жағдаяттар бойынша жұмыс жасау.

Тапсырма : берілген жағдяттармен сұхбат құрастыру.

Мен адасып қалыппын.

Кездесу.

Қостанай қаласында бірінші рет.

8. Творчестволық тапсырма. Жобалаларды қорғау.(Үй жүмысы.)

9.Сабақтың қорытындысын жасау.

10. Үй жұмысын беру.

11. Бағалау.



7 сынып

Сейтхан Ә.С.,


Қазақ тiлi және әдебиет пәнiнiң мүғалiмi

Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлының өмiрi.

Сабақтың мақсаты:



1.Бiлiмдiлiк.

Ұлы ақын Абайдың өмiрi мен шығармашылығы

бойынша өткен тақырыптарды бекiту,

Қорытындылау.


2.Дамытушылық.

Ақын шығармаларының кез келгенiн талдай

бiлу дағдысын одан әрi қалыптастыру ,

оқушының сөйлеу тiлiн дамыту



3.Танымдық.

Өз бетiмен iздене бiлуге, ой қорытуға

дағдыландыру.

Сабақ әдiсi- аралас,ойландыру,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрi- қайталау.

Сабақ көрнекiлiгi-ақын портретi, кiтапхана портретi, жайлау портретi, буклет, карточкалар.

Техникалық құрал-бейнекөрiнiс.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезенi.


  • Сәлеметсiздерме, оқушылар!

  • Отырыңыздар!

  • Абай атамыз туралы үйде өткен тақырыптарды қайталап келу берiлген едi.

Жаңа сабақ.

Бүгiнгi сабақта Абай Құнанбайұлы туралы өткен тақырып бойынша қорытындылау.

Бүгiнгi сабақтың мақсаты:

1.Ұлы ақын Абайдың өмiрi мен шығармашылығы бойынша өткен тақырыптарды бекiту, қорытындылау.

2. Ақын шығармаларының кез келгенiң талдай бiлу дағдысын одан әрi қалыптастыру , оқушының сөйлеу тiлiн дамыту.

3. Өз бетiмен iздене бiлуге, ой қорытуға дағдыландыру.



  • Оқушылар, бүгiн 3 топқа бөлiнiп отырсындар

  • 1-шi топ- Жаз.

  • 2-шi топ-Күз.

  • 3-шi топ-Қыс.

Бейне сюжет бойынша өткен тақырыпты естерiмiзге түсiрейiк. Сабақ ойын түрде өтедi.

1-шi тапсырма: карточкамен жұмыс.

Әр топқа 2 карточкадан берiледi.

1.Абай кiм , ол қай жерде тұрды, қайда оқыған.

2.Неше қара сөзi бар,нешiншi жылдары жазылған ?

3.Абай алғашқы өлендерiн қай ақынның атынан жариялап отырған.(Көкбай Жанатаев)

4.Абай ескерткiшi алғаш рет қай қалада қойылды(Алматы)

5.Абайдың ең алғаш аударма өленi қалай аталады және оны қай ақынның өлеңiнен аударған(Бородино .Ю.Лермонтовтен)

6.Абай кiмдермен дос болды?



2-шi тапсырма.

1.Абайдың қандай тақырыпқа арналған өлендерiн бiлесiндер? Кiм қандай жатқа өлең бiледi?



3-шi тапсырма:Сызба бойынша оқушылар дұрыс жауаптарын таба бiлу керек.

-қандай бес нәрседен аулақ жүру керек.

Бес нәрседен қашық бол.

-өсек,өтiрiк,мақтаншақ,бекер малқ шашпақ,ерiншек

-қандай бес нәрсеге асық болу керек?

Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым.



4-шi тапсырма.

Ендi балалар кiтаптiң 38-шi бетiн ашындар, 12-шi тапсырма.

Абай шығармаларында осындай сөздер кездеседi, Сол сөздердiң антонимдерiн табу керек. Оқушылар дәптерлерiне жазады , 3 оқушы кезекпен тақтаға шығады.

Өсу…..,алды…..,дос…,артық…,тыныштық….,дұшпан…,кедейлiк…,



5-шi тапсырма: Оқушылар,қалай ойлайсындар, неге сендердiң топтарын солай аталған?

Қыс.

Қыс тобы-кыс өлеңiнен кейiптеудi табу:

Ақ киiмдi ,деңелi,ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тiрi жанды

Үстi басы ақ қырау ,түсi суық,

Басқан жерi сықырлап келiп қалды.

Күз тобына, жаз тобына – қандай лирикаға жатады? Неге?

Күз.

Сұр бұлт түсi суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жердi басқан

Бiлмеймiн тойғаныма ,таңғаныма ,

Жылқы ойнап ,бие қашқан ,той жарасқан

-Ттабиғат лирикасы өткенi ақынның iшкi жан дүниесi бейнеленiп тұр.



Жазғытұрым.

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпыра жердiң жүзi

Жан-жануарлар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжiрер күннiң көзi.

Қорытынды: Сызба арқылы қорытынды жасау.

Оқушылар тақтаға шығып сызбаны толтырады.

Абай кiм деп танисындар?


Абай


Болашақта сен Абайдан қандай үлгi алар едiң?

Үй тапсырмасы : Абайдың өлендерiн, қара сөздерiн қайталап келу.

Бағалау.Сабақта көрсеткен бiлiмдерiне байланысты баға қойылады.



-Осымен сабақ аяқталды. Сау болындар. Кездескенше күн жақсы болсын.

Семинар бойынша ұсыныстар:

1 Ақпараттық дайындауда мұғалімдерді үнемі ғылыми - әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен таныстыру;

2. Педагогикалық технологиядағы басты мiндет –оқушының оқу-танымдық әрекетiн жандандыра отырып,алға қойған мақсатқа толықтай жеткізу;

3.Педагогикалық технологиядағы басты мiндет –оқушының оқу-танымдық әрекетiн жандандыра отырып,алға қойған мақсатқа толықтай жету.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет