Жаңа сабақты ашу: (5 минут) Мұғалім сөзі: Патша үкметі христиан дінін тықпалаумен қатар, ислам дінін әлсірету саясатында ұстанды. Себебі олар ислам діні христиан дінін кеңінен тарату жолындағы басты кедергі деп санады
Патша үкметінің ислам дініне қатысты саясаты
Қазақтарға Шығыс елдерімен Туркияға оқуға тиым салды
Дінге қатысты мәселелер Ішкі істер министрінің қарауына берілді
Бір болыста бір молда ғана ұстануға рұқсат етілді
Молдалар Ресей империясына шын берілген қазақ болуы тиіс делінді
Мешіт салу үшін гинерал-губернаторының рұқсатын алу қажет болды
Жергілікті тұрғындардың сауатын ашып, оқытуы үшін уезд бастығының рұқсаты керек болды
Осыдан бастап Дәстүрлі қазақ қоғамында құндылықтары өзгерді
Патша үкметінің отаршылдық езгінің күшеюі, халықтың қатты күйзелуі түсында өмір сүрген ұлт қайраткерлері зар заман ақындары ретінде танылды
Зар заман ақындарының өлең-жырларында Ресей империясының отаршылдық озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді
XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына - Даулет Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы шықты. Бұлар зар заман дәуірінің ақындары аталды. Олардың поэзиясының негізі сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрынғы дерлік істері мен аңызға айналған өмірін аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды
№2. Жаңа тақырыпты ашу. «Сал серілер» әдісі ( 8 минут) (Мәтінмен жұмыс. Оқушылар берілген мәтінді екі минут аралығында қарап шығады және сол мәтіндік тапсырма орындайды)
І топ. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы
XIX ғасырдың 60 – 90-жылдары патша үкіметінің әкімшілік реформалары барысында қазақ ру-тайпалары болыс, уезд және облыстық әкімшілік құрылымға бөлінді. 1897 жылы Ресей империясында алғаш рет жалпы халық санағы өткізілді. Санақ нәтижесі бойынша өлкедегі 3,4 миллион қазақ тұрғыны халық санының 80%-ын құраған. Халықтың негізгі бөлігі ауылда өмір сүрді. 80%-ға жуығы малшаруашылығымен, ал 18%-ы кешенді бақташылық және егіншілік кәсібімен шұғылданған. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы ақырындап құлдырай бастаған еді. Қазақтар үшін ең ауыр кезең жұт жылдары болды. Жұттан аман-есен қалу үшін қазақтар шекара шетіндегі казактар мен орыс шаруаларына жақын келуге тырысты. Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қазақ шаруалары ендігі жерде егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды.
Егіншілікпен қатар, ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық аулау едәуір дамыды. Бұл кәсіппен кедей қазақтар айналысты.
Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтының күйзеліске ұшырауы салдарынан өлкеде халықтың екі тобы қалыптасты. Олар байлар және жалдамалы жұмысшылар еді. Әдеттегідей, ауыл старшындары, ірі рубасылар мен болыстар сияқты ауқаттылар байыған үстіне байи түсті. Олардың едәуір бөлігі кәсіпкерлікпен, мал және мал өнімдерін сатумен айналысты. Қазақ даласында олар бай саудагерлер деп аталды. Мал сойып, ет өндіруді кәсіп еткен кейбіреулерінің өз зауыттары, май айыратын кәсіпорны болды. Сондай-ақ сары май сатумен де айналысты. Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазия өкілдерінің арасында қайырымдылық шараларын жүзеге асырғандар да болды.
ІІ топ. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы
Дәстүрлі қазақ қоғамы құндылықтарының өзгеруі, отаршылдық езгінің күшеюі, халықтың қатты күйзелуі тұсында өмір сүрген ұлт қайраткерлері зар заман ақындары ретінде танылды. Зар заман ақындарының өлең-жырларында Ресей империясының отаршылдық озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді.
Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының қоғамдық-саяси ойын дамытып, ұлттың сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті. Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу үшін күресті. Олар қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды. Өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. Қазақ зиялылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, М.С. Бабажанов, Қ. Халиди, М. Шорманов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Қосшығұлұлы т.б. отаршылдыққа, рулық-патриархалдық арттақалушылыққа батыл түрде қарсы шықты. Танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Олар қазақ халқын білім алуға шақырды. Білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп есептеді.
№3. «Қонақасы» әдәсі: (7 мину) (Табаққа тартылған мүшелер астындағы тапсырмаларды орындайды)
Патша үкіметі қазақтың әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшырауына жеткізген уақыт: (ХІХ ғасырдың 20-жылдары)
Патша үкіметі сұлтандар билігі әлсіретіп, билер сотын тарата бастаған уақыт:
Достарыңызбен бөлісу: |