13-семинар. 13-апта. 2 сағат.
Тақырыбы: Фольклорлық әңгіменің түрлері.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халық әдебиетінде ауызша әңгімелер сан жағынан да сапа жағынан да елеулі орын алады. Жазу мен баспа ісі кешеуілдеп дамыған қазақ халқы өзінің өмірден, дүниеден көрген-білгендерін, екінші сөзбен айтқанда, қоғам тіршілігінде, табиғат қозғалысында байқағандарын ауызша әңгіме түрінде қалдырған. Ауызша әңгімелердің қамтитын тақырыптары әр түрлі. Ауызекі әңгіме жанрына ерекше назар аударып, оны зерттеуде ересен зор үлесін қосып келе жатқан орыс фольклортанушыларының зерттеу еңбектерімен жан-жақты таныстырып, зерделеу, пайымдау. Қазақ фольклорлық әңгімесін зерттеген ғалымдардың еңбегімен салыстырып, ерекшелігін айту. Еңбектерінің бағалы тұстарын жан-жақты толымды түрде таныстыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Фольклорлық әңгіменің түрлеріне тоқталып, түсіндіріп, зерделеп талдап, пайымдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «Бабалар сөзі» жүзтомдығы: мазмұндалған анықтамалық / Құраст.: Т. Әлбеков, Қ. Алпысбаева, Ж. Рақыш. – Алматы: Дарын, 2022. – 382 б. ISBN 978-601-217-773-2
2. Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984.
3.Азбелев С.Н. Современные устные рассказы // Русский фольклор. Т.9. М-Л., 1964.
4. Аникин В.П. Русское устное народное творчество. – М: Выс.шк, 2004. – 733 с.
5. Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 272 б.
6. Әуесбаева П.Т. Қазақ фольклорындағы әңгіме жанры. – Алматы: Ғылым, 2001. – 134 б.
7. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: Фолиант, 2013. Т.96-98: Ауызекі әңгімелер. – 432 б.
8. Қазақ фольклоры текстологиясының кейбір мәселелері. (Т.Әлбеков, Қ.Алпысбаевамен бірге) –Алматы, 2004. – 143 б.
9. Кейбір халық әдебиеті үлгілерінің текстологиясы. // ҚР Білім және Ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.- Алматы: Әдебиет және өнер институты, 2007. – 170-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |