5-семинар. 5-апта. 2 сағат.
Тақырыбы: Хикая жанрының мәтіндерін текстологиялық зерттеу.
Түркі тілдес халықтардың аңыздық прозасына жататын күрделі жанрлардың бірі қазақ фольклортануында «хикая» деген атауға ие. Бұл жанр аңыздық прозаға жататын «миф», «аңыз», «әпсана» жанрлары сияқты халықтық сенім-нанымның негізінде пайда болған.
Сабақтың мақсаты: Прозалық фольклордағы хикая жанрына жататын мәтіндерді іріктеп алып, түркі халықтарындағы нұсқаларымен салыстыра отырып, текстологиялық талдау жасау, ерекшелігін көрсету, ұғындыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Түркі халықтарындағы «Албасты», «Жезтырнақ», «Мыстан кемпір», «Жалмауыз кемпір» образдарын қарастырып, қазақ нұсқаларымен салыстыра зерттеу, шешіп талдау, сараптама жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «Бабалар сөзі» жүзтомдығы: мазмұндалған анықтамалық / Құраст.: Т. Әлбеков, Қ. Алпысбаева, Ж. Рақыш. – Алматы: Дарын, 2022. – 382 б. ISBN 978-601-217-773-2
2. Тойшан А. Түрік-моңғол мифологиясы. – Алматы: Баспалар үйі, 2009.
3. Орыс шығыстанушы-түркітанушыларының ХХ ғасырға дейінгі жинақтарында қазақ фольклоры мен әдебиетінің орын алуы. Нарративті дереккөздері. – Алматы: Silver Press, 2022. 732 c.
4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 1-том: Қазақ фольклорының тарихы. – – Алматы, 2008. - 870 б.
5. Ибраев Ш. Қазақтың ғұрыптық фольклоры. – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2021. – 254 б.
6. Қазақ фольклортануының терминдер сөздігі / Жауапты редакторы Ж.Рақыш. – Алматы: Brand Book, 2020. – 272 б.
7. Қазақ фольклортануының тарихы: ХVІІІ-ХХІ ғасырдың басы. Ұжымдық монография. – Алматы: «Service Press», 2017. – 552 б.
8. Қасқабасов С.А. Таңдамалы. 1-том: Қазақтың халық прозасы. – Астана: Фолиант, 2004. – 320 б.
9. Қазақ фольклоры текстологиясының кейбір мәселелері. (Т.Әлбеков, Қ.Алпысбаевамен бірге) –Алматы, 2004. – 143 б.
10. Кейбір халық әдебиеті үлгілерінің текстологиясы. // ҚР Білім және Ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.- Алматы: Әдебиет және өнер институты, 2007. – 170-бет.
11. Қазақ текстологиясы: эпостық жырларды мерзімдеу (датировка) мәселелері. Ұжымдық монография. – Алматы: Әдебиет әлемі, 2017. – 416 б.
12. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. – Алматы: Үш қиян, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |