Семинар тренинг өткізген: педагог- психолог Токсеитова Ж. А. Педагогтармен психологиялық семинар тренинг мақсаты



жүктеу 19.63 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі19.63 Kb.

«Құлыншақ» балалар бақшасы

ПЕДАГОГТАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР - ТРЕНИНГ

Өткізген: педагог- психолог Токсеитова Ж.А.

Педагогтармен психологиялық семинар – тренинг

мақсаты:

міндеті:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Хош келдіңіздер біздің «Құлыншақ» балабақшамызға, келгендеріңізге біз өте ризамыз. Бүгінгі күнде көңіл-күйлеріңіз ашық болсын. Ең бірінші біз танысудан бастайық.Қазір осындай ойын ойнап жібереміз. Мен сіздерге допты лақтырып, сіз аты жөніңізді айтасыз да және бір өзіңіз туралы жақсы қасиетті сөз айтып өтесіз содан кейін допты келесі әріптесімізге лақтырасыз, осылай ойыным жалғасады. Мысалы: Менің аты жөнім Жанаргүл Амангелдіқызы мен жанаргүлдей жайнап жүремін.(барлық педагогтар танысып шығады) өте жақсы таныстық. Танысқанымызға өте қуаныштымыз.Сіздер міне Жан – жақтан келіп отырсыздар. Жаңа міне сіздер тәрбиешілеріміздің сабағында балалармен кездесуде болдыңыздар, аздап шаршағансыздар, сондықтан мен сіздермен бірге қимыл-қозғалыс жасаймыз аздапқана бойымызды жазып алайық.

2. Жаттығу « Сәлем беру»

Енді сіздерді 3 топқа бөлулерінізді сұраймын

  1. Бірінші топ бұл Қазақстандықтар

  2. Екінші топ бұл Кытайлықтар

  3. Үшінші топ бұл Африкалықтар

  1. Бірінші Қазақстандықтар қолдарымен амандасады.

  2. Екінші Қытайлықтар иіледі.

  3. Үшінші Африкалықтар құшақтасып амандасады.

3.Жаттығу «Сергіту сәтін» өткізейік

  1. бірінші басымызбен билейміз

  2. екінші тек иықпен билейміз

  3. үшінші тек көзбен билейміз

  4. төртінші тек белімен билейміз

  5. бесінші тек қолымен билейміз

  6. алтыншы тек аяқпен билейміз

  7. ал енді бүкіл дене мүшемен билейміз

4.Жаттығу «Майшам»

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Сіздердің тілеген тілектеріңіз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) осымен семинарымызды аяқтаймыз. Хош сау болыңыздар.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет