Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу процесі.
Жеке тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психологиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдық саласынан, қабілеттерінен көрініс береді.
Зерттеу әдісі – зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың, құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Кәсіп - адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
Кәсіптік білім – маманның біліктілік сипаттамасы мен міндетті талаптарына сәйкес кәсіптік білім, іскерлік және дағдыларды игеруге бағытталған құрылу, қалыптасу және даму процесі.
Кәсіптік мектеп – жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін орта оқу орны.
Классификатор (жіктеме) – бұл бастауыш және орта кәсіптік білімнің кәсіптер мен мамандықтарының (кәсіптер мен мамандықтардың тектес топтары бойынша жіктелген дайындық бағыттарының) жүйеленген тізімі.
Достарыңызбен бөлісу: |