Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


-кесте. Білім алушының ғылыми мектептегі қызметінің құрылымының нәтижелері



бет100/103
Дата30.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485019
түріСеминар
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
СЕМИНАРЛАР-1

20-кесте. Білім алушының ғылыми мектептегі қызметінің құрылымының нәтижелері



Ғылыми мектепте берілетін білім түрлері

Ғылыми мектептегі білімдерді жеткізу формалары

Білім алушының рефлексивті қызметін ғылыми мекеме деңгейіне көтеру проф. Таубаева Ш.Т.

Білім алушының қызметіне рефлексивтеу педагогика жүйелік-ойлау-әрекеттік деңгейіңде көрінуі (проф Фрумин И.Д.,Каспржак А.Г., Гуляев В.А. т.б)

Білім алушының іс-әрекетке ғылымнан тыс жалпы мәдениеттік білім қорында даярлау

Мұғалім ғылыми білімнің жалпы мәдени бөліктерін беруі

Сабаққа қатысу, сабақтың әдістемесімен танысу, «мұғалім» мен оқушының жариялымдарын, кітап көрмелеріне қатысуларын, салыстыру, талдау,жіктеу-ақпараттармен қанығу

Эмперикалық тәжірибені ұғыну, кәсіби педагогикалық қызмет тәжірибесі, қарама-қайшылық мәселесі,қабылданған білімнен бас тарту, әр түрлі концепциялармен және теориялармен танысу- позицияларды сынау және мәселелендіру

Зерттеу бағдарламасын іске асыруға арналған операциялармен рәсімдер

Білім алушыға операция тәсілдері туралы білімді әр түрлі мысалдардың көмегімен түсіндіру

Есеп, пікір,бағдарлама, жоба, ғылыми зерттеу жұмысын жазу, басқа ғылыми мектептің қызметін талдау- іс-әрекеттің технологияландырылуы

Жаңа нормаларды және қызметтің құрамдас бөліктерін игеру, ақпараттарды құрастыру және ұғыну,ғылыми зерттеу жұмысын жазу, эссе, жағдаяттарды талдау, мәселенің мәнін зерттеу-аналитикалық қызметті игеру

Зерттеу бағдарламасын басқа білім жүйесіне бұру,зерттеу бағдарламасын концептуалды деңгейде шешу мен өрлеудегі эвристикалық заңдылықтар

Логико-математикалық және экспериментальдық тәсілдерді, операциялармен құралдарды ұғыну

Моделдеу, жобалау, басқа жұмыстарды талқылау, ғылыми-методикалық жұмысты әзірлеу, ғылыми мақалалар- зерттеу бағдарламасы мен зерттеу қызметінің жалпы мазмұнын өңдеу

Жобалау, ойындық модельдеу, конфликтологияның негізгі құрылымын меңгеру, бағдарламалық анализ және жоба, топтық жұмыс-жобалалық қызметті игеруі

Адекватты бағалаудың эвристикалық шарттары зерттеу бағдарламасы ғылымның даму логикасымен сәйкестігі, жаңа зерттеу бағдарламасын құру шарттары

Тәжірибенің концептуалды техникасын меңгеру, зерттеу бағдарламасын орындау тәсілдерінің белгілі бір тұжырымдар арқылы жүзеге асуы

Ғылыми-педагогикалық білімнің жеке матрицасын құру, сызбалар мен моделдерді құру,зерттеу жұмысын өз бетімен орындау және қажетті дағдыларды меңгеру,зерттеу жұмысының орындалуы мен қорғалуы- зияткерлік өнімді өндіру

Семинарларға, біліктілікті арттыру бағдарламаларына, әр түрлі ақпаратты меңгеру,алынған білімдерді өзінің кәсіби қызметінде пайдалануы, зерттеудің мәселесі мен зерттеу жұмысының орындалуындағы позицияның болуы- зияткерлік және қоғамдық мәдени жобаны іске асыру

Ғылыми бірлестіктердегі кәсіби және әлеуметтік мінез-құлық нормасы

Мұғалімнің білімінің оқушыға берілуі т.б деңгейлердің жүзеге асуы

Мұғалімнің қалыптасқан және мүмкін болатын ғылыми еңбегі, ғылыми-зерттеу әрекетінің стилі, ойлау әрекеті, мұғалімнің түсінуі және болашақ өзіндік логикалық ойлауы- ғылыми мектеп жүйесіндегі қызметтің жеке стилін өңдеу

Ойлау стратегиясының нормаларын ақпараттар арқылы меңгеру, мектеп ішілік мәдениеттің сақталуы, жұмыс қорытындысын презентациялау-жеке көзқарастар

Біз ғылыми мектептің 3 жіктеуіштен тұратындығын көрсетеміз: ғылыми бағыттағы мектептің негізінің жасақталуы және мектептің негізін қалаушылардың тұлғалық сапалары. 2 ғана жіктеуіш тұр Әрине, зерттеуші-педагогтың қалыптасу жолында ғылыми жетекшінің тұлғалық және кәсіби сапалары маңызды орынға ие.


Осы жерде педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Надежда Дмитриевна Хмельдің атап көрсеткен ғылыми мектептің зерттеушілік атмосферасын сипаттаған бірнеше спецификалық қырларына тоқталып өтсек. Профессор жұмысының айрықша стилі жеке адамгершілікпен сиптталатын жоғары дәрежедегі ғылыми талап ете білу, сынның негізін қалау және оган ашық көзқарас. Ғылыми көшбасшының оқушылармен әңгімесі «әңгіме-оқыту» принципінде жүзеге асты, оқу үдерісінің мақсатты жорамалдау кезеңіне оқу уақыты көбірек бөлінді.
Нағыз ғылыми жетекші мен ғылыми мектептің көшбасшысы,әрине, өздерінің концепцияларымен ерекшеленеді, олар сыртқы немесе ішкі қақтығыстар мен келіспеушіліктерге қарамастан өздерінің ғылыми көзқарастарын еш өзгертпейді және соны дәлелдеп шығуға бар күш-жігерлерін жұмсайды. Жалпы айтатын болсақ, олар «солисттің талантына, алайда музыканттың темпераментіне ие оркестрде өнер көрсететін» адамдар.
Және ең соңында заманауи кезеңде ғылыми мектепті жүзеге асыруға алғышарт бола алатын тезистерді атап көрсетсек:

  • Ғылыми мектеп пен мақсаттың бірлігіне қол жеткізуде дара ерекшеліктердің болуы;

  • Ғылыми мектептің өкілдері арасындағы байланыс және бір-бірін мойындауы. Яғни, ғылыми мектептің өкілдері бір-біріне сыйластық қарымқатынас таныта отырып, әр қайсысының ғылыми көзқарасын тыңдай білуі.

  • Өзін-өзі оқыту мен дамыту қызметіне көңіл бөлу;

  • Ғылыми мектептің көшбасшыларының беделін бақылауда ұстау және ғылыми мектеп өкілдерінің қызметтерінің еркін, әрі дара түрде жүзеге асуына жағдай жасау.

Осылайша, ғылыми мектептің болуына қатысты түрлі қайшылықтарға қарамастан, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда алатын оның рөлі үлкен маңызға ие. Әрине, ғылыми жұмыс – ол жоғары деңгейдегі тұлғалық қызмет, сондықтан да әр зертхана өз жетекшісінің тұлғасын бейнелей білуі қажет.
Осы параграфтың мазмұнында біз заманауи жағдайдағы ғылыми жетекшінің қызметінің ерекшеліктері мен артықшылықтарын қарастырдық.
Ғылыми – зерттеушілік жұмыстың өзіндік мазмұны өзгерер болса, онда ғылыми жетекші қызметінің мазмұны да үлкен өзгеріске ұшырайды. Жоғарыда айтылған пікірлерге сүйене отырып, заманауи ғылыми жетекші өз бойына төмендегідей кілттік талаптарды меңгере отырып, білгені жөн.
Біріншіден, бұл білім беру жүйесін ұйымдастыра білу қабілеті (дара және магистранттардың және т.б білім беру жүйесін). Осы тезисті негіздеу мақсатында менежменттің тәжіибесінен алынған ұйымдастырушылық қызметке үйретуге бағытталған сұлбаны ұсынып отырмыз.
Екіншіден, топта білім алу және серіктестіктегі өзара іс-әрекет дағдыларын меңгеру. Ғылыми жетекші өзінің жасы біршама үлкен білім алушымен жұмыс жасап отырғандығын ұмытпаған жөн. Алайда, кейде жастық ерекшеліктері аса байқалмайтын білім алушылармен де бірлескен түрде қызмет ететін жайттар кездеседі.
Үшіншіден, көп жағдайда ғылыми жетекшітек қана тьютордың, тәлімгердің, кеңесші және протехниктің қызметін атқарады. Аталып өтілген қызмет түрлеріне арнайы бөлімде толығынан тоқталамыз.
Сонымен, оқытуды ұйымдастыру барысында ғылыми жетекші білім алушымен бірлесе отырып атқарылған жұмыстың болашақтағы нәтижесінің қандай болатындығын, қандай кедергілерге тап болуы мүмкін екендігін анық түсініп, болжам жасау білуі аса қажет. Осыған байланысты ол екі міндетті қатар атқарады: басқарушылық және көшбасшылық. Ол өзінің магистранттарын тарта отырып қысқа мерзімдік мақсаттарды анықтайды және жүзеге асырады. Сонымен қатар, ғылыми мектептің дамуына көмек болатын жаңа жобаларды басқаруда өз алдына аса салмақты мақсаттарды айқындайды. Мысалы, ғылыми жетекші үшін қысқа мерзімдік мақсат ретінде магистрлік диссертацияны атап көрсетсе болады, ал стратегиялық мазмұнда қарастырар болсақ, осы зерттеудің ғылыми мектеп жүйесінде қалыптасып, тұрақталып қалуын атап келтірсе болады.
Бұл жағдайда, ізденісті ғылыми басқару мен ұйымдастырудың келесідей ережелері айқындалған: әрқайсысы - оқушы-энтузиаст, әрқайсысы – мұғалім, тәлімгер, тренер; әрқайсысы – шығармашыл, ойшыл; ірқайсысы жағымды үлес қосады; әрқайсысы – өз-өзіне менеджер: әрқайсысы сәйкесінше өз жұмысында өте белсенді. Осындай білім беру жүйесін ұйымдастыруда оның дәстүрлі мазмұнынан бөлек төмендегідей артықшылықтарын атап көрсеткен жөн:

  • Ортақ жұмыстың әр қатысушысы тұлғалық және жалпы мақсаттарды анық айқындап, жүзеге асырады.

  • Ақпаратты жеткізу үрдісі айқын, әрі өте жеңіл болуы керек, себебі ақпарат әрқайсысына қолжетімді болғаны дұрыс.

  • Өздерінің жадтарынан шыққан жаңа идеяларымен жұмыс жасайтын білім алушыларды мадақтап отыру керек. Және «бұл жерде ойдан шығармайды» деген синдромның тамырын кескен жөн.

Білім алуда және педагогтардың квалификациясын жоғарылатуда серіктестік, бірлесе әрекет ету идеясы педагогтарды алдын-ала даярлауға және жоғары санатты педагогтарға қол жеткізуге жағдай жасап отыр. Бірлескен түрде білім беру жүйесіне тоқталар болсақ, ол педагогтардың кәсіби өсуінің маңызды қайнар көзі болып табылады.
Бірлескен түрде білім беру идеясы, қазіргі таңда, білім беру мекемелерінің дамуына, инновациялық қызметінің жаңаруына немесе тәжірибелік-эксперименталды жұмысының жүргізілуіне, жобаларды зерттеу мен жүзеге асыру жұмыстарына байланысты мәселелерді шешуде қолданылатын оңтайлы жол ретінде қарастырылуда.
Бірлескен білім беру идеясының білім беру мекемелері үшін қандай артықшылықтарды анықтап көрсете алатындығын төмендегі тізбектен көре аласыз:

  • білім берудегі құбылмалы жағдаятқа сәйкесінше әсер ете алу мүмкіндігі;

  • білім беру үрдісінің үзіліссіздігі, яғни білім алу үрдісі кәсіби мансап кезінде, яғни жұмыс барысында да жүзеге асырылуын тоқтатпайды;

  • пәндік дайындық қана емес, сонымен қатар пәнаралық және пәннен тыс дайындықты жүзеге асыру мүмкіндігі;

  • магистранттардың топтық жұмысын жүзеге асыру мүмкіндігі;

  • магистраннтардың құнды еңбектерін білім беру жүйесінің жаңа бағытын жасақтауға пайдалану;

  • белгілі бір мәселені шешу мақсатында белгілі бір санаулы магистранттарға үздіксіз квалификацияға тән әдістемелік көмек көрсету;

  • Магистранттың деңгейімен қатар, өзі қызмет ететін жоғары оқу орнының ерекшеліктерін жоғары деңгейде ескеру мүмкіндігі;

Тәлімгерлік қызметте өзінің белгілі бір уақыт аралығында жинаған тәжірибеңмен бөлісуін немесе келесі адамға жеткізу мүмкіндігін. Тәлімгерліктің ұстанымдары төменде көрсетілген:

  • Үздіксіз қарым-қатынас орнату мүмкіндігі;

  • Тәлімгер дайын шешімнің орнына тек идеялар мен басқа да нұсқалар ұсынады;

  • Тәлімгер тәлім алушыны үнемі бағыттап отырады және оның қызметін бақылауда ұстайды,

  • Белгілі бір мәселе туындаған жағдайда тәлімгер мен тәлім алушының бірлесе отырып әрекет етуі.

Жалпы алғанда, тәлімгерлік – бұл ғылыми жетекші тарапынан көрсетілетін көмек және оны келесідей ұғымдармен толықтыруға болады: өзінің ғылыми-зерттеушілік қызметі және зерттеуді жүргізу мен ұйымдастырудың, ғылыми қызмет этикасының ережелерін меңгеруі барысында жинақтаған білімін жеткізу.
«Тьютор» ұғымының мағынасы кең, ауқымды. Г.М.Коджаспированың пайымдауынша, тьютор (тьютер) бұл –
1. ХІХ ғасырдағы ғылыми мекеменің қараушысы;
2. Студенттің жеке дара ғылыми жетекшісі;
3. Үйде оқытушы, репетитор;
4. Білім беру мекемесіндегі тәрбиеші, куратор.
5. Қорғаушы, қамқоршы, асырап алушы.
В. Н. Азаров, Б.В.Бойцов, Ю.В. Шменов тьюторлық қызметтін міндеті мен қызметтеріне арналған еңбектерінде оның келесідей ерекшеліктері атап көрсетіледі:
1. Білім беру жүйесінің тұтас, әрі өз бетінше жүзеге асуын қадағалау жауапкершілігін тьюьорға артса болады. Сондай-ақ, ол басынан аяғына дейін және басқа тьюторлармен біріге отырып сабақ жүргізе алу мүмкіндігі бар;
2. Құзыреттіліктері мен оқу үрдісінде атқаратын рөлдеріне орай тьюторларды анықтау. Тьютордың жоғары дәрежедегі құзыреттілігі оның қызмет аясына сай даымп отырады және оның құрауыштары:
- білім алушылармен бірге сабақ жүргізу;
- тәлімгерлік қызмет;
- оқу және дидактикалық материалдарды даярлау;
- оқу модульдерін жасақтау;
- білім беру мәселелерін зерттеуді ұйымдастыру.
Бұл қызметтердің мәні мен мазмұны төменде ашып көрсетілген:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет