Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті



бет19/103
Дата30.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485019
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103
СЕМИНАРЛАР-1

Н овикова Людмила Ивановна, (22.1.1918 ж. Горки, Белоруссия), педагог, РБА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымдары академиясы жүйесінде 1951 жылдан бастап істеді.
Л.И. Новикованың жетекшілігімен тәрбие теориясы саласындағы зерттеулер 80- жылдардың екінші жартысында дами бастады. Педагогиканың теориясы мен тарихы институтында Тәрбие теория орталығы Ресей білім академиясының академигі Л.И. Новикованың жетекшілігімен құрылған. Л.И. Новикованың ғылыми мектебін профессор Н.Л. Селиванова басқарады.
Бұл мектепте мынадай нәтижелер алынды:

  • балалар ұжымы теориясы;

  • тәрбие жүйелері теориясы;

  • тәрбие мен тәрбиелік кеңістіктің көпсубъектілігі тұжырымдамасы.

Ең мәнді зерттеулердің ішінде тәрбиенің объектісі және субъектісі ретіндегі балалар қауымдастығы тұжырымдамасы болды.
Л.И. Новикованың ғылыми жұмысының негізгі бағыттары:
- тәрбие теориясын (оның ішінде тәрбие ұжымы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, мектеп пен ортаның өзара әрекеттестігі, мектептік тәрбие жүйелері) зерттеушілік ізденістің әдіснамасы мен әдістері. Оның еңбектерінің ішінде «Бала ұжымы педагогикасы», «Тәрбие үдерісін жүйелі зерттеу» кітаптары зерттеуші педагог үшін аса қажет-ақ.
Сондай-ақ, тәрбиенің объектісі мен субъектісі ретіндегі балалар қауымдастығы тұжырымдамасының жасалуы мәнді нәтижелер деп сипатталады.
Л.И. Новикова аталған теориялар мен тұжырымдамаларды жасау барысында тәрбие саласын зерттеушілірге зерттеудің әдіснамасы мен әдістерін жүйелі қолдану туралы құралдар ұсынды.
Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуі мен тәрбиесі саласында бірнеше бағыттар бар, солардың аясында көкейсті нәтижелер алынды. Ол нәтижелер:
- Ұзартылған күн мектебі тұжырымдамасы. Совет Одағы тұсында бұл тұжырымдама кеңінен таралды және тәжірибеде белсенді қолданылды (1970 жылдары Э.Г. Костяшкин жетекшілік етті);
- әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру тұжырымдамасы сол кезде мектеп практикасына енгізілген оқушыларды әлеуметтендіру формалары. Т.Н. Мальковскаяның жетекшілігінен жастардың белсенді өмірлік бағдарларының қалыптасуының теориялық негіздері жасалды, кәсіптік-техникалық училищелердің оқушыларының құндылық бағдарлары мен қызығушылықтары, оқушылардың әлеуметтік мәдениеті мен рухани қажеттіліктері зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет