Семинарларға», «қайырымдылық және сауыктыру курстарына», «жастар конференциялары мен демалыс лагерьлеріне»



жүктеу 48.71 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі48.71 Kb.

Ата-аналарға арналған жадынама



Құрметті ата -аналар!

     Бүгінгі күні Қазақстандағы жалған діни ұйымдар балалар мен жастарды өз қатарларына түрлі жолдармен: шетел тілін үйрету курстарына, «экологиялық форумдарға», «қарым-қатынас мектептеріне», «психологиялық семинарларға», «қайырымдылық және сауыктыру курстарына», «жастар конференциялары мен демалыс лагерьлеріне»  шақыру және т.б. арқылы қосып алуда.

  Балаларға қатысы бар бұл ұйымдардың  басты мақсаты, - балаларымыздың санасы мен дамуын билеп алу,  яғни, қазақстан қоғамының жаңа ұрпағын, соған сай біздің қоғамымызды, біздің елімізді, біздің болашағымызды өз билігіне бағындыру.

   Жалған діни ұйымдар балаларға психололгиялық ықпал жасап қана қоймай, оларды сектаның тіршілік әрекетіне кірістіретіні, сонымен бірге психикалық және дене саулығын толық жоғалтуға алып келетін  тікелей есінен айыру, дене күшін қолдану, психиканы бұзу амалдары қолданылатыны анықталып отыр. Бұған қоса тұлғалық өзін-өзі жою және оған туыстары мен жақындарын қарсы қою секілді аса қатаң әдістер  пайдааланылады.

  Сіздердің  назарларыңызға біздің қоғамымызға жалған діни ұйымдардың іс-әрекетімен  өздерінің жеке және кәсіби тәжірибесі арқылы таныс  отандастарымыздың  (Бұрын шіркеу қарауында болғандар, психологтар, эксперттер) пікірлерін ұсынамыз.

  Олар өздеріне балаларды олардың  қызығушылықтары бойынша құрастырылған  бағдарламалар арқылы  тартады: секта жетекшілері мен олардың  көмекшілерінің  қарауында жоспар мен кестеге сәйкес жастар  жиналған уақытта   концерттер, КТК, лагерлерге шығу, ойын, тренинг, шетел тілдерін үйрену элементтері бар түнгі құлшылық етулер өткізіледі, ал жасөспірімдерге  арнап тауға жорықтар, кештер, дискотекалар ұйымдастырады.

  Жалған діни ағымдардың белсенділері мұндай шаралар кезінде жастарды өз бағдарламалары бойынша оқытады, олардың санасын толықтай билеп, басқара отыра, дұрыс құндылықтарға иландырады. Әсіресе, белсенді жас адамдардың мұндай ұйымдардың қолындағы қаруға айналуы тез болады: олардың қауымдағы мәртебесін көтеріп, жетекшілікке сайлайды.

  Жалған діни ұйымдар балалар мен жастардың  қажеттіліктері мен қызығушылықтары негізге алынған әдістерді қолданады.

  Мысалы, кейбір жеткіншектер басқаларға  ұқсағысы келмейді, мұны пайдаланған секталар  оларға ерекшелік пен таңдаулылық  идеясын сіңіреді. Кейбір балалар мен жасөспірімдерді  ерте жастан секталарға ата-аналары қатыстырады.

   Жалған діни ұйымдар балалар иен жастарды олар құрдас топтарымен  қарым-қатынас жасау, сондай ақ,  жетекшілердің бағдарламалары арқылы да өз қатарларына тартып  отырады.  Бұл топтарда  алғашқы күннен бастап жаңадан қосылғандарға  ерекше ықылас көрсетіледі, танысу  барысында телефонмен ғана емес, сондай ақ жеке басына  қатысты мәліметпен де алмасады. Мұндай қармаққа жоғары сынып оқушылары, негізінен қаланың балалары, әсіресе қыз балалар жиі түседі. Жастардың мұндай ұйымдарға  кіруі бос уақыттың аса көптігінен және бақылаудың жоқтығынан.

  Балалар жаңа ұйымдардың қатарына өкінішке орай  қоғамның  кінәсінен, оның жастардың рухани –адамгершілік тәрбие беруге қамқорлығының аздығынан ілігеді.

  Олар атыс шабыс фильмдер мен арнайы көрсетілімдерден мезі болды, оларды ізгі және жарқын нәрселер қызықтырады, мұның барлығы  бастапқыда жалған діни ұйымдарда бар секілді  болып көрінеді.  Және қыз балалар көп. Олардың көпшілігі орамал тартқандар. Оларды екі топқа бөлуіне болады: шын  мәніде сенімге келгендер, қоршаған ортаға қарсы келмей, бастарын жәй жауып жүргісі келеді. Ал екінші топ – бұлар, әрине, ағымның ықпалына түскендер.

  Жалған діни ұйымдарды жастарды басқарудың жіңілдігі қызықтырады және дәл солар басты мақсатты топ  болып табылады: Бұл ұйымдардың өз бизнес жоспары бар, шамамен, 2020 жылға қарай олар бүкіл  Қазақстан  бойынша желі құруы тиіс.  Бұл уақытқа жетпейтін кәрілерден оларға қандай пайда? Ал жастардың арқасында олар бұл мерзімде сенімді, берілген, тәуелді  желішілерге  ие болады.

  Адамның қабылдау ерекшеліктерін білу кеңінен  қолданылады және ықпал ету  ыңғайлары мен әдістері осыған негізделген: Әдепттер  (ағымның жақтаушылары) белсенді насихатттау іс әрекетіне кіріседі. Ұғынықты, жаңаша, қарапайым және сауатты тілде баяндау  көркем жабдықталған  әдебиет, мемлекеттік тілдегі анық баяндау  (мысалы, қазақ тілінде білгірлікпен жазылып, көрнекі суреттермен өрнектелген, ертегілер мен аңыздарды  еске түсіретін  «күзет мұнарасы»).  

  Жастардың арасында діни ұйымдарға кіру сәнді  құбылысқа айналып барады: Оларда бәрі бүгінгі заман бойынша, ал салттар мен дәстүрлер аз.

  Жастарда діндер жайлы білім жоқ:  Көптеген жас адамдар діндерді ажырата алмайды, ал секталар ос сәтті пайдаланады. Жас адамдар  жаңа діндердің бар екеніне сенеді, және бұған байыптылықпен қарайды және сенеді.

  Жастар мен балалар психикасының дамуы жөніндегі  білімдер пайдаланылады:  Жаңа діндер жеткіншектер мен қыздар қалайтын және ұнататын нәрселерге қол жеткізуге мүмкіндіктер туғызу арқылы  жастарды өздеріне тартады.

  Ата-аналардың діни сауатсыздығы  балалардың  таңдауына әсерін тигізеді: Ата-аналар өз балаларына дәстүрлі Ислам жайлы, жаңа діндер жайлы ешнәрсе  айтпайды, себебі өздері білмейді.



ЕГЕР СІЗДІҢ ЖҰБАЙЫҢЫЗ ЖАЛҒАН ДІНИ ҰЙЫМНЫҢ ЖОЛЫН ҚУУШЫҒА АЙНАЛСА ЖӘНЕ ОҒАН СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗДЫ ТАРТСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  Бүгінгі күні  Қазақстанда тұрғындарды  жалған діни  ұйымдардың әрекетінен қорғайтын мемлекеттік  бағдарлама жоқ: Сіз жалған діни ұйымының алдында мүддеңізді қорғау бойынша істі жүргізуге  қабілетті кәсіби қорғаушы іздестіру проблемасымен бетпе бет келесіз, олар жалдаған  қорғаушыларының  қызметін жомарттықпен  төлейді және  қазіргі заманғы технологияның көмегімен қоғамдық пікірдің белсенділігін арттыруға жеткілікті қорға ие (БАҚ, ғаламтор).

   Сондықтан да жапа шеккен азаматтар өз мүдделерін жеке дара немесе жалған діни ұйымдардың әрекетіне қарсы тұрумен айналысатын  қоғамдық ұйымдардың көмегімен қорғайды.  Жапа шеккендер жеке және материалдық мүдделерін қорғау үшін мәжбүрлікпен және бастамшылдықпен өздіктерінен  бірігеді. Бүгінде Қазақстанда жалған діни ұйымдардан  жапа шеккендерге  психологиялық және көмек  көрсетуге дайын арнайы  орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдар бар. Мұндай жағдайларда Сіздің арызыңызды сотта қарау үшін заңдық  тұрғыдан дайын болу маңызды. Жалған діни ұйымның тарапынан Сіздің балаңызға заңсыз, адамгершілікке жатпайтын әрекеттер жасалғанын  дәлелдеу қажет. Ата-ананың бірі сектада  тұрғанын міндетті түрде растау, куәгерлердің жауаптары, осы фактыны нығайтатын құжаттар, мысалы дипломдар, сертификаттар қажет. Егер бала Сізбен емес, жалған діни, секанттық ортада болса, онда баланың   Сізбен бірге тұруы ғана оның мүддесіне  жауап беретінін, дәлірек айтқанда, оның психикалық  және дене саулығын сақтау, отбасында тәрбиелену, сапалы білім алу құқықтары қорғалатынын растайтын айғақтар жинақтау қажет.

  Қолыңызда жалған діни ұйымдардың өз ізбасарларына  қолданатын зиянды  психологиялық технологиясы жөнінде қорытынды болғаны маңызды. Ал ол үшін балаға қандай жағымсыз ықпал жасалатыны жайлы куәгерлердің  көрсетулері ғана емес, сонымен бірге Сіздің балаңыздың психологиялық  және  невротикалық жағдайы, ата- анасының  ұйымына күштеп тартудың бала психикасы мен мінез құлқына әсері жөніндегі невропотологтардың, психиатрлар мен психологтардың қорытындылары қажет .



  Бала тәрбиесіндегі басымдылықтарды анықтау және оны жалған діни ұйымдардың  ықпалынан қорғау  үшін соттан баланың Сізбен бірге тұратын мекенін анықтауды талап ету қажет.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет