Жемісі
|
Қауашақ
|
Көбеюі
|
Жыныссыз және жынысты көбейеді.
1.Жынысты көбеюі - жыныс жасушалары суда ұрықтанып зиготадан қауашақ (спорангий) жетіледі. Қауашақта споралар (олар екі қабықшадан тұрады) дамиды.
2.Жыныссыз көбею – спорадан басталады, яғни спора жерге түскен соң, өніп, тармақталып өскінше пайда болады. Өскіншелерден аналық өсімдік және аталық өсімдік пайда болады.
|
Шымтезек мүгі (ақ мүк, сфагнум мүгі)
Тіршілік ортасы
|
Негізінен солтүстік ендікте ылғалды, батпақты жерлерде өседі.
|
Сипаттамасы
|
Шымтезек мүгі – бір үйлі, қосжынысты өсімдік. Сабағы жиі бұтақталған, тамыры, ризоиды болмайтын көп жылдық өсімдік. Суды, минералды тұздарды сабағы арқылы сіңіреді. Бұл өсімдік сабағының төменгі жағы оттегі жетіспегендіктен жартылай ыдырап, қурап шіруінен шымтезек түзеді және өскен жерін батпаққа айналдырады.
|
Жапырағы
|
Жапырағының 2/3 бөлігі су жинайды. Жапырағында 2 түрлі жасуша бар:
1)Жасыл түсті, хлорофилді, фотосинтез процесін жүргізетін ұзын, жіңішке жасушалар.
2)Түссіз, өлі, су қоры жиналатын жасушалар.
|
Көбеюі
|
Көбеюі – жыныссыз және жынысты.
Жынысты көбеюі - аталық жыныс жасушалар қызғылттау түсті жапырақ қолтығында жетіледі. Аналық жыныс жасушалар қысқарған сабақтың бұтақшаларында дамиды. Гаметалары қосылып зигота пайда болады. Зиготадан спора түзетін қауашақ жетіліп, кейін споралары шашылады.
Жыныссыз көбеюі – спорадан басталады. Спорадан табақша тәрізді өскінше пайда болып, ол бүршіктенеді. Бүршіктерден өсімдік жетіледі.
|
Маңызы
|
Топырақ түзуге қатысады, фотосинтез жүргізеді, тұщы су қоры, кейбір құстар қорегі және ұя салатын орны.
Шымтезек – бағалы отын, одан карбол қышқылы, спирт өндіріледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |