ДАРА ЖАРНАҚТЫЛАР КЛАСЫ
Табиғатта таралуы
|
Жарық жақсы түсетін ылғалы бар жерлерде көп кездеседі.Далалар, шалғындықтар, саванналар өсімдіктерін құрайды.
|
Жер шарындағы түр саны
|
Жер шарында 73 000 түрі бар, гүлді өсімдіктердің 20 - 25% құрайды. 80 тұқымдасты қамтиды, 73 000 түрді құрайды.
|
Сипаттамасы
|
Көбісі шөптекті, аз бұтақтанады
|
Жапырағы
|
Бүтін, жай жапырақ, қатар немесе доға жүйкеленген.
|
Сабағы
|
Сабағында камбий болмайды және 2-ші рет қалыңдап жуандамайды.
|
Тамыры
|
Шашақ тамыр, камбий болмайды.
|
Гүлшоғыры
|
Күрделі масақ, собық, сыпыртқы гүл (күрделі шашақ)
|
Тұқымы
|
Тұқым жарнағы 1-еу
|
Өкілдері
|
Пальма, лалагүл, құртқашаш, астық тұқымдастар, пияз, інжугүл, т.б.
|
Лалагүлділер тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Шалғындықтарда көп кездеседі.
|
Жер шарындағы түр саны
|
Жер шарында 1300 түрі бар, (Қазақстанда 57 түрі бар).
|
Сипаттамасы
|
Даражарнақты, көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
(Ең аласа түрі қазжуа, биіктігі 3см -35см дейін).
|
Жапырағы
|
Қандауыр не таспа тәрізді
|
Тамыры
|
Тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық.
|
Гүлі
|
Қосжынысты, ірі гүлі жеке орналасады. Гүлсегігі жай, 2 шеңберге орналасқан 6 күлте.
Аталығы 6, ол 2 шеңбер түзеді Аналығы 1-еу.
|
Тозаңдануы
|
Бунақденелілер арқылы тозаңданады.
|
Жемісі
|
Қауашақ немесе жидек.
|
Өкілдері
|
1.Дәрілік түрлері: лапыз, тамырдәрі, қырлышөп.
2.Сәндік түрлері: секпілгүл, сүмбілшаш, қызғалдақ (жауқазын).
3.Техникалық түрі: шырыш.
|
Пияз туыстастар
Пияз туыстастар пиязшықты, түйнекпиязшықты кейбірі тамырсабақты өсімдіктер. Әлемде 650-дей түрді құрайды. Жапырақтары таспа тәрізді түтікшелі болады. Гүлдері ұсақ, жай шатыргүлге жиналған. Бунақденелілермен тозаңданады. Жемісі – қауашақ тұқымы жел, жануарлар, құмырсқалар арқылы таралады.
Басты пияз
Басты пияз сипаттамасы
|
Екі жылдық көкөністік дақыл. Биіктігі 15 см-дей пиязшығы болады. Гүлсидамы 1,5 м-дей.
|
Гүлі
|
Гүлсерігі 6 жапырақша, 6 аталығы бар. Жатыны 3 ұяшықты.
Гүлінің формуласы – Гс3+3А3+3Ж(3)
|
Жемісі
|
6 тұқымды қауашақ.
|
Дүние жүзінде пияз өндіру
|
1,5 млн гектарға егіліп, 15 млн тонна пияз өндіріледі.
|
Іріктемелері
|
1000-ға жуық іріктемелері бар. «Дүнген-56» іріктемесі Эрфруктегі халықаралық көрмеде 1-ші орын алған, бұл іліктеме Қазақстанда шығарылған.
|
Пиязшығының құрамы
|
1.Қант – 14%
2.Нәруыз – 2%
3.Витаминдер – С(14 мг/%), В, РР
4.Фитонцид
|
Сарымсақ
Сипаттамасы
|
Сабағы 1 метрдей, пиязшығы тілшелерден тұрады. Жапырағы жалпақ, қатар жүйкелі. Гүлсидамы 1,5 м.
|
Пиязшығының құрамы
|
1.Полисахарид – 20-27%
2.Нәруыз – 7-28%
3.Витамин – С
4.Эфир майы
5.Фитонцид
|
Іріктемелері
|
1.Күздік сарымсақ – қысқа қарай егіледі
2.Жаздық сарымсақ – көктемде егіледі
|
Астық тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Далалар мен шалңындықтардың негізін құрайтын өсімдіктер.
|
Жер шарындағы түр саны
|
10 000 жуық түрі бар.
|
Жапырағы
|
Қатар жүйкелі, таспа тәрізді, қынап түзеді, жапырағы мен қынап аралығында тілше бар.
|
Тамыры
|
Шашақ тамыр
|
Сабағы
|
Сабансабақ.
|
Гүлі
|
Көбінесе қосжынысты (тек жүгеріде дара жынысты).
Гүлінің негізінде 2 кейде 3 түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасқан. Аталығы – 3, аналығы – 1, аузы екі телімді. Жеміс жапырақшасы 3 - еу.
Гүлінің формуласы (Гж – гүлжарғақ) - .
Жатыны жоғары орналасқан.
|
Гүлшоғыры
|
Сыпыртқы гүл, күрделі масақ, собық және шашақ гүлшоғыр.
|
Жемісі
|
Дәнек – құрғақ жеміс
|
Өкілдері
|
1.Азықтық түрлері – бидай, күріш, қарабидай, жүгері, тары, қант қамысы,т.б.
2.Малазықтық және арамшөп түрлері – арпа, сұлы, қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарғақ, арпабас.
3.Сабағы сүректенген өкілі – бамбук.
4.Қағаз өндіру шикізаты түрлері – бамбук, қамыс.
|
Құртқашаш тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Жарығы мол, ылғалы жеткілікті аймақтарда кездеседі
|
Түр саны
|
Жер шарында 1800 түрі, Қазақстанда 36 түрі бар.
|
Жапырағы
|
Жапырағы таспа тәрізіді.
|
Гүлі
|
Гүлі – ірі, қос жынысты, дұрыс кейде бұрыс гүлді.
Гүлсерігі - жайгүлсерік.
Гүлінің формуласы -
|
Жемісі
|
Үш ұялы қауашақ.
|
Өкілі
|
Германдық құртқашаш - көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 1м, ақ түсті тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады.
|
Інжугүл
Сипаттамасы
|
Даражарнақтылар класы, інжугүл туыстасына жататын улы өсімдік.
Биіктігі 15 – 20 см. Жайық өзенінің оң жағалауында өседі.
Тамырсабақты, оның буынаралығы ұзарып, тармақталады.
|
Жапырағы
|
Қандауырша тәрізді, 1 қабыршақты, 2 жасыл жапырақ.
|
Гүлі
|
Қоңырау пішінді, жай гүлсерікті. Гүлінің формуласы - .
|
Жемісі
|
Шырынды, 2 - 8 тұқымды жидек.
|
Пайдалы қасиеті
|
1.Жапырағын жүрек жұмысын жақсартуға ішеді.
2.Гүлін парфюмерияда қолданады.
|
VI Бөлім
ЖЕР БЕТІНДЕГІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ДАМУЫ
Төменгі саты өсімдіктерінің дамуы
Өсімдіктер дамуы жайлы түсінік
|
Жер шамамен 5 миллиард жыл бұрын пайда болған. Әлемдік мұхитта осыдан 4,5 миллиард жыл бұрын физика-химиялық процестер жүрген. Алғашқы тірі ағзалар шамамен 2,7-4,5 миллиард жыл бұрын суда пайда болған. Бұдан 1,5-2 миллиард жыл бұрын қарапайым 1 жасушалы ағзалар пайда болған. Кейбір жасушаларда фотосинтез жүргізетін хроматофора пайда болған. Олар шамасы цианобактериялар болуы мүмкін.
|
Қоректенудің 2 түрі
|
Палеонтологтардың мәліметі бойынша бұдан 570-2700 миллион жыл бұрын тірі ағзалар автотрофтар(өсімдіктер) мен гетеротрофтар (жануарлар) болып анықталды.
|
Жоғары саты өсімдіктерінің дамуы
Алғашқы жер бетіндегі өсімдіктерге бастама болды
|
Балдырлар
|
Жер бетіне ауысқан алғашқы өсімдіктер
|
Ринифиттер
|
Ринифиттар сипаты
|
Ринифиттер - биіктігі 15-20 см, көпжасушалы жасыл өсімдіктер. Олар бұдан 405-440 миллион жыл бұрын құрлыққа шығып, кейіннен жойылған. Сабағы дихотомиялы бұтақтанған, ол таллом деп аталады. Жер асты бөлігін ризомоида деп атаған, одан ризоидтар тараған. Олар споралары арқылы көбейген.
|
Ринифиттерден бастау алды
|
Плаунтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер
|
Осыдан 300 миллион жыл бұрын шарықтап дамыған
|
Қырықжапырақтәрізділер, қырықбуынтәрізділер, плаундар.
|
Ашық тұқымдылар пайда болды
|
Ертедегі қырықжапырақтардан
|
Жабық тұқымды өсімдіктер пайда болды
|
Бұдан 130 миллион жыл бұрын, ертедегі ашық тұқымды өсімдіктерден пайда болды. Олар 60 миллион жылдан бері үстемдік танытып келе жатқан өсімдіктер.
|
Мәдени өсімдіктердің шығу тегі, алуан түрлілігі, шыққан орталықтары
Мәден өсімдіктердің шығу тегі
|
Жабайы өсімдіктерден тараған.Адамдар жабайы өсімдіктердің тұқымдарын жинап, қоныстарының айналасына егіп өсірген.
|
Мәден өсімдіктердің қысқаша тарихы
|
1.Бидай б.з.д. VII мыңжылдықта егілген.
2.XVI ғасырда картоп, қызанақ, күнбағыс егілген.
3.XIX бас кезінен қант қызылшасы өсіріледі.
|
Өсімдіктердің жаңа сорттарын шығар у жолдарын зерттейтін ғылым
|
Селекция(лат. «селекцио» - таңдау, сұрыптау)
|
Селекционер ғалымдар шығарған бидай сорттары
|
1.П.П.Лкуьяненко шығарды–Безостая-1, Аврора, Кавказ сорттары
2.В.Н.Ремесло шығарды – Мироновская юбилейная, Мироновская 808, Ильичевка
3.Н.Л.Удольская шығарды – Қазақстандық – 126, Қазақстандық – 3, Қазақстандық – 4
|
Күнбағыс сортын шығарды
|
В.С.Пуставойт
|
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
|
1.Жерорта теңізі жағалауы
2.Алдыңғы Азия
3.Орта Азия
4.Үнді-Бирма ауданы
5.Қытай, Көрея
6.Үндіқытай
7.Орталық Америка
8.Оңтүстік америка
|
VII Бөлім
Вирустар дүниесі
Вирус (лат. «virus» - «у») - жасушасыз ағза. Вирустар - тек тірі жасушада ғана өсіп – өне алатын, жасушасыз, шығу тегі белгісіз ағзалар.
1892 ж Д.И.Ивановский темекі теңбілі вирусын ашты. «Вирус» терминін ғылымға 1899 ж. М.Бейерник енгізді.
Вирустарды вирусология (лат. «virus» - у, «logos» - ғылым) ғылымы зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |