«сенім-банк» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 қарашадағы №92 Шешімімен Бекітілген



жүктеу 218.87 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі218.87 Kb.
«СЕНІМ-БАНК» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 қарашадағы №92 Шешімімен Бекітілген

Тіркеу № Бх-013

«СЕНІМ-БАНК» АҚ банктік операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының қолданыстағы банктік заңнамасына, «СЕНІМ-БАНК» АҚ Жарғысына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Банктің Кредит саясатына, Депозиттік саясатына, Есептік саясатына және басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген. Ереже «СЕНІМ-БАНК» АҚ жүргізетін банктік операцияларды жүргізу қағидаларын, тәртібі мен процедураларын анықтайды.

  2. «СЕНІМ-БАНК» АҚ (бұдан былай – Банк) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі банктік операциялар және басқа операциялар жүргізуге, бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаруға берген 2008 жылғы 26 қыркүйектегі №204 лицензияның негізінде қызмет атқаратын екінші деңгейлі банк болып табылады.

2-тарау. Ұсынылатын қызмет түрлері




  1. Банк теңгеде және шетел валютасында келесі операцияларды атқаруға құқылы:

  1. заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  2. жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  3. банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

  4. кассалық операциялар: қолма-қол ақша қабылдау және беру, соның ішінде қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, қаптау, сақтау;

  5. аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары жөніндегі тапсырмаларын орындау;

  6. есептік операциялар: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және басқа да борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  7. банктік қарыз операциялар: ақылы, мерзімді болу, қайтару талаптарында ақшалай кредиттер беру;

  8. шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

  9. аккредитив ашу (беру) және растау, ол бойынша міндеттемелер орындау;

  10. ақшалай орындауды қарастыратын банктік кепілдіктер беру;

  11. үшінші тұлғалар үшін банктік кепілдемелер және ақшалай орындау қарастыратын басқа да міндеттемелер беру.

  1. Банк банктік заңнамамен қарастырылған басқа да операцияларды атқаруға құқылы:

  1. лизингтік қызмет атқару;

  2. меншікті бағалы қағаздарын (акцияларды есептемегенде) шығару;

  3. факторингтік операциялар: төлемеу тәуекелін қабылдап, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан талап ету құқықтарын иелену;

  4. форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін төлеу.

  1. Банк Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес валюталық бақылау агентінің функцияларын атқарады.

3-тарау. Депозиттерді тарту




  1. Банк теңгеде және шетел валютасында заңды және жеке тұлғалардың келесі депозиттерін қабылдайды:

  1. талап етілгенге дейінгі депозиттер;

  2. мерзімді депозиттер (1 айға, 3 айға, 6 айға, 12 айға);

  3. ұзақ мерзімді депозиттер (24 айға, 36 айға, 37 айға, 48 айға, 60 айға);

  4. шартты депозиттер;

  5. кепілдікті депозиттер.

  1. Банк Банктік салым шарты бойынша банктік шот ашқанда салымшыдан немесе оның пайдасына келіп түсетін ақшаны (салымды) қабылдауға, Банктік салым шартымен қарастырылған мөлшерде және тәртіпте ол бойынша сыйақы төлеуге, осы түрдегі салым үшін қарастырылған талаптарда және тәртіпте салымды қайтаруға, Банктік салым шартымен қарастырылған басқа да қызметтер ұсынуға міндеттенеді.

  2. Банктік салым шартында келесілер көрсетіледі:

  1. Шарттың мәні;

  2. салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеушінің – салымшының тіркеу нөмірі;

  3. Банк ұсынатын қызмет талаптары және төлеу тәртібі.

  1. Банктің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша қызмет көрсету талаптары:

  1. салымның ең аз сомасы – 15 000 теңге, 100 АҚШ доллары, 100 еуро;

  2. депозиттің ең көп сомасы уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерге сәйкес есептелген сомадан көп болмайды;

  3. депозиттердің барлық түрлері бойынша шек қойылмай салымды толықтыру мүмкіндігі;

  4. салым сомасының төмендетілмейтін қалдығына дейін ақша алу мүмкіндігі;

  5. салымды капиталдандыру мүмкіндігі немесе ай сайын пайыздарды алу;

  6. салымды автоматты ұзарту.

Банктік салым шартында тараптар келіскен басқа талаптар қарастырылуы мүмкін.

  1. Депозиттер бойынша шекті сыйақы мөлшері «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ ұсыныстарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің қозғалысын, ақша қаражатына сұраныс деңгейін, бұдан былайғы орналастыру мүмкіндіктерін, өңірдің экономикалық жағдайларын есепке ала отырып, Банктің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

  2. Банктің Активтер мен пассивтерді басқару комитеті депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілейді, бірақ ол теңгедегі депозиттер бойынша 10% жылдықтан және валютадағы депозиттер бойынша 7% жылдықтан аспауы керек.

  3. Мерзімді және ұзақ мерзімді шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сыйақы Шарт талаптарына сәйкес төленеді.

  4. Салым бойынша сыйақы бір айда 30 күнтізбелік күн бар, бір жылда 360 күнтізбелік күн бар деген есеппен, шот ашылған күннен кейінгі күннен бастап ай сайын айдың соңғы банк күні есептеледі.

  5. Банк салымшылардың ақша қаражатының сақталуына барлық мүлкімен кепілдік береді.

  6. «Сенім-Банк» АҚ – Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының қатысушысы.

4-тарау. Кредит беру




  1. Банк мақсатты пайдалану, мерзімді, ақылы болу, қамтамасыз етілу, қайтару талаптарында абайлау (сақ болу) қағидасына қарай заңды тұлғалар мен жеке Қарыз алушыларға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар береді.

  2. Кредит беру мерзімдері шектелген және нақты жобаларды іске асыру талаптарына қарай белгіленеді.

  3. Сыйақы негізгі борыш сомасына есептеледі және Банк пен Клиент келіскен мерзімде төленеді. (Сыйақы есептеу үшін бір жыл ұзақтығы 360 күнтізбелік күнге тең, бір ай 30 күнтізбелік күнге тең деп саналады).

  4. Кредитті пайдалану үшін Банкке сыйақы төлеу талаптары Банктік қарыз шартының бөлінбейтін бір бөлігі болып табылатын өтеу кестесіне сәйкес белгіленеді.

  5. Борышты және ол бойынша сыйақыны уақтылы төлемеу жағдайына айыппұл санкциялары Банктік қарыз шартымен қарастырылады.

  6. Қарызды пайдалану үшін сыйақы мөлшерлемесін анықтағанда келесілер есепке алынады:

  1. Банк активтері мен пассивтерінің экономикалық құны;

  2. Банктің барлық операциялары бойынша жалпы қалыптасқан пайыздық маржа;

  3. Республиканың қаржы институттары ұсынған нарықта қалыптасқан пайыздық мөлшерлемелер;

  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

  5. бағалы қағаздар бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемелер;

  6. қарыз беру мерзімдері.

  1. Қарыз операциялары бойынша негізгі мөлшерлеме келесіге байланысты түзетіледі:

  1. Қарыз алушының кредит рейтингі;

  2. қарызды қамтамасыз ету (ұлғаю немесе азаю жағына қарай);

  3. Қарыз алушының төлем қабілеттігі (тәуекел үшін қосу);

  4. салалық тәуекел;

  5. қарыз валютасы.

Банктің Кредит комитеті сұралған сыйақы мөлшерлемесі туралы мәселені қарыз берілетін әрбір нақты жағдайда шешеді.

  1. Банкпен ерекше қатынаста байланысты емес бір Қарыз алушыға немесе өзара байланысты Қарыз алушылар тобына берілетін кредиттің ең көп мөлшері Банктің меншікті капиталы мөлшерінің 25 % аспау керек.

  2. Өндірісті дамытуға, айналымдағы қаражаттарға берілетін кредиттер бойынша шекті мөлшерлемелер – 18-24 %, басқа мақсаттарға – 18-25%.

  3. Директорлар кеңесіне есеп беретін және Банктің Ішкі кредит саясатының ережелеріне сәйкес әрекет ететін Банктің Кредит комитеті Банктің несие портфелін басқарады, қарыздың берілуіне бақылау жасайды, кредит тәуекелін азайту және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету шараларын атқарады.

5-тарау. Банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар




  1. Қарыз алушылар пайдалану төлемін есепке ала отырып, уақтылы қайтарылуына қамтамасыз ету берген жағдайда Банк қарыз береді.

  2. Кредиттердің қайтарылуы кепілмен, кепілдікпен, кепілдемемен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа әдістермен қамтамасыз етіледі.

  3. Борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда кредитор (кепіл ұстаушы) басқа кредиторлардың алдында артықшылықпен осы мүлік тиесілі тұлғаның (кепіл беруші) кепілге қойылған мүлкінің құнынан қанағаттандыру алуға құқылы болатын, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі кепіл болып танылады.

  4. Кепіл туралы шартта Банктің бірінші кезекті кепіл беруді талап ету құқығы және Қарыз алушының шарт қолданылатын мерзім аяқталғанға дейін Банк кепілге қабылдаған активтерді Банктің рұқсатынсыз кепілге қоймау міндеттемесі қарастырылады.

  5. Банктің өкілі кепілге қойылған мүліктің болуын, оның техникалық күйін міндетті түрде тексереді. Тексеру нәтижелері тиісті актілерде көрсетіледі.

  6. Тәуелсіз сарапшылар немесе осындай қызмет атқаруға уәкілетті ресми органдар мүлікті бағалау актісін міндетті түрде рәсімдеп, кепілге қойылған мүлікті бағалайды.

  7. Кепілге қабылданатын мүлікті бағалау кезінде оның өтімділігі, сұраныс деңгейі, нарықтық құны, өтеу құны, өтеу кезіндегі тозу дәрежесі, басқа да критерийлер қарастырылады.

  8. Жылжымайтын мүлік нысандары, өндірістік қуаттар, жабдықтар, көлік құралдары, ТМҚ, басқа да өтімді мүлік кепіл мәні бола алады.

  9. Банк әрбір нақты жағдайда кепіл түріне және күйіне байланысты кепіл құнына қатысты пайыздық қатынаста есептелетін дисконтты бөліп, Банкті бағаның ауытқуымен байланысты тәуекелдерден қорғау үшін сатылған жағдайда кепіл құнының (сату бағасын, көлік, тарату шығындарын, баж салықтарын, салықтарды қамтитын) жеткіліктігін қамтамасыз ету мақсатында кепіл қабылдайды.

  10. Кепілге қойылған мүліктің тиесілігі белгіленген нысандағы құқық белгілеуші құжаттармен расталуы керек.

  11. Кепіл ретінде берілетін жылжымайтын мүлік нысандарына қатысты сату үшін сұралған мүліктің кепілге қойылмағандығы және тізілімге енгізілмегендігі туралы бағалау және тіркеу жөніндегі органның анықтамасы талап етіледі. Кепілге қойылған көлік құралы ЖПБ органдарында тіркелуі керек, қалған жылжымалы және жылжымайтын мүлік уәкілетті тіркеуші органда тіркелуі керек.

  12. Ортақ меншіктегі мүлік кепілге қойылғанда барлық қосалқы иелердің келісімі, сондай-ақ борыш қайтарылмаған жағдайда кепілді соттан тыс таратуға жазбаша келісімі талап етіледі. Егер мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе меншік иелерінің бірі болса, мүлікті және активтерді басқару жөніндегі аумақтық комитеттің рұқсаты қажет.

  13. Кепілге қойылған мүлік келісім бойынша Кепіл берушінің есебінен Кепіл ұстаушының атына сақтандырылуы мүмкін, сақтандыру полисі Банктің сақтауына беріледі.

  14. Кепілге қойылған мүлік қолданыстағы ережелерге сәйкес баланстан тыс шотта есепке алынады. Банк кепілге қойылған мүліктің жайына және қозғалысына тұрақты бақылау жасайды, нәтижелерін бухгалтерлік құжаттамада көрсетеді.

  15. Кепілдің жайын, сақталу талаптарын тексеру сол жерге бару арқылы жүргізіледі, тараптардың қол қойылған актісімен рәсімделеді, актіде кепілдің жалпы сомасының несие берешегіне қатысы туралы мәліметтер, мүліктің сақталуы, сақталу талаптары, Қарыз алушы балансының тиісті баптарында есепке алу жайы туралы ақпарат, кепіл ұстаушы ретінде Банктің кепіл мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулары көрсетіледі.

  16. Банк кепілге қойылған мүліктің жеткілікті болмау фактісін анықтаған жағдайда қарыз алушының банктік шотынан қамтамасыз етілмеген берешек сомасын өндіріп алу жөнінде шағым бере алады немесе қосымша қамтамасыз ету талап ете алады. Банктік шоттарда қаражат болмаған жағдайда қамтамасыз етілмеген берешек сомасы Банктік қарыз шартымен қарастырылған мерзімі кешіктірілген несие есебіне ауыстырылады.

  17. Банк нарықтағы баға үрдістерін, берешек жайын есепке ала отырып, кепілге қойылған мүлікті оқтын-оқтын қайта бағалауға, несие маржасының мөлшерін өзгертуге құқылы, бұл Кепіл шартында қарастырылады.

  18. Борыштың негізгі сомасы қайтарылмаған және сыйақы төленбеген жағдайда талаптары Кепіл шартында қарастырылатын кепілді тарату есебінен өтеледі. Кепілді тарату басталған кезден бастап Кепіл ұстаушының шешімі бойынша кредитті пайдалану үшін сыйақы есептеу тоқтатылуы мүмкін. Сауда-саттық арқылы кепілге қойылған мүлікті соттан тыс еркінен тыс тарату жеке Ережемен анықталады.

  19. Шығару және айналдыру ережелері басқа тұлғаға беруге немесе тапсыруға мүмкіндік беретін жоғары өтімді бағалы қағаздар кепілге қабылдануы мүмкін.

  20. Банк қор нарығындағы баға белгіленіміне, өтімділігіне, басқа да критерийлеріне қарай кепілге қойылған бағалы қағаздар құны мен санын анықтайды.

  21. Кепіл шартында қайтару кезіндегі бағалы қағаздарды бағалау талаптары қарастырылуы керек.

  22. Қарыз алушы «Депо» арнайы шотына кепілге қойылған бағалы қағаздарды есептеу үшін Алғашқы дилері немесе Номиналды ұстаушысы арқылы Орталық бағалы қағаздар депозитерийіне «Депо» (бағалы қағаздарды есептен шығару және есептеу) тапсырма береді. Кепілді рәсімдегеннен кейін Орталық бағалы қағаздар депозиатрийі осы факттің растамасы болып табылатын үзінді жазбаны береді.

  23. Кепілдік (кепілдеме) – заң актілерімен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда оның күшінде кепілгер (кепілдеме беруші) борышкермен бірге оның міндеттемелерінің толық немесе бір бөлігінің орындалуы үшін басқа тұлғаның (борышкердің) кредиторының алдында жауап беру міндеттемесін алады.

  24. Кепілдік (кепілдеме) шартымен басқаша белгіленбесе, бірге кепілдік (кепілдеме) беретін тұлғалар кредитордың алдында бірге жауап береді.

  25. Кепілдік (кепілдеме) шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін жасалуы мүмкін.

  26. Кепілдік (кепілдеме) шарты жазбаша жасалуы керек. Кепілгер (кепілдеме беруші) Банкке борышкер міндеттемелерінің орындалуы үшін өзінің жауапкершілігі туралы жазбаша хабарласа, ал Банк осы үшін қажетті қалыпты уақыт ішінде кепілгердің (кепілдеме берушінің) ұсынысынан бас тартпаса, Кепілдік (кепілдеме) шартының жазбаша нысаны сақталған деп саналады.

  27. Кепілгер (кепілдеме беруші) тұрақсыздық айыбын, сыйақыны (мүдде), борышты өндіріп алу бойынша сот шығыстарын, борышкердің міндеттемелерін орындамауына немесе тиісті түрде орындамауына байланысты туындаған Банктің басқа да шығындарын қоса алғанда Банк алдында борышкер сияқты көлемде жауап береді.

  28. Банк банкаралық кредит беру үшін кепілгер-банк пен клиент арасында жасалған Кепілдік (кепілдеме) шартын немесе басқа да жоғары өтімді қамтамасыз ету талап етуге құқылы.

  29. Тәуекелді азайту мақсатында кепіл беруші тарапынан кепілдіктің (кепілдеменің) берілу фактісіне растама алу керек.

  30. Банк кепіл берушінің қаржы жағдайына талдау жасау арқылы және/немесе кепілгердің (кепілдеме берушінің) қызмет көрсетілетін банкке міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеті туралы сұрау жіберу арқылы кепілдік берушінің төлем қабілеттігін тексеруге міндетті.

6-тарау. Есеп-кассалық қызмет көрсету




  1. Банктік шот – Банк пен Клиент арасындағы ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету бойынша шарттық қатынастарын көрсету әдісі.

Банктік шоттар Банк пен Клиент Банктік шот шартын және/немесе Банктік салым шартын жасағанда ашылады.

Банктік шоттар жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің ағымдағы, жинақ шоттары, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттары болып бөлінеді.



  1. Ағымдағы шот – Ағымдағы шот шартының негізінде Банк Клиентке ашатын банктік шот, ол бойынша келесілермен байланысты операциялар жасалады:

  1. Клиент ақшасының болуын қамтамасыз етумен және Банктің оны пайдалануымен;

  2. Клиенттің пайдасына ақша қабылдаумен (есептеумен);

  3. Банктік шот шартымен қарастырылған тәртіпте үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы Клиенттің өкімін орындаумен;

  4. Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Шартпен қарастырылған негіздер бойынша Клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен;

  5. Банктік шот шартымен белгіленген тәртіпте Клиентке ақша қабылдаумен және оған қолма-қол ақша берумен;

  6. Банктік шот шартымен анықталған мөлшерде және тәртіпте сыйақы төлеумен;

  7. Клиенттің талап етуі бойынша оған Банктегі Клиенттің ақша сомасы және Банктік шот шартымен қарастырылған тәртіпте жүргізілген операциялар туралы ақпарат берумен;

  8. Шартпен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, банктік тәжірибеде әдетте қолданылатын іскерлік айналым әдеттерімен қарастырылған, Клиентке басқа банктік қызмет көрсетумен.

  1. Жинақ шот – келесілермен байланысты операцияларды орындау үшін Банктік салым шартының негізінде Банк Клиентке ашатын банктік шот:

  1. Клиентке тиесілі ақшаның (салымның) болуын және Банктің оны пайдалануын қамтамасыз етумен;

  2. Клиенттен немесе үшінші тұлғалардан қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшалай емес әдіспен ақша қабылдаумен;

  3. Банктік салым шартымен анықталған мөлшерде және тәртіпте сыйақы төлеумен;

  4. Банктік салым шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен қарастырылған талаптарда, соның ішінде Клиенттің басқа банктік шотына аудару арқылы Клиенттің ақшасын (салымын) қайтарумен.

  1. Төлем төлеу және ақша аудару әдістері

Қазақстан Республикасының аумағында төлем төлеу мен ақша аударудың келесі әдістері қолданылады:

  1. қолма-қол ақша беру;

  2. төлем тапсырмаларын ұсыну;

  3. чектер беру;

  4. вексельдер беру немесе индоссамент бойынша тапсыру;

  5. төлем карточкаларын (соның ішінде микропроцессорлық төлем карточкаларын) қолдану;

  6. төлем талап-тапсырмаларын ұсыну;

  7. инкассалық өкімдер ұсыну;

  8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа әдістер.

  1. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік нұсқауларының талаптарына сәйкес Клиенттердің есеп айырысуларын қамтамасыз етеді.

  2. Банк есеп-кассалық қызметті ақылы негізде атқарады. Төлем талаптары «Банктегі қызмет тарифтері мен мөлшерлемелері» бөлімінде берілген. Төлем Клиенттерге хабар берілгеннен кейін ұсталынады.

7-тарау. Банктегі қызмет тарифтері мен мөлшерлемелері




  1. Операциялар жүргізу, қызмет көрсету тарифтері мен мөлшерлемелерін Директорлар кеңесі бекітеді және олар Банктік шот шартымен бірге клиенттерге ұсынылады.

  2. Тартылатын депозиттер мен берілетін қарыздар бойынша сыйақының негізгі пайыздық мөлшерлемелерін белгілеу Директорлар кеңесі бекіткен Активтер мен пассивтерді басқару комитеті (бұдан былай – АПБК) туралы ережеге сәйкес АПБК өкілеттіктеріне жатады.

  3. Банк қызметтерінің тарифтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу өкілеттіктері Банктің Тарифтік комитетінің құзыретіне жатады және Тарифтік комитет туралы ережемен анықталады.

  4. Қызметтер үшін төлемнің өндіріп алынуы туралы Клиентке міндетті түрде хабар беріледі.

8-тарау. Банктік және коммерциялық құпия



  1. Банк депозиторларының, клиенттерінің, корреспонденттерінің операциялары мен депозиттері жөніндегі ақпаратты, клиенттерінің коммерциялық құпиясын құрайтын басқа ақпаратты құпия сақтауға кепілдік береді.

  2. Банктік құпия депозиторларының, клиенттерінің, корреспонденттерінің банктік шоттарының болуы, иелері, нөмірлері, осы шоттардағы және Банктің өз шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді (банктік операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын есептемегенде), сондай-ақ Банктің сейфтік жәшіктерінде, шкафтарында, үй-жайларында сақтаулы клиенттердің мүлкінің болуы, иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтерді қамтиды.

  3. Осы мәліметтер шот иесіне немесе шот иесі Банкке келгенде берген жазбаша келісімі болғанда үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша несие бюросына ғана беріледі.

  4. Заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғаға банктік шоттардың ашылуы туралы салық органдарына Банктің міндетті түрде хабарлауы, валюталық заңнамаға сәйкес экспорттық-импорттық валюта бақылау үшін клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары жөнінде мәліметтерді кеден органдарына беруі, сондай-ақ салымшыларға ақшаны қайтарумен байланысты іс-шараларды атқаруы үшін еркінен тыс тарайтын банктің тарату комиссиясының депозиттерге міндетті кепілдік беретін ұйымдарға және банктер-агенттерге жеке тұлғалардың банктік шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді беруі банктік құпияны ашу болып табылмайды.

  5. Кредиттің алынуын растайтын құжат ұсынылған жағдайда банк басқармасының төрағасы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоятын жазбаша сұраудың негізінде шот (-тар) иесі қарыз алушы, кепілгер, кепілдеме беруші немесе кепіл беруші болып табылатын банкке банктік шоттардың болуы және нөмірлері туралы анықтама беріледі.

  6. Заңды тұлғаның банктік шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының болуы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы анықтамалар келесілерге беріледі:

  1. прокурор бекіткен қылмыстық істер өндірісіндегі тергеу және алдын ала тексеру органдарына;

  2. сот анықтамасының негізінде өндірістегі істер бойынша соттарға;

  3. қарауындағы материал бойынша құзыреті шегінде тексеру өндірісі туралы қаулы негізінде прокурорға;

  4. прокурор бекіткен клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына;

  5. тексерілетін тұлғаға салық салумен байланысты, сондай-ақ заңды тұлғаның әрекетсіздігіне қатысты мәселелер бойынша салық органдарына;

  6. атқару өндірісі органының мөрімен куәландырылған және прокурор бекіткен сот атқарушысының қаулысы негізінде атқару өндірісінің істері бойынша атқару өндірісінің органдарына.

  1. Жеке тұлғалардың банктік шоттарының болуы, нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ Банктің сейфтік жәшіктерінде, шкафтарында, үй-жайларында сақтаулы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтер келесілерге беріледі:

  1. нотариуспен куәландырылған сенімхаттың негізінде жеке тұлғаның өкілдеріне;

  2. тексеру немесе алдын ала тергеу органының мөрімен куәландырылған, бірінші басшы немесе тергеуші қол қойған және прокурор бекіткен жазбаша сұраудың негізінде жеке тұлғаның Банк шоттарындағы немесе онда сақтаулы ақшасына, басқа мүлкіне тыйым салынған, өндіріп алынған немесе тәркіленген жағдайларда өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша тексеру және алдын ала тергеу органдарына;

  3. жеке тұлғаның Банк шоттарындағы немесе сақтаулы ақшасына немесе мүлкіне тыйым салынғанда, өндіріп алынғанда немесе тәркіленгенде сот анықтамасының, қаулысының, шешімінің, үкімінің негізінде өндірістегі істер бойынша соттарға;

  4. қарауындағы материал бойынша құзыреті шегінде тексеру өндірісі туралы қаулының негізінде прокурорға.

  1. Банктік шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар банктік шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы клиенттің жеке шотынан үзінді жазба нысанында беріледі.

  2. Банктік шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы клиенттің жеке шотынан үзінді жазба келесілерді қамтуы керек:

  1. үзінді жазба күнін;

  2. үзінді жазба берілетін кезеңді;

  3. клиенттің атауын (аты-жөнін) және жеке сәйкестендіру кодын;

  4. клиент қызметін пайдаланатын банк атауын және банктік сәйкестендіру кодын;

  1. клиент ақша жіберуші (бенефициар) болса, бенефициардың (ақша жіберушінің) атауын (аты-жөнін) және жеке сәйкестендіру кодын;

  2. теңгедегі банктік шот бойынша – бенефициар банкінің (ақша жіберуші банкінің) атауын, банктік сәйкестендіру кодын, салық төлеуші-беиефициардың және ақша жіберушінің тіркеу нөмірін.

Бенефициар банкінің (ақша жіберуші банкінің) атауы және/немесе банктік сәйкестендіру коды клиент пен оған қызмет көрсететін банк арасындағы төлем төлеу, ақша жіберу кезінде көрсетілмеуі мүмкін.

  1. үзінді жазба берілетін кезең басындағы және соңындағы кіріс және шығыс қалдықты;

  2. төлем мәнін;

  3. үзінді жазба берілетін кезең ішіндегі дебет және кредит бойынша айналымдарды;

  4. банктік шот валютасын;

  5. Банктің уәкілетті тұлғасының тегін, аты-жөнінің бас әріптерін, мөртаңбаны.

  1. Жеке тұлғаның банктік шоттарының болуы және нөмірлері, олардағы ақша қалдықтары туралы анықтамалар, сондай-ақ Банктің сейфтік ұяшықтарында, шкафтарында, үй-жайларында сақтаулы мүліктің болуы, сипаты және құны туралы мәліметтер иегер қайтыс болғанда келесілерге беріледі:

  1. өсиет өкімінде шот (мүлік) иесі атаған тұлғаларға;

  2. нотариустың мөрімен куәландырылған оның жазбаша сұрауының негізінде мұрагерлік істер өндірісіндегі соттар мен нотариустарға. Нотариустың жазбаша сұрауына шот иесінің қайтыс болу туралы куәлігінің көшірмесі қоса ұсынылуы керек;

  3. өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша шетелдік консулдық мекемелерге.

9-тарау. Банктің және Клиенттің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі




  1. Банк міндетті:

1) Клиент барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда оларды қабылдаған күні оған банктік шот ашуға және оған есептелген ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге;

  1. ағымдағы шотқа келіп түскен қаражатты есепке алуға;

  2. шоттан ақша қаражатын аудару және беру туралы Клиенттің өкімдерін орындауға;

  3. қолма-қол ақша алу үшін Клиентке чек кітапшасын беруге;

  4. есепті күннен кейінгі күннен кешіктірмей сенімхат бойынша Банктік шот шартына сәйкес ағымдағы шоттағы қаражат қалдығының мөлшері туралы Клиентке үзінді жазбалар, ағымдағы шотының болуы туралы анықтамалар беруге;

  5. есеп және кассалық операциялар жүргізу мәселелері бойынша Клиентке кеңес беруге;

  6. есеп құжаттарын жөнелту барысында Банктің кінәсінен жоғалса, өз есебінен іздеуге;

  7. заң актілерімен қарастырылған жағдайларды есептемегенде ағымдағы шоттағы қаражатты Клиенттің рұқсатынсыз есептен шығармауға;

  8. Клиенттің операциялары мен шоты жөнінде құпия сақтауға. Заңнамамен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда Клиенттің келісімінсіз шоттардың жайы мен олар бойынша операциялар туралы мәліметтерді Банктің беруіне жол берілмейді;

  9. Заңмен тікелей қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда шот бойынша қозғалысты тоқтатпауға;

  10. Банктік шот шарты бұзылғаннан кейін клиент ағымдағы шот нөмірі туралы хабарлаған кезден бастап үш банк күні ішінде Клиенттің шотындағы қаражат қалдығын жаңа шотқа аударуға; заңды тұлғаның атауы өзгерсе, мөрі жоғалса немесе тозған болса, шот иесіне жаңа мөр әзірлеу үшін қажетті мерзім беруге. Мөр болмаған кезеңде заңды тұлға басшысы шот бойынша мөрсіз операциялар жүргізу туралы өзінің және бас бухгалтердің қолы қойылған жазбаша өтініш беруге міндетті;

  11. Клиенттің талап етуі бойынша банктік шотты ашумен, жүргізумен, жабумен және ол бойынша операциялардың тоқтатылуымен байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруге;

  12. Банктік шот шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, шот иесінің тапсырмалары, шот иесі акцептеген үшінші тұлғалардың талаптары; заңнамаға сәйкес шот иесінің акцептін талап етпейтін үшінші тұлғалардың талаптары; шотты жүргізетін банктің өкімі негізінде банктік шот бойынша операциялар жүргізуге;

  13. банктік шот иесінің пайдасына ақшаның қате қабылдану (есептелу) фактісі анықталған жағдайда Банк шот иесінің тиісті тапсырмасынсыз аталған ақшаны есептен шығаруға құқылы;

  14. Клиенттен шектеусіз қолма-қол ақша қаражатының қабылдануын қамтамасыз етуге;

  15. Клиентке төлем құжаттарын рәсімдеу жөнінде әдістемелік көмек көрсетуге;

  16. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешіміне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп жүйесіне енгізілген өзгерістер туралы Клиентке хабарлауға;

  17. Клиент банктік шот ашу үшін ұсынған құжаттарды банктік шот шартының түпнұсқасымен бірге арнайы ашылған істе сақтауға.

  1. Клиент (Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалар және оқшауланған құрылымдық бөлімшелері: филиалдары мен өкілдіктері үшін) міндетті:

  1. банктік шот ашу үшін қажетті барлық құжаттарды беруге;

  2. банктік шот ашылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Банкке басқа банкте банктік шоттың ашылуы туралы хабарлауға;

  3. есеп-кассалық операцияларды атқаруды реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік актілерінің және Банктің ішкі Ережелерінің талаптарын орындауға;

  4. Банкке деректемелерінің (пошталық мекенжайының, телефонының) өзгеруі туралы бірден хабарлауға;

  5. жуық арада қолма-қол ақша алу туралы өтінім беруге;

  6. Банктің банктік операцияларды жүргізгені үшін және қызметтерді көрсеткені үшін Банк бекіткен тарифтер бойынша Банкке комиссиялар төлеуге. Банк инфляция процестерін немесе үшінші тұлғалар қызметтерінің бағасының өсуін есепке ала отырып, ұсынылған қызметтер үшін аталған тарифтерді бір тарапты тәртіпте қайта қарастыруға құқылы;

  7. шот бойынша қаржы операцияларын жасағанда Банкке оның талап етуі бойынша қажетті құжаттарды беруге;

  8. Банкке моральдық және материалдық залал келтірмеуге, сондай-ақ Банктің беделін түсіретін әрекеттер жасамауға.

  1. Банк келесілер үшін жауапкершілік көтереді:

  1. заңнамамен белгіленген төлем жүргізу мерзімі ішінде Клиенттің шотынан қаражатты уақтылы есептен шығарманы үшін (Банк Клиенттің өкімін алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап белгілеу мерзімін есептеу басталады). Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

  2. Банкке келіп түскен күнді есептемегенде Банктің кінәсінен бір операциялық күн ішінде Клиенттің шотына қаражаттың уақтылы есептелмегені үшін. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

  1. Клиент шотына қате есептелген сомалар туралы жеке шотынан үзінді жазба алғаннан кейін үш күн ішінде Банкке хабарламаны үшін жауапкершілік көтереді, Клиенттен Банктің пайдасына әр кешіктірілген күн үшін дұрыс есептелмеген соманың 0.5% өндіріп алынады. Экономикалық санкцияларды қолдану кінәлілерді ереже бұзуды түзету мен міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

Басқарма төрайымы Е.А. Ташенова



беттің -беті


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет