Серік Мырзалы философия оқу құралы


V тарау. Жаңа уақыт мәдениетіндегі



Pdf көрінісі
бет104/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   422
тарау. Жаңа уақыт мәдениетіндегі 
Батыс Еуропа философиясы
Кiрiспе сөз
ХVII ғ. бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистiк қатынастар 
қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтiк-
экономикалық, саяси ахуалы, қоғам мен табиғатты танып-бiлу 
қажеттiктерi философия саласында болмыстық мәселелерден гөрi, 
ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда 
болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе 
жатқан «академия» деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь 
қаласында «Табиғат құпиясын зерттеу академиясы», осы кезде Англи-
яда «Лондондағы корольдық қоғам», Парижде «Жаратылыстану ака-
демиясы» құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль 
қазiргi физика мен химия ғылымдарының алғашқы кiрпiштерiн қалаған, 
Исаак Ньютон механика ғылымының негiздерiн жасаған, Христиан 
Гюйгенс алғашқы маятниктi, сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды 
айтып өтуге болар едi.
Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика 
ғылымы болды. Оның негiзгi себебi – өндiргiш күштердi дамыту, жаңа 
машиналар мен неше түрлi механизмдердi жасау қажеттiктерi болатын. 
Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделi өзгерiстер филосо-
фия саласына зор әсерiн тигiзiп, материализм ағымының механистiк 
түрiн тудырды. Ол Қайта өрлеу заманында дүниеге келген органистiк 
материализмдi ауыстырды. Ал мұның өзi сол кездегi қоғамдық 
санадағы басым дiни көзқарасты төңкерiп тастамағанмен, оның бiтiмiн 
өзгерттi. Бiрiншiден, дiни фанатизм бiрте-бiрте азайып, оның орнына 
дiни төзiмділік, әрбiр адамның қандай дiнге сенуге деген құқы мен 
талғамы iс жүзiнде сақтала бастады. Ғылым мен дiннiң арақатынасы 
бұрынғыдай «қос ақиқат» принципi арқылы шешiлiп, сонымен қатар 
деистiк (deus – латын сөзi, құдай) бағыт, күш ала бастайды. Деизм 
бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек Әлемді алғашқы жаратқан 
күш ретiнде ғана түсiнедi, ал содан кейiн жаратылған Табиғат өз 
заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бастайды, Құдай тағала оның 
өмiрiне ендi ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Мұндай көзқарас ғалымдардың 
табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңiнен жол ашты.
Ал жаратылыстану ғылымдарының өзiне келер болсақ, онда бiр-
бiрiне қарсы тұрған екi әдiс кеңiнен қолданыла бастады. Ол, бiр 
жағынан, табиғат құбылыстарын тәжiрибелiк жолмен байқап зерттеу, 
екiншi жағынан, дүниенi математикалық-дерексіздік жолмен сараптау. 
Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үлкен үмiт 


157
тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге кел-
ген схоластикалық ойлау жүйесi қатты сынға алына бастайды. Тарихта 
болған ұлы тұлғалардың ешқандай ой-пiкiрi жаңа дамып келе жатқан 
жаратылыстану ғылымдарына кедергi болмауы керек, олар ерiктi түрде 
өз пәнiн зерттеуi қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие 
болады.
Ғылым Құдайға қарсы емес, керiсiнше, ол табиғаттың терең 
заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдiреттiлiгiн көрсетедi деген 
пiкiр кеңiнен таратылады. Мiнеки, осындай қайшылықты жол Жаңа 
дәуiрдегi философияны тудырып, оны ары қарай дамытады. Ендi 
нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет