Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 6. Философияның негізгі атқаратын қызметтері



Pdf көрінісі
бет25/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   422
§ 6. Философияның негізгі атқаратын қызметтері
Жоғарыда көрсетілгендей, философия – ғылым мен өнер салаларына 
ұқсас, сонымен қатар адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын 
пән. Ол өзінің әртүрлі қырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты 
әсерін тигізеді, бүгінгі рухани дағдарыстағы адамзатқа оның жаңа 
өмір бағытын іздеудегі талпыныстарында философияның орнын асыра 
бағалау қиын.
Философия адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады. 
Бұл – осы пәннің ең негізгі қызметтерінің бірі.
Әрине, кез келген адамның дүниеге деген өз көзқарасы бар. Ол 
тұрпайы, фантастикалық, діни, мифологиялық т.с.с. болуы мүмкін. 
Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе 
рухани жағынан алғанда, пісіп-жетілуі сатысына 40 жасқа қарай келеді 
екен. Оны олар «акме» деп атаған. Яғни адам өмірде сол жасқа шейін 
шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден 
тәжірибе қорытып, осы қоршаған дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-
бірімен қатынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. Ары қарай 
жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған 
шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол 
пәнді оқымай-ақ өз-өзіне тағы да ашуы мүмкін. 
Алайда бүгінгі таңда, қазақ мемлекеті жаңа ғана қалыптасып, өзінің 
күшіне кіріп жатқан уақытта, бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен 
мемлекеттерге есігімізді кең ашып жатқан шағымызда, өз келбетімізді 
сақтап қалуымыз үшін (оны ғылымда идентификация дейді


37
(іdentіfіco – латын сөзі, теңеймін), біз дүниежүзілік философияны 
зерттеп, қазақ халқының дүниетанымы онда қандай орын алаты-
нын анықтауымыз керек. Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани 
дағдарысы неде, ғылым мен техника қаншалықты биік дәрежеге 
көтерілгенмен, қазіргі миллиондаған адамдар өздерін неге бақытсыз 
сезінеді, біз өзіміздің реформаларымызда қандай елдердің тәжірибелерін 
үлгі ретінде алуымыз керек және оларды өзіміздің ерекшеліктерге сай 
етіп пішуіміз керек деген т.с.с. сұрақтарға жауап беруіміз керек. Бұл 
сұрақтардың жауаптары жеке адам, я болмаса бүкіл қоғамның болашақ 
тағдырына әсерін тигізбей қоймайды. Ал олардың бәріне де терең 
жауап беру философия арқылы болмақ, өйткені барлығы – дүниеге 
деген көзқараспен байланысты мәселелер.
Бүгінгі таңдағы еліміздегі көп қиындықтар, тіпті қателіктер
біздің өмірді жаңарту жолындағы үстірт еліктеу, қайсыбір ақиқаттың 
нақтылығын ұмыту, жалпы алғанда, біздің жаңа қалыптасып жатқан 
саяси және экономикалық элитамыздың философиялық дайындық 
дәрежесінің тайыздығымен, интеллектуалдық элитаға мән бермеу-
мен көп жағдайда байланысты болып отыр. Әрине, сонымен қатар көп 
мәселелердің түп-тамыры біздің соңғы ғасырлардағы бодандығымызға 
кетеді. Бірақ оған қаншалықты сілтей береміз?
Дүниеге деген терең философиялық көзқарас әсіресе біздің жастарға 
керек. Өйткені жастар – елдің болашағы. Философияны терең оқып-
білген адамның ғана дүниеге көздері ашық, қазіргі адамзат өміріндегі 
болып жатқан шымшытырық тартыс, қайшылықтардың мәнін аша 
алады. Олай болса, өз өмірінің мән-мағынасын жете түсініп, осы өмірде 
өзінің шынайы орнын ала алатын болады.
Философияның келесі міндеті – оның әдістемелік қызметінде. Әр 
ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, 
әдістемелер қолданылады. Әртүрлі әдістер жеке, жалпы, ең жалпылық 
(философиялық) болып бөлінеді. Әдістер жөніндегі жалпы ілімді біз 
әдістеме дейміз. 
Бірде-бір таным, әсіресе философиялық, қайсыбір саналы адамның 
іс-әрекеті белгілі бір әдістерсіз, олар арқылы соған сәйкес әдістемелік 
түсініктерсіз болуы мүмкін емес. Жаңа дәуірдегі философия негізін 
қалаушылардың бірі Ф.Бэкон адамның дүниетанудағы қолданатын 
әдістерін қараңғыда жол көрсететін шамшырақпен салыстырған 
болатын. Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов: «Ғылымда қолданатын 
әдістермен көбінесе зерттеудің нәтижелігі тығыз байланысты. Жақсы 
әдістер арқылы өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. 
Ал қолданылатын әдістер нашар болса, онда данышпан ғалымның 
өзі бостан-босқа күш-қуатын жұмсайды», – деген болатын. Фран-


38
цуз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалыққа жеткізген жолды сол 
жаңалықтың өзінен кем емес екендігі туралы пікір айтқан.
Философия болмыс пен ойлаудың ең жалпы формаларын зерттеген-
нен кейін, олардың әдістемелік қызметі әділетті шындықтың жалпыға 
бірдей үлгілерін жасау арқылы, сол тұрғыдан жеке ғылымдардың 
орнын, зерттеуге керек таным құралдарын – санаттар, заңдар, принцип-
тер сияқты ұғымдарды анықтау арқылы жүреді. Әсіресе гуманитарлық 
пәндерді зерттеуде философияның құндылық, өмірдегі мән-мағыналық 
бағытты анықтаудағы қызметін асыра бағалау өте қиын. ХХ ғасырдағы 
ғылым мен техниканың өте тез дамуына байланысты философияның 
әдістемелік қызметінің де мәні өсуде.
Бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші 
жағынан, әртүрлі ғылым салаларын жақындататын «шекаралық» 
пәндер дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі 
экологиялық, демографиялық, урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. 
мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке ғылымдардың басын 
біріктіріп, үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал 
мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, әдістемелік принцип-
тердің негізінде ғана іске аспақ.
Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін, 
келесі тарауда біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни ол – фило-
софия тарихы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет