Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет327/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   422
теттік білім беру саласы айналып отыр. Ол елдердегі жоғары оқу 
орындары, негізінен, үш шеңберден тұрады. Оның өзегін лекциялар 
оқылатын, семинарлар жүргізілетін оқу кешендері, екінші шеңберде – 
ғылымның ең соңғы жетістіктерінің негізінде жасалған лаборато-
риялар, үшінші шеңберінде эксперименталды шеберханалар мен аз 
көлемді түрде жаңа технологиялардың негізінде ойлап шығарылған 
заттарды шығаратын мекемелер орналасқан. Яғни шығармашылық 
деңгейге көтерілген жастардың неше түрлі идеяларының іске асу-
ына барлық жағдайлар жасалған. Соның арқасында университеттер 
өндіргіш күштердің дамуының негізгі қайнар көзіне айналуда. Біздің 
жас мемлекетімізде де университеттердің дамуына жағдай жасалып 
жатқаны осы тұрғыдан алып қарағанда түсінікті болар. Әрине, бүгінгі 
таңда ең алдымен біз оқу орындарының лабораториялық базаларын 
күшейтуге көңіл аударуымыз қажет.
Постиндустриалдық қоғамды кейбір кезде «тұтыну қоғамы» деп 
атайды. Өйткені өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде 
халықтың көпшілігінің материалдық ахуалы биік деңгейге жетіп
қолдағы байлықтан ләззат алуға бағытталған, сол арқылы өзін қоғамға 


495
көрсету (демонстративтік тұтыну) өмір салты қалыптасты. Сонымен 
«homo consumer» (тұтынушы адам) дүниеге келді.
Бұл арада біз постиндустриалдық қоғамның теріс жақтарын 
талдауға көшеміз. Бірінші қоятын сұрағымыз: Индустриалдық қоғам-
дағы адамды құрал ретінде пайдалану, байлықты, капиталды негізгі 
мақсат-мұрат тұту жойылды ма? Әрине, жоқ. Постиндустриалдық 
қоғам өндіргіш күштерді өте биік дәрежеге көтеріп, миллиондаған 
адамдардың орасан зор күш-қуатын босатты. Ол күш-қуат қоғамның 
рухани жаңаруына, адамдардың жан-жақты дамып, шығармашылық 
деңгейге көтерілуіне жұмсалудың орнына материалдық заттар арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет