Серік Мырзалы философия оқу құралы


Адам, қоғам, тарих мәселелерi



Pdf көрінісі
бет174/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   422
Адам, қоғам, тарих мәселелерi
В.С.Соловьев адамзат өмiрiнiң мән-мағынасын жер бетiнде 
«Құдайдың патшалығын» орнатуға бағытталған iс-әрекеттен көредi. 
Ал ендi жеке адамға келер болсақ, ол – екiжақты пенде. Бiр жағынан, ол 
дене ретiнде айнала қоршаған дүниемен, екiншi жағынан, рух ретiнде 
Құдаймен байланысты. Соңғы адамды табиғаттағы ерекше пенде 
ретiнде көрсетедi – ол мәңгi, өлместiкке ие болған. Адам – Құдай мен 
материалдық дүниенi бiр-бiрiмен байланыстыратын, ғарышты тәртiпке 
келтiрiп, ұйымдастыратын пенде.
Адам өзiн тұлға ретiнде тек қана қоғам шеңберiнде iске асыра 
алады. «Қоғам – толықтырылған, кеңейтiлген тұлға болса, онда тұлға – 
нүктеленген, қысылған қоғам». Қоғамға бағынып, адам жоғарыға 
өрлейдi, ал оның өзiндiк ерiктi iс-әрекетi қоғамды ары қарай дамытады.
В.С.Соловьев қоғамның тарихи дамуын үш сатыға бөледi. Олар: 
рулық, ұлттық, рухани-ғарыштық. Соңғыға әлi жету қажет. Ол үшiн 
тек отбасын ғана емес, сонымен қатар экономика мен саясатты да 
моральдық тұрғыдан қайта өзгерту қажет.
Адамның табиғатпен қарым-қатынасына келер болсақ, ол да үш 
сатыдан өтедi: бiрiншi сатысында адам табиғаттың күштерiне тәуелдi, 
олардан зардап шегедi, екiншi сатыда неше түрлi iс-әрекет жасап, олар-
мен күреседi, ақырында табиғатты игерiп, өз еркiне көндiредi. Үшiншi, 
болашақ тарихта, адамзат табиғаттың идеалдық жағдайына өтуiне 
көмектесуi қажет.
Адамзат тарихына көз жiберiп, В.С.Соловьев халықтардың әртүрлi 
сатыда екенiн, адамдардың бiр-бiрiнен алшақтанып, жаттанғанын, 
шынайы өмiрдегi материалдықтың басымдылығын байқайды. Олай 
болса, негiзгi мақсат – адамзаттың басын рухани жағынан бiрiктiру 
қажет.
Адамның рухани жетiлуi тек қана дiнмен емес, сонымен қатар 
адамгершiлiк, өнегелiлікпен байланысты. Этиканың негiзгi ұғымы 
ретiнде ойшыл «iзгiлiк», «жақсылықты» келтiредi. Осымен қатар ол 
моральдық «ұят», «аяу», «пiр тұту» сезiмдерiне көп көңiл бөледi. 
Бұл кiсiнiң мынандай ғажап сөздерiн келтiрейiк: «Мен ұяламын, олай 
болса, тек қана табиғи емес, сонымен қатар рухани өмiр сүремiн, 
өйткенi мен өзiмнiң хайуандығымнан ұяламын, олай болса, мен адам-
мын». Аяу дегенiмiз – басқа адамға деген адами қатынас, оның өзiндiк 
құндылығын мойындау, осы сезiм әдiлеттiлiктi тудырады (өзiңе 
тiлемейтiндi басқаға да жасама). Соңғы пiр тұту адамның әке-шешесi 


256
алдындағы сезiмiн көрсетедi. В.С.Соловьевтiң адам мәселесiндегi негiзгi 
идеясы – ешқашанда адамға құрал ретiнде қарамау, оны әрқашанда 
мақсат ретiнде тұту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет