267
Төртiншiден, көшпендi халықтың арасындағы әлеуметтiк айырма-
шылықтар аз
болғандықтан, теңдiкке негiзделген
әдiлеттiлiк
құндылығы. Сондықтан да бүгiнгi таңда жүрiп жатқан қайта әлеу-
меттiк топталу – рестратификация (аса байлармен қатар кедей,
қайыршылардың пайда болуы) – адамдардың жан-дүниесiнде ауыр
жарақаттар қалдыруда.
Бесiншiден,
байлыққа жетуден гөрi,
ар-намысты жоғары ұстау –
бұл да халықтың қанына терең сiңген құндылық болып табылады.
Онымен тығыз байланысты бар нәрсеге
қанағат ету де – қазаққа тән
нәрсе.
Алтыншыдан,
ұжымдық мүдденi жеке мүддеден
жоғары ұстау – ол
да көшпендiлiк өмiр салтынан шығатын құндылық.
Жетiншiден, өне бойы көшiп-қону
барысында әрқашанда неше
түрлi қиындықтарды, қауіп-қатерлердi бастан кешуге тура келедi,
ол
ерлiктi, батырлықты қасиет етудi талап еттi.
Сондықтан беске
келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты
армандап, бiздiң бабаларымыздың көбi 20-25-iнде елiн аман сақтау
жолында өмiрлерiн қия бiлген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары
осы ұлттық қасиеттi бүкiл әлемге айқын көрсеттi.
Қазақ халқының
дербестiгiн көтере алмай жүрген кейбiр арам пиғылды саясаткерлер
оны бiлуi қажет.
Сегiзiншiден, көшпендiнiң өмiрi қысқа, өне бойы қауіп-қатерлерден,
соқтығыстардан тұрғаннан кейiн, ол күнбе-күнгi өмiрдi бағалап,
өмiрден
алудан гөрi болуды жаратқан. Әрбiр күндi той-думанға
айналдыру, өзiн шешен сөзбен, даналықпен көрсете бiлу, неше түрлi
сайыстарға қатысу,
«бiр сырлы, сегiз қырлы болу» –
бабаларымызға
тән нәрселер болған.
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген
ашықтық, қинал-
Достарыңызбен бөлісу: