Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет65/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   422
Алғашқы тектік күнә, оның салдары және одан құтылу – алтыншы 
ерекшелік. Алғашқы адам Құдайдың айтқан ізгілік пен жамандықты 
танитын ағаштың жемістерін алмау жөніндегі ескертуін тыңдамады. 
Ол адамның тәкаппарлығында, өзімшілігінде, ешқандай шектеуді 
жаратпауында, өзінің Құдай болғысы келуінде. Керісінше, адам 
шайтанның: «Сендер алманың дәмін татқан кездеріңде Құдай сияқты 
ізгілік пен жамандықты білетін боласыңдар», – деген ақылын тыңдап, 
күнәға батып, жердегі жұмақтан қуылды. Құдай оларды жамандық, 
зардап өлімге толы дүниеге өзінен алыстатып қоя берді. Адамның 
жасаған күнәсі бүкіл адамзаттың күнәсіна айналды, сонымен «өлім 
адам тағдырының үстінен өтеді, өйткені бәрі де күнәкар» (елші Пауыл).
Сонымен, алғашқы тектік күнә жеке адамды, ол қалай тырысса да, 
өзінің шегінен шығармайды, одан құтылу үшін Құдайдың қолдауы 
керек; бұл рухани жаңа көзқарас грек ой-пікірінен қанша алшақ тұр 
десеңізші! Грек философиясында күнә ұғымы бар болғанымен, оның 
мәні жөнінде сұрақ әлі қойылмаған болатын, сонымен қатар олар жан-
дүние өлген адамнан тірі адамға көшкен көзде жаңарып отыратынына 
сенген, ал философтарды алатын болсақ, олар дүниетаным арқылы 
өздерінің ақыл-ойының арқасында жан дүниесін тазарта алатынына 
күмән келтірмеген. Ал Ортағасырдың адамы Құдайдың қолдауынсыз 
күнәкарлық шеңберінен шыға алмайтынына сенеді. 
Жетінші ерекшелік – Рухани сенімнің дүниеге келуі. Гректер-
дің ойынша, сенім сезімдік танымнан шығады, ал сезіммен қабылда-
натынның барлығы – жалған, өтпелі, өзгергіш, сондықтан олар ақыл-ой 
(epіsteme) арқылы дүниені тануға, игеруге көп көңіл бөлді. Орта 
ғасырдағы ахуал ақыл-ойды шектейді, ғылымның ар жағында сенімнің 
бар екендігін мойындайды. Сөйтіп, адамның үшінші өлшемі ашылады: 
егер гректер адамды тек дене және жан-дүние деп алып қараса, қазір 
оған рухани сенім қосылып, «дене-жан-рух» адамның үш құрамды 
бөлігіне айналады. 
Сегізінші ерекшелік – Құдайдың сүйіспеншілігі.
Егер гректердің эросы адамды жетілдіруге ұмтылдыратын күш, 
сезімдік құдіретті әлеммен байланыстырушы ретінде қаралған болса, 


102
Ортағасырдағы діни түсінік бойынша, сүйіспеншілік («агапэ») адамның 
жоғарғы игілікке ұмтылысы емес, ол – Құдайдың адамдарға түсуі. Ол 
адамдарға берілген сый және қайырымды талап етпейді. 
Егер гректердің ойынша сүйетін – адам болса, жаңа рухани ахуал-
да – ол Құдай, оның сүйіспеншілігі – риясыз, ол күштіні де, әлсізді де, 
кемтарды да – барлығын сүйеді... Сондықтан адамдар Құдайға еліктеп, 
бірін-бірі сүюлері керек. Кімнің сүюге қабілеті жоқ, ол әлі Құдайды 
таныған жоқ, өйткені Құдай дегеніміз – сүйіспеншілік. Христиан діні 
жақыныңды, алысыңды сүйіп қана қоймай, сонымен бірге жауыңды да 
сүй деп, адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін талап 
қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет