612
Медеу СӘРСЕКЕ
болды ма? Мен өзім де Балқаш зауытын бай рудамен қамтамасыз
ету үшін Жезқазғанның ең шұрайлы кен қабаттарын нұсқадым.
Өйткені уақыт талабы солай болды... Құдайға шүкір, қазір бей біт
кез. Рас, мысқа ділгерлік азай ған жоқ. Қайта жыл сайын көбейіп
отыр. Ондаған жаңа кеніштер ашылды. Бұрынғыдай жанталас-
қан қимылды тежеп, кен қазу технологиясын бұзбай,
әрбір
жүлгені «бай», иә «кедей» деп талғамай, жүйелеп алсақ керек-ті.
Осыны жұрт тың бәрі түсінеді. Кеншілер де теріс демейді. Бірақ
орындар кезде еш кімнің елегісі келмейтіні неліктен? Ке ніш бас-
шыларына бір күн болса да жоспар беру керек. Әмбе соны жан
қинамай орындағысы келеді. Солай етіп, жасырудың керегі не,
шаш етектен абырой-атаққа ие болып, Еңбек Ері атанып,
орден
тағып жүр гендер де аз емес. Жезқазғанның бүгінгі халі осындай,
қымбатты Илья Ильич... Бұл туралы мен жиналыс сайын айтып
келемін. Бірақ менің сөзім – бұлжытпай орындайтын заң емес.
«Дұрыс айтасыз» деп мақұлдаған бо лады да, өз білгендерін әрі
қарай жасайды. Мы на Штифанов жолдас өт кен жылдың қақ жар-
тысын Мәскеуде өт кізді. Бі тіргені шамалы бірақ. «Гипроцветмет»
қағаздарын тексеруге алыпты да, жылы жауып қойыпты...
– Жә, соншама неге абыржыдың? Мен білетін Жезқазған бұл
ғасырға сыр бере қоймаса керек еді...
– Шынымды айтайын,
Илья Ильич, – деді Қаныш Имантайұлы
мұңая сөйлеп. – Күні ертең әлдеқандай бір білгіштің: «Сәтбаевтың
істеп кеткенін көрдің бе? Жер-көкке сый
ғызбай мақтаған
дүниежүзілік кені бір ғасыр ға жетпей таусылып қалды!» деп
жаз ғыруын естігім келмейді... Барланған кен, болжанған мыс
қазына түгелдей алынуға тиіс! Яғни қазылуға тиімді кеннің ең
төменгі құнары... Біз оны Гипроцветметке әзірлеген мәлімдемеде
нақты көрсет тік. Жезқазған кені үшін ең төменгі меже де сол,
бізге осыдан кем де, артық та керек емес, қымбатты Ильич!..
– Мұның да оңайға түспес-ау, Имантае вич.
– Сөйтсе де, Илья Ильич, өзіңіз көмек бермесеңіз, біз енді кімге
барамыз?
– Жә, өзің келген соң бас тартуға бола ма? Еркіме қоясың ба,
Имантаевич. Қаншама ұлы іске қатыстық,
қаншама игілікті
дүние
ге келтірдік!.. Ал сіз, Жезқазған барлаушысы, – деп
Штифановқа қарады, – есебіңізді кеңсеге әкел. Көрейік не шығар
екен? Жаңағы атағаның ақырғы меже ме?
– Иә, Жезқазғанның келешек тағдыры осы біз атаған соңғы
құнарға байланысты...