Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет235/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«...Соғысқа дейін-ақ, кен іздеу ісінің экономикасы зерттелме-
ген, ондай ілім әлі тумаған жылдарда Сәтбаев Жезқазған кені 
үшін ең тиімді құнар 0,4 пайыз мысы бар руда деп көрсеткен-ді. 
Одан төменгі құнар кеншілер үшін тиім сіз, ал ба йырақ кенді жы-
ныста қалдыру  қыруар металды біржола көму деген сөз... Бұл 
дау көп жылға созылып келіп, ақыры, 1963 жылы Гипроцветмет-
тің күрделі есеп жасауымен бітті. Институт мамандары ба-
йыту фабрикасына түсетін кендегі мыстың тиімді құнарын 
осы заманғы есеп машиналарымен анықтағанда, таңға л ар лық 
нәтижеге жолыққан: Жезқазған барлаушысы соғыстан бұрын 
көрсеткен ме же!.. Мұны да Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми көрегендігі, 
болжау қабілетінің ерекшелігі, дара, яки феномендігі демеске лаж 
жоқ!»
* * *
Қыркүйектің бас кезінде химия өнер кәсібін жедел дамыту-
ға арналған республикалық кеңес шақырылған-ды. Академик 
Сәтбаев онда «Қазақстандағы химия өнер 
кәсібінің шикізат 
қорлары, оның жайы жә 
не химия ілімінің міндеттері» деген 
тақырыпта баяндама жасайды. 
Денсаулығы бұл кезде де сыр бермеген.
Қазанның алғашқы күндерінде ғалым Ал 
тайға аттанады. 
Өскеменде болады. Кенді Алтайдың атақты қорғасын-мырыш 
алыбын, титан-магний комбинатын, Өскемен, Бұқ 
тырма ГЭС-
терін көреді. Зырьянов, Лениногор, Тышинка кеніштерінде бо-
лып, кен қазу жүріп жатқан участоктарды аралайды. Лениногор 
полиметалл комбинатының бір топ жетекші мамандары кен 
қазудың өнімді әдіс терін өндіріске сәтті енгізген үздік ең бектері 
үшін сол жылы Лениндік сыйлық ал ған-ды. Сыйлықтар комитеті 
өзінің төрал қа мүшесі Қ.И. Сәтбаевқа жаңа лауреаттардың дипло-
мын тапсыруды жүктеген. Бұл мін детті де ғалым осы сапарында 
орындайды.
Көп күндерге созылған дамылсыз жүріс шаршатты ма, әлде 
іштегі дерттің қайта білінген сағаты сол ма?.. Әйтеуір, Лениногор 
бауын аралап қайтқан кеште кенет лоқсып, біршама қиналады. 
Бірақ сапарын үзбейді. Алматыға келген соң ғана сырлас 
дәрігерлеріне көрініп, тағы да біраз күн радиоактивті сәулемен 
емделеді...


614
Медеу СӘРСЕКЕ
Алматыдан ғалым 1963 жылдың қараша айының 19-жаңасын-
да аттанған. Бір купеде үшеу. Жиені, археолог Кемел Ақышев 
және көмекші серігі Бөпежан Аяпбергенов. Мәс кеу де бірталай 
жұмыстары бар-тын. Ертерек барып, дәрігерге қаралу да ойында 
бол ған. Бірақ, барған бетте соған мұршасы келмеді... 
Сол қарсаңда СОКП Орталық Комитетінің желтоқсан плену-
мына әзірлік басталған. Онда химия өнеркәсібінің жай-күйі, же-
дел өркендету шаралары қаралмақ. Химия шикі заты аса қорлы 
Қазақстанның рөлі бұл мәселеде ерекше, Ғылым академиясын 
басқарушы әрі іздеуші геолог атағы жұртқа мәшһүр академик 
Сәтбаевтың пікірі келелі кеңесте өзгеше құнды болмақ. Әсіресе 
қабылданар қаулының жобасын әзірлеп, жиынның бағыт-
бағдарын анықтауда... Қыс қасы, Қа ныш Имантайұлы талай күн 
талмай отырып, СОКП Орталық Комите тінің химия өнеркәсібі 
бөлімінің басшылығымен үлкен жиынның дайындық комис сия-
сында еңбек етеді...
Желтоқсан пленумы да сол күндегі барлық жиындар сияқты 
үлкен дүбірмен өтті. Іле-шала КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 
басталды.
Сол қарсаңда Мәскеуге Таисия Алексеевна да жеткен. Уәде бо-
йынша, сессия біткен күннің ертеңінде екеуі Кисловодқа демалуға 
аттанбақ. Емдеу жолдамасы – қолдарында, жол билеті де әзір... 
ІІІ
Шаңқай түс мезгілі еді. Академиктер асханасында отырған 
ғалым кенет жайсызданып орнынан тұрып кетеді. Арғы түптен, 
тереңнен қозғалған ащы запыран демін тұншықтырып, бойын 
жайлап, әл-қуатын алып бара жатқандай. Бірақ президенттің 
кабинетінде өтпек төралқа мәжі лісінен қалған жоқ. Тек ұзақ оты-
ра алмады. Рұқсат сұрап шығып кетуге мәжбүр болды.. Лоқсуы 
мейманханаға жеткен соң да басылмады. Қан қысымы көтеріліп, 
халі сағат сайын ауырлай берді. Ақыры, таң ата жедел жәрдем ка-
ретасы науқасты Кунцеводағы үкімет ауруханасына жеткізді...
Консилиумдар едел-жедел шақырылады. Бірі операция жасау-
ды мақұлдаса, екіншісі науқастың үстелден тұрмайтынын ашық 
айтқан. Ең соңғысы қаңтардың екінші жартысында жиналған-ды. 
КСРО Денсаулық сақтау министрінің пәрменімен шақырыл ған, 
әлденеше академиктер мен ірі профессорлар қатысқан білгірлер 
кеңесі бұдан арғы көмекке дәрменсіз екенін мойындаған... 


615
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алғаш жығылғанда-ақ елден бірнеше адам ұшып келген-ді. 
Солардың алдыңғы легінде немере қарындасы Райхан Әбікей-
қызы Сәт 
баева мен тұңғышы Ханиса – екеуі де медицина 
ғылымдарының докторлары. Одан соң қыздары – Шәмшиябану, 
Мейіз, Мә риям, інілері мен күйеу балалары, жекжат-туыстары. 
Сыр қаты жайынан хабарланған соң-ақ ежелгі дос тары да топта-
на келіп жатыр. Көпшілігі «жұмыспен жүрміз» деп сылтаура-
тып келеді де, қасында бірер күн отырып, қинала қоштасып елге 
қайтады. Мәскеу ғалымдары, әсіресе геолог әріптестері де күн 
құрғатпай жиі келген...
Бәрі де сырқат қозғалысын шектеп, аурухана төсегіне «бай-
лап» қойған кіріптар халін жеңілдетіп, кірбең тартқан көңілін ау-
лау септігін тигізген. Әйтсе де... Өз күйтін ойлап өмір сүрмеген, 
ес білгелі күллі ғұмырын «Ең бек, тек қана игі еңбек!» деумен 
өткізген, адуын заманы да сөйтуге мәжбүрлеген бейнетқор 
тұлға сол күндерде де бой дертін күйттеп тыныш жата алмады. 
Көңілі хош көрген, араласуы қажет-ау деп білген үлкенді-кішілі 
жұмыстардың бәрімен де аста-төк шұғылданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет