90
Медеу СӘРСЕКЕ
гіленіп, біртұтас республика болып толық құралған да жоқ. Сыр
бойы мен Жетісу – Түркістанға қарайды;
Ақмола мен Торғай,
Жайық пен Есіл бойы, Астархан мен Атырау – Орынбордан бас-
қарылатын төң керіс комитетіне, ал Ертіс бойындағы қазақ уез-
дері губерния аталғанымен Сібір өлкесіне бағынышты. Бұхара,
Қоқан хандықтарының иелігінде, Ташкент маңын әзірше ежелден
қоныстанған қандастарының тағдыры беймәлім.
Сайын далаға «Есім ханның ескі жөні мен», «Қасым
ханның
қасқа жолымен» төре лік айтып, бұрынғы билердің билігін үлгі
етуге болмайтындығы және айқын. Бұған дейін даугерлерді бі-
тістіріп, дауласушы руларды бітімге жүгіндіріп келген, өз әкесі
Имантай би қолданған ата жолы, ақсақалдар төрелігі әжетке енді
жарамайды.
– Бостандық заңы бойынша үкім айтасыз, жас жігіт. Ақ пен
қараны
адаспай айыратын көзі ашық, оқыған азаматсыз. Төң-
керісшіл пролетариат қолыңызға берген құқық ты әділ пайдала-
нып, ар-инабатқа сүйеніңіз... Езіл ген бұқараның, жалшы қауым-
ның қорғаны болыңыз. Сонда ғана ісіңіз алға жүреді, халықтың
сеніміне ие боласыз. Кеңес өкіме т і нің сенімді өкілі, жалынды
үгіт шісі атану – сізге басты міндет! –
деген-ді большевик Позд няк
тұңғыш кездесуде.
Бұл міндетті жас азамат қалай атқарған?
Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін сол күндегі сот жұмыста-
рын ақтарып, нақты деректерге жүгіну шарт. Алайда судья
Сәтбаев 1920-1921 жылдары қараған жұмыстарының дені сақ-
талмаған...
Сондықтан көз көргендердің естелігіне жүгінеміз:
– Азан, Сазан деген дәулеттілерден кедей Қоқының көп жыл-
ғы еңбегін әперген;
– Найзабекұлы Оспанбайдан,
Рақымбайдан еңбекақы даулап
келген жалшыларына есе кескен;
– Мұстафа баласы Шәпи болыстан ақы даулаған қоңсылары-
ның жұмысын үлгілі сот мәжілісінде қарап, даугерлер пайдасына
шешкен.
Ел есінде сақталған елеулі
оқиға – Фатима қыздың дауы:
Қозған еліндегі беделді бір атаның сұлу қызы Фатима жастай
атастырылған күйеуіне
барғысы келмей, өз ауылын дағы көрікті
сері жігітпен көңілі жарасады. Қыздың қайын жұрты намыс
қуып, қызды зорлықпен байлап әкетеді. Қыз бірақ барған ауы-
лында да өжеттік көрсетеді. Жәбірленушінің аз-маз оқуы әрі за-
91
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ман тынысын аңдаған зерделілігі де болған сияқты, арызын өжет
қыз өлеңмен жолдайды.
Достарыңызбен бөлісу: