Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет41/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Шәрипа хор қызындай сұлу екен, ап пақ, бойшаң, қос бұрымы 
тоқпақтай, әдемі шолпылары жүрген кезде сылдыр-сылдыр етіп, 
ақ жібек көйлегі судырап тұрушы еді, үстіне оқалы барқыт 
қамзол киеді. Біз дің Қанке де жігіттің төресі. Құдай тағала 
екеуін тең ғып жаратқаны хақ. Пәуескелетіп алып кел дік, той-
думанның басы бет ашар айтылды. Неше күн жайлауда мә ре-сәре 
болдық. Шырлай ата-енесіне, бә рімізге сүйікті келін болды... 
7-0196


98
Медеу СӘРСЕКЕ
Шырлай атануының да мәнісі бар: жаздың мәре-сәре кезінде 
шаңырақ көтерген жастардың ақ отауы ауылдың басқа үй-
лерінен жырақтау тігілетін; қоңсы ауылдардың адамдары, ша-
руа қамдайтын біз дер таң сәріден оянамыз, ауыл тынышты-
ғын қадағалаймыз. Күн шығар алдында бір әнші құс жас отау 
тұсында шырылдайды да тұрады, бірнеше күн дәл солай әндетіп 
бақты. Көргенімізді Қанке мен Шәрипаға айтып едік, олар жы-
миып күлді де: «Ол құсқа тиіспеңдер, бақыт құсы шығар, біз дің 
отау дың шаңырағын әдейі таңдап, бақыт әнін, ақ тілегін жыр-
лап шырылдайтын шығар. Әулием, солай емес пе?» – деп Қа-
ныш келін ше гіне қарады да қапсыра құ шақтады. Біз де қуа нып, 
қоштай күлісіп: «Бақыт құсы шаңырағыңда ғұмыр бойы талмай 
шырылдасын!» – дестік. Шәрипа аты ұмытылып, жас ке лін ді 
үлкен-кіші «Шырлай» дейтін болдық.
(Шә 
рипа Смағұлқызы осынау лақап атпен, Құ 
дай қосқан 
қосағының өз сөзімен айтқанда, «шаңырағының құты» атанып, 
1987 жыл ға дейін үбірлі-шүбірлі үлкен әулеттің басы болып, ұзақ 
өмір сүрген – М.С.).
1920 жылдың жазы Сәтбай қажының үрім-бұтағы үшін ерекше 
қайырлы, мерейлі болды. Ауыл үлкендері оны Шырлай келіннің 
құт ты қадамына жорыған, тек сол ұзағынан болғай дескен-ді: 
шілде айының басында бала-шағасы мен зайыбы Қамиланы ертіп, 
ту Семейден Әбікей Зейінұлы келген; бұл кезде ол губерниялық 
оқу-ағарту бө лімінің меңгерушісі әрі семинариядағы оқытушы-
лық міндетін де мойнына қайтадан артыпты... Әлдекімдердің 
түртпектеуімен басына бұлт үйіріліп, ақ әскеріне «жол көр-
сеткен» былтырғы «қылмысы» пәле болып жа бысып, Әбдікәрім 
Жәмінұлы қыстан бері тұрақты жұмыс ала алмай, зықысы шығып 
жүрген. Оған да кешірім болып, туған ауылына аман-есен оралды. 
Баянауылға есеп бере барған Бөкеш те тындырымды әрекетіне 
мақтау естіп, ат-шапан сыйлық алып олжалы қайтады.
Соның бәрі жұрттың кеу-кеулеген құт 
тықтауына ұласып, 
ақыры Сәтбай ауылының көшбасшы ағасы Имекең төр жайлауға 
қонған соң ағайын-жекжатқа хабарлап, бұрынғыдай үлкен дыр-
дуға айналдырмай, Қаныштың отау үй болғанына той жасаған. 
Орайы келіп тұрғанда жақсылық та тегінде егіздеп туын-
дайды. Сол жыл 
дың қуанышы ерекше мол және қарымды 
болған. Ең бастысы, қазақ халқы екі ғасыр бойы зарыға күткен 


99
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бостандықтың алғаш қы нышанын сезінді. Бұл – 1920 жыл-
дың 26 тамызы күні Кеңес өкіметі ерекше дабырлап жария ет-
кен, Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңес республикасы құ-
рылғандығы туралы жарлық. Нәтижесінде, соған дейін он та-
рам бөлікке түсіп, қаншама әкімшілікке бағынышты болып, 
«өгей жұрт» теперішін тартқан қалың ел автономия алумен қоса, 
жер-су бірлігіне де қолы жетті. Ресейдің Сібірдегі әкімшілігіне 
қараған Семей, Ақмола, теріскей-батыстағы Орынбор губер-
ниясына бағынған Торғай, түстіктегі Жетісу, Сырдария облыс-
тары Түркістан республикасы атанған әкімшіліктен ажырап, 
ал күнбатыс өңірдегі қазақ уездерінің бәрі енді Кирревкомға 
қаратылып, шекара шебі де анықталды. Бұл болса – сонау бағзы 
заманнан исі қазақтың түсінде көріп, өңінде арман еткен, еркіндік 
аңсаған талай жайсаңы жанын берген, сол үшін қан төккен 
іс. Тежеулі еркіндік, құқығы мен ділі шектеулі мемлекеттік 
құрылым. Бұған да тәубе!
Алайда Мәскеудегі үкімет жариялаған ресми жарлық ежелгі 
қазақ жерінің біртұтас автономия болып шаңырақ көтеруіне 
жол ашқан жоқ. Сансыз көп кедергілер әр жерден төбе көрсетті. 
Солардың кейбірін ұлт пайдасына түбегейлі шешуге, сенесіз бе, 
жамағат, қиян шет түкпірдегі Баянауыл төңкеріс комитетінің 
мүшесі Қаныш Сәтбаевтың да белсене қатысып, табанды түрде 
күресуіне тура келеді.
IV
«Ежелгi қазақ жерiн бiр автономияға жинау» жұмысын 
Кирревком бiр жылға созған. Әдiлiн айтқанда, сол қарсаңда бұл 
оп-оңай жұ мыс емес-тi: екi ғасырдан астам уақыт жүйелi түрде 
жүргiзiлген отарлау саясатының салдарынан күнбатыс шептегi-
лер – «Астархан қазақтары», «Орынбор қазақтары», «Саратов 
(Сарытау) қазақтары» және «Царицын қазақтары» атанып, ал 
түстiктегiлер – «Түркiстан қазақтары» (оның құрамындағы 
қомақты ру тайпалары – «Бұхар мен Қоқан қазақтары» не-
месе «Тәшкент қазақтары), ал те 
рiскей мен күншығыстағы 
қалың ел – «Сi бiр қазақтары» деген жасанды атауға ие болып, 
бiртұтас ел болудан үмiтi үзiлген дәр менсiз жағдайда өмiр сүрдi... 
Шындығында, солардың бәрi бiр халық – дiнi, дiлi, тiлi бiр, жерi 
де әлмисақтан біртұтас қазақтар едi. Тек тағдыр жазуымен, түрлi 


100
Медеу СӘРСЕКЕ
тарихи жағдаяттармен бiр-бiрiнен қоныстары ажыраған, бiрлiгi 
де қожыраған. Ендi, мiне, сол халық Кеңес үкi метi жариялаған 
«Ресей қарамағындағы барлық ұлттар тең құқық 
ты» жобасы-
мен дербес автономия алды. Десек те, ұзақ жылдар бойы емін-
еркін билік құрған отарлаушы ел екі ғасыр бойы тежеусіз ием-
денген қисапсыз жерді оп-оңай қайтара ма? Әрине, сулы-нулы 
аймақтарды басып қалуға тырысқан... 
Алайда, «Сі 
бірдегі Ленин» аталған И.Н. Смирнов – бас-
қаруындағы өлкенi аса қуатты экономикалық аймаққа айналды-
руды жатса-тұрса көксеген тынымсыз қайраткер. Сол мақсат үшiн 
ол байырғы қазақ жерiнен де қомақты сы ба ға алуды көксеген: 
Қостанай, Петропавл, Омбы, Көкшетау уездерi тұтас қалпында
ал Павлодар уезiнiң кейбiр болыстары және Өскемен уезiнiң 
күншығыс бөлігi (Кендi Алтай аталатын, яки кешегi Қатын-
Қарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршiм аудандары, Зырянов, 
Риддер және сол қалалардың төңiрегiндегi пай далы қазыналы, 
ну орманды таулы өңiр) Сiбiр өлкесiнде біржола қалуға тиiс... 
И.Н. Смир новтың соған айтар уәжі: бұл уездерде орыстар басым 
тұрады; ал қазақтың саны отыз, көп дегенде қырық пайыздан 
аспайды; сол өңiр Кирреспубликаға берiлсе – екi халық өзара 
сыйыспай, қантөгiс туады-мыс; ең бастысы, өндiрiс ошақтарын, 
тау-кен жұ 
мыстарын Сибревком жедеғабыл жүр 
гiзiп, ортақ 
Отанымыз – Ресей Федерациясын нығайтуға қомақты үлес қосады-
мыс, ал қазақтар мал бағу болмаса, өндi рiстi ойдағыдай өркендете 
алмайды... 
Сiбір өлкесі басшысының ұлыорыстық шовинизммен ас-
тасқан бұзық ойын қостаушылар аз емес, ең шатағы ондай сат-
қындар дау лы уездердің өзінен де табылған: 1920 жылғы қаң-
тар айының бас кезiнде Павлодар ревкомы Семей губерниясы-
нан бө лi нiп, Омбыға тiкелей бағыну жайында ресми өтi нiш жол-
даған; әрине, Смирнов бұл ұсынысты дереу қолдап, уездiң түгел 
емес, тек қана терiскей бөлігін Сi бiр өл кесiне бiржола «қосуға» 
нұсқау бередi. Жыл басында өрбiген осы кикiлжiң жазға ұласады. 
Ревком басшысы П. Поздняк пен оның сенiм дi қолғанаты, қыр-
ғыз-татар секциясының меңгерушiсi Асқар Сыздықов уездiң Сиб-
рев комға тұтас қосылуын жақтаса, комитет мүшелерi Барлыбаев, 
Балпаңгеров, тағы бiр топ қазақ оқығандары Кирреспубликадан 
iрге бөлуге үзілді-кесілді қарсы шығады. Нәтижесiнде, тыныш 
отырған үлкен уезд екiге жарылып, айтыс-тартысқа душар болған. 


101
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Сiбiрлiк Ленин» бұзық ниетiнен ай 
ны 
май, тамыздың 
4-жаңасында «Сiбiрдi аудандарға бөлу» деп атаған қаулыға қол 
қояды. Ол бойынша Павлодар уезiнiң терiскейдегi 10 болысы 
Омбы уезiне қаратылады. Араны ашылған И. Смирнов үшiн бұл да 
аз. Павлодар уезiне қарасты 12 тұзды көлдi – Қарабас, Жақсытұз, 
Шақшантұз, Үлкен Қалқаман, Кiшi Қалқаман, Тайқоңыр, Бес-
тұз, Қарасор, Вишневое, Үлкен және Кiшi Табылжын, Коряков, 
оған қоса Шарлақ пен Ертiс аудандарын Омбы уезiне еншілеп, 
Павлодар қаласы төңiрегiндегi елдi мекендерi мен, тұз өндiре-
тiн көлдерiмен, орман шаруашылықтарымен Славгород уезiне 
меншіктеп береді. Сiбiрдің жаңа шекарасы ендi Павлодар 
уезiндегi Қандыкөлден басталып, Сарыкөл станицасы арқылы 
осы күнгi Екiбастұзды қамтып, оның түстiгiнен 15 шақырым 
жердегi Әлгiрей сорына дейiнгi зор аймақты орап, Ақсу болысын 
ортан белiнен баса отырып шығысқа қарай қиыстай жүрiп, ең 
аяғында Ертiстi кесiп өтiп, Жәмiш көлiнен Славгородқа тiкелей 
шығуға тиiс... 
И.Н. Смирнов түпкі ниетiн Ресеймен шекараны белгілеуші 
комиссия мәжiлiсiнде былайша дәлелдептi: «Аталған көлдерсiз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет