113
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бөлiнiп, әрқайсысы Баянауылға дейiн өз бетiмен жетуге уағ-
даласады. Бiр тәуiрi, профессор Усовтың жер зерттеушi деген рес-
ми куәлi гiнiң септiгi тиiп, Сәтбаев пен Белослюдовтан оның үй-iшi
бiр тәулiк бұрын аттанған...
Қайдауыл бекетi, 19 шiлде (сейсенбi):
«...Бекетші жолға атта-
нуды сағат 13-ке дейiн созды. Бiзге қойылған самауырдың суы да
сонша уақыт қайнады. Шөлдегенiмiз сонша, тiлiмiз таңдайға
жабысып қалды. Ми қайнатқан ыстық сағат сайын күшейе
түсті, ауаның құрғақтығы қу жанды шыдатар емес. Бекеттiң
iргесiнде тұратын орыс әйелiнен Катя (Екатерина Филимо-
новна – Усовтың жұбайы – М. С.)
сүт сатып алып, қазақ бәй-
бiшесіне ине сыйлап, бiр тарелка бауырсақ иемденгені жақсы
болды, сонымен оразамызды аштық. Жолға алып шыққан наны-
мыз көгерiп кеттi, ендiгi қорегiмiз – кепкен нан мен ыстықтан
ери бастаған сұй ық май... Ақыр аяғында қырық құрсау ескi ар-
бамен жолға шықтық. Қозғалған сәт
те-ақ ортаға жегiлген
асау ат әлденеден үркіп шаба жөнелді. Бiр үймеге жеткенде
жалт бұрылып, арбаны төң керiп тастады. Бiздi де бiр аз жер-
ге сүй рет тi. Дес бергенде мертiк кен нен аманбыз. Қол-аяғы мыз
тырналып, кей жерi мiздiң терiсi сыдырылғанын бастан құлақ
садаға дедiк. Бесқұдық бекетiнде кездескен кешегi жол серiгiмiз
жарақатымызға йод жағып таңып берген соң іле аттандық...»
Сол күні күнделіктен:
«...Жамантұз бекетiне үш шақырым
қалғанда арбаның артқы доңғалағы қирап, айдалада шоңқиып
отырып қалдық. Мезгiл кешқұрымға тақаған уа қыт, күнбатыс
шептен алашабыр бұлт пай
да болса да, әуе айналып жерге
түскендей қапырық ыстық басылар емес. Шөл та ғы да қыса бас-
тады. Мұндай шарасыз жағдаятқа бұрын-соңды тап болмаған
едiм, жаным күйреп, қатты қамықтым...»
Усовтың үй-iшi кеш бата әупiрiм деп Жамантұзға жетедi.
Достарыңызбен бөлісу: