Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет54/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

СІБІР ШАМШЫРАҒЫНДА
І
Технология институты Почтамт пен Бульвар көшелерінің 
өзара түйіскен тұсына орналасқан. Почтамт көшесі қа ламен 
қойындасып жатқан тақиядай дөңгелек тө бенің етегінен ұшар 
басына дейін созылады. Университет те, инс титут та сол төбенің 
қала жақ іргесінде, бір-біріне иық тіресе іргелес тұрғызылған 
ғимараттар. Екеуі де Том губерниясы ғана емес, ұлан-байтақ Сібір 
өлкесі мен Қазақстандағы бетке ұстар жоғары оқу орындары. Сол 
үшін де зиялы қауым Том өзенінің жағасында ірге тепкен бұл 
қаланы ХІХ ғасырда-ақ «Сібірдегі шамшырақ» атаған. Кейде тіпті 
ескі грек жұртының атақты ғылым ордасына теңеп, «Сібірдің 
Афинасы» деп те құрметтеген.
Шынында да, Том шәрі, айтса айтқандай, сол күнде өнері 
озық, өнеркәсібі біршама өркендеген, басқа да тірлік-тынысы 
Сібір қалаларының көбінен ілгері мекен-ді. Осындағы универси-
тет он тоғызыншы ғасырдың 80-жылы ашылған, ал технология 
институтының өмірге келуі – 1900 жыл.
Университеттің оқу корпустары ескі клас 
сикалық үлгіде 
қаланған, аудиториялары, кабинеттері биік те кең. Әсіресе бас 
ғимараты, кітапхана үйі, анатомия мұражайы, микробиология 
зертханасы, медицина факультетінің емханасы алыстан көз тар-
тып андыздап тұрады. Соларды қоршаған жасыл бақ қандай?! Ең 
ғажабы, оны ешкім отырғызбаған, осы құрылыстар жүрген кезде 
оталмай, таби ғи қалпында сақталған тайганың жұр на ғы.
Технология институтының оқу жайлары да әдемілігі жөнінен 
университет ғимараттарынан кем емес. Алғаш көргенде-ақ Қаныш 
өзін білім ордасы емес, айбары зор губернатор кеңсесіне, тіпті ескі 
заман гректерінің философтары мәжіліс құратын «құдайлар» хра-
мына тап болғандай сезінді. Құжаттарын кен факультетіне тап-
сырған. Михаил Антонович ескертіп қойған, факультет махалла-
сында қазақ жігітін жылы шыраймен қарсы алды. ГубОНО-ның 
арнаулы жолдамасы мен мұғалімдер семинариясының аттеста-
тын көрген соң-ақ тек қана математика пәнінен емтихан ұстауға 
міндеттеді.
Математикадан бұдан екі жыл бұрынғы тиянақты әзірлігін 
ұмыта қойған жоқ-ты. Бұрын-соңды білгенін қайыра пысықтады. 


132
Медеу СӘРСЕКЕ
Содан бір күні профессор В.И. Шумиловтың алдына келген. 
Көңілінде қобалжу бар. Өйт кені бұл кісінің одағай қылықтары 
жайында алуан қауе сет тер естіген... Шынында солай болды. Үс -
тінде қазақы күпі киіп, елтірі тымағын қолтығына қысқан, кең 
қоныш саптама етігімен айнадай жылтыр паркетті тосырқағандай 
жасқана басып (емтихан ұстаушының оқшау киім 
і 
нің өзі-ақ 
«Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой 
туғызған), алдына имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке мате-
матика профессоры одырая бір қарап, дереу алгебралық теңдеу 
құрай бастады, екі бел гісізді қарапайым есеп. Қаныш қинал ған 
жоқ, оп-оңай қағып тастады. Профессор «Әй, мынау, түйеден 
түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей таңданыспен сы-
нақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне та ғы бір мәрте 
одырая қарап, алғашқыдан едәуір күр делі бірнеше есеп жазып, 
алдына қой ды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы 
теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт 
ойлануға тура кел ді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.
– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – 
деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, тең-
сіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу 
белгісі тұруға тиіс...
– Оны қайдан білдің?
– Теңелу шарттарын тексеру арқылы...
– Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз да ласында қой бақпай, 
үнемі есеп шығарып жүргенге ұқсайсың. Бірталай жан осы 
теңдеуден шатылып еді, ал сен сүрін бей өттің. Жарайсың, жай-
саң киргиз, жа йыңды білдім. Оқи сың біздің храмда, оқисың! 
Әлгінде ғана құрыстанып отырған профессор Шумилов кә-
дімгідей жадырап, аяқастынан масаттанып қал ды. 
Сонымен, Қаныш – технология институтының кен факультеті-
нің студенті. Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік орда-
сына қолы жеткен бақытты жан!..
Ендігі әңгіме тіршілік ахуалы турасында: институт пен уни-
верситетте екеуара жалғыз жатақхана бар; одан орын сұрау – 
үмітсіздің шара сы, өйткені жатақхана кереуеті жоғарғы курстың 
студенттеріне ғана беріледі... Шынтуайтын айтқанда, соларға да 
жетпейді. Өзге шәкірттер өзара қоғамдасып пәтер жалдап, жеке 
меншік үйлерде тұрады. Ал пәтер жалдауға қаражаты жоқтары 
институттың вестибюльдерінде, аудиториялардағы сызу тақта-
лары мен ұзын үстелдер үстінде тү 
нейді. Институт басшыла-


133
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ры бұл гәпті жақсы біледі, шәкірттердің шарасыз күйіне, сірә, 
көмектескені шығар, көпе-көрінеу елемегенсиді. Сөйт кен «баспа-
налары» жылы болса жөн-ау. Оқу корпустарына от жағылмай-
ды. Дәрісті студенттер тон, күпілерін шешпей қожыра йып оты-
рып тыңдайды (әкесінің ақылына құлақ асып, қырда киетін 
күпі, тері кәзекей, тон, саптама, тымағын ала келгеніне Қаныш 
мұндай қуанбас). Дәуіттегі сия жарым сағатта қатып қалады. Сол 
себепті әр студент бір уыс ұштаулы қарындаш әкеліп, сонымен-
ақ сүйкектетіп жазады. Шумилов сияқты профессорлардың 
дәрістерін жазып үлгеруге де еп қажет: оң қолы тақтаға ұшы-
қиырсыз теңдеу, формулаларды тізіп жатқанда, сол қолындағы 
шү берек үстіңгі жолдағы жазуларды сүртумен болады. Үлгерме-
дім деп айтып көр – мақау атанасың, болмаса аудиториядан та йып 
тұруыңды талап етеді. Қырсық мінезіне Василий Ивановичтің 
қыруар білі мі тең, шынайы ғұлама адам! 
Шәкірттердің күн сайын тамақ тауып ішуі де оңай емес. 
Төрт жүз грамм қара нан алу үшін институт ләпкесінің алдын-
да әлде неше сағат кезекте тұру керек. 1921 жылы студенттер ас-
ханасы жұмыс істемеген. «Қи ын шылықтар күн сайын аяқтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет