335
ШЫҒАРМАЛАРЫ
амал қанша, тоқтап қалған, оны тұрғызып, жүргізудің сәті тек
1974 жылы ғана түсті).
Сөйтіп, үш алыпты өзара темір жолмен байланыстыру тура-
лы кемеңгер ойдың дер кезінде жүзеге асуының пайдасы екі
жылдан соң, Ұлы Отан соғысының ауыр күнде рінде, сұрапыл
майдан миллиардтаған (бәл
кім,
триллион
дап!) оқ пен сна-
ряд қаптауын – жез гильза ларын сұраған кезде айқын сезілмек.
Сарыарқаның үш алыбы майдан үшін ең қажетті қару шығара-
тын стратегиялық кеніштерге айнал мақ. Ал әзірше?..
* * *
1940 жылдың қаңтар айында Кеңгір су қоймасының құры-
лысы басталған. Көктемгі қар суын ұстап қалу үшін сәуірге дейін
бөгеттің алғашқы кезегін қайткен күнде бітіру қажет-ті. Өйткені
Төрткүл жазығының түстік шетінде қанат жайған Жаңа Жез-
қазған қа ласының құрылысы орасан мол су қорын талап еткен:
бұған дейін Кең гірден тасылып жүрген су тұс-тұстан ірге көтере
бастаған алуан құрылысқа жұғын болмасы анық. Сол себепті
алдағы барлық жұмыстың тағдыры су бөгетінің жобалан
ған
мерзімде ірге көтеруіне байланған...
Құрылыс алаңына көшірілген жылжы малы үш бу стансасы
тоқтаусыз жұмыс іс тейді. Бірақ жер қазуға қойылған ауыр тех-
никаны қамтамасыз ете алмады. Оған енді жүздеген жұмыскер
білегі қосылады. Тоспа іргесіндегі жұмыс күні-түні жүреді. Сол
жылғы ауа райы да шөл далаға шабуыл жа саушы ларға ерегес-
кендей адуын қы лық танытады. Күн ерте жы лып,
қар жылдағы
мерзімінен бір ай бұрын ери бастайды. Тоспа тұрғызу шылар үшін
қысылтаяң кезең туа ды. Қарсақбай аудан дық партия комитеті:
«Бар лығың да – бөгет құрылысына!» деп ұран кө те реді. Кеңгір
жағасына енді үй салушылар, кен шілер, жолшылар, металлург-
тер, кеңсе қыз меткерлері ке леді. Мұғалімдер ғана емес, жоғарғы
басқыш оқушылары да сабақты бірер аптаға тоқта тып, тәшкемен,
қап шықпен, жәшікпен то пырақ тасиды, жер қазады... Өйткені
жұрт биылғы қар суынан айырылып қалса, Үлкен Жезқазған құ-
рылысы тура бір жылға кеші гетінін түсінген.
Ешкім де уақытпен
санаспай, таңды күнге, күнді таңға жалғап, бөгет табанында жан
ұшыра жұмыс істейді. Мыңдаған адамның дүлей табиғатпен
айқасы түнде де, күшті про
жекторлар жарығымен жалғаса
береді.
336
Медеу СӘРСЕКЕ
18 наурыз күні кенет тасыған өзен лақ етіп бөгет табаны-
на жөңкіледі. Құры лыс шы лар үшін сын кезең туады: сағат са-
йын, минут сайын айдыны кеңейген жасанды көл бекімеген тоспа
іргесін соғып, топы рақ үймені ұрғылай бастайды; жан ұшырған
жезқазғандықтар бөгетті одан әрі бекемдеп, әлденеше тәулік бойы
су деңгейін күзетеді... Жанкештілердің күні-түнгі азапты еңбегі
ақыры жеңіспен аяқталды. Тасыған өзеннің солығы басылып,
сабасына түскен кезде, бөгет құрылысының бірінші кезегі әзір
екендігі мәлім болады...
Бірінші мамыр күні Кеңгір су қоймасы ның айдыны (жобада
«Досмырза бөгеті» делінген) жобаланған межеге көтеріледі.
Сол жылдың басында КСРО үкіметі
Жез қазған комбинатының
құрылысын Ішкі іс тер наркоматына жүктеу туралы қарар қа-
был даған-ды: биік лауазым иелері, сірә, Жез қазған қойнындағы
алып көмбенің қи сапсыз зор мүмкіндігін ақыр аяғында жете
түсініп, оны игеруді жеделдетуді қажет деп білген...
1940 жылдың басында Қ.И. Сәтбаев Мәскеуге жедел ша-
қырылған (сол үшін НКВД бас шылары арнайы ұшақ жіберіпті).
Жезқаз ғандық геологты сол кеште жаңадан ұйымдасқан Түсті ме-
таллургия наркоматының басшысы А.И. Самохвалов қабылдап:
«Ішкі істер наркомы Берия жол
дас бізге Жез
қазғанның жай-
жапсарын жете білетін, сол жер
дегі жұмыстың бүге-шігесін
түсіндіріп бере алатын шынайы маман әрі сенімді адам та-
уып беріңдер... деген талап қойды...» – деп, КСРО Ішкі істер
наркома
тына қарасты ГУЛАГ-тың (Тұтқындар ла
герь
лерінің
Бас басқармасы – М.С.) бастығы В.В. Чер ны шев пен кездестіреді.
Жаңа мекемемен кеңесу жұмысы бір аптаға созылыпты. Тәрізі,
Жезқазған атырабында жазға салым өріс алмақ құры лыс жұмыс-
та
рының түбе
гейлі шаралары жан-жақты тал
қыланған. Ал
жұмыс, шынында да аумақ ты әрі өте зор көлемге жобаланған.
Біздіңше, Қаныш Иман тайұлы өзі аса мансұқ болған істің бұдан
әрі Отан қорғау мүддесіне
қызмет етіп, аса маңызды страте гиялық
мән ге көш ке нін сол сапарда жете ұққан. Де мек, оны енді ешкім
де еш уақытта тежей алмайды. Уақыт та үлкен Жезқазған үдесіне
қызмет етпек.
Шынында да солай болды. Жазға салым кен төбелердің айна-
ласына ГУЛАГ-тың атышулы лагерьлері жыпырлай орнығып,
қауырт жұмысқа кірісті. Иә, шөл дала шебін дегі елсіз, нусыз
қу тақырға ондаған мың шерменделер айдалып келіп, олардың
дені саяси баппен сотталғандар, яки текті тұқымнан туып, ата-
анасы бай-құлақ болғаны үшін иә Күн-көсемнің атына әлдеқалай
337
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сын айтып, болмаса жалақор көршісіне әлдебір қылығымен
ұнамағаны себепті «халық жауы» атан ғандар. Жан түршігерлік
жұмыс таң атқаннан
кеш батқанға дейін жалғасып, он мыңдаған
бейнетқор мұндар адам айтқысыз ауыр мехнат кешкен. Ату жа-
засы сор бейнетке ауысқанға тәубе деген бейбақтар жер астына
түсіп кен шапқан; қызылшақа тас қырты сты қопарып, зауыт пен
фабри каның іргесін көтерген; енді бірі жол төсеп, кірпіш құйған;
сөйтіп жүріп мыңдаған адам жер жастанған…
Рас, бертінде мыс көмбесі дүние жүзінде мәшһүр болып, алып
рудниктері мен еңселі үйлері сап түзеген қаланың негізі 1940
жылдың көктемінде бас еркінен айырылған, қарсылық ету-
ге ешқан дай құқығы жоқ, ерте дәуірдің
құлы есебінде болған
сормаңдай жандардың білек күшімен, сорғалап аққан терімен,
шектеусіз төгіл ген қанымен салынған. Сол азап бірер жыл емес,
1950 жылдардың орта шеніне дейін созыл ғаны – өмір шындығы.
Әлбетте, сол бейнетте Жезқазғанның жер асты қазынасын
әйгілеген кен іздеушілердің титтей де кінәсі жоқтығы түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: