35
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Семей көпестері Төменге жіберетін заттарын осы шәрге үйеді;
Орталық Ресейден, Омбы, Тобыл қалаларынан келетін жүктер
Коряков айлағына түсіріледі; өйткені өзен нің суы азайған жыл-
дарда Семей мен Павлодар арасындағы кеме қатынасы жаз
ортасында-ақ тоқтап қалады; сол себепті кең үйлердің ауласы,
жар қабақтың ат шаптырым жайдақ үсті де жүк
қоймаларына
айналған. Дала түкпі рінен түйе қомымен әкелінетін жүн-жұрқа,
мал терісі, Ертіс бойындағы казак-орыс станицалары беретін
мол астық, Коряков көлінің аткөпір тұзы, Екібастұздың көмірі,
Баянауылдың (Сарыадыр және басқа кеніштердің) мысы тоғысар
жері – Керекудің биік даңғазалы кең қоймалары... Анығында,
жергілікті кә сіпшілер қойманы көптеп салып,
жалға бе руден де
пайда табуға машықтанған. Қолөнер кәсібі тек шамалы өркенде-
ген: бәрі де майда-шүйде ұсақ кә сіпорындар – былғары илейтін
екі зауыт, са бын, май қайнататын, кірпіш күй діретін ша ғын
екі өндіріс, мал соятын қасапхана бар;
соңғы жылдары бұларға
Гиссен мен Герцен нің бумен жүретін диірмендері, миллионер Оси-
повтың тұз ұнтақтайтын фабрикасы мен қаладағы ең қалталы ка-
питалист мордва Деровтың тау-кен өндірістері қосылған...
...Мың шақырымдық Ертіс қорғаныс ше бінің бекіністерін күшейту үшін
соның ұзына бойына жеті жерден форпост (қарауыл күзетте
рі) тұрғызу
жобаланған, солардың бірі – 1720 жылы ірге тепкен Коряков станицасы.
Бертіндегі жазбаларда Коряковты көпес деушілер бар. Анығында ол – Ертіс
өңі
рі
не әскери міндетін өтеуге отбасымен
көшірілген казак-орыстардың
бірі, жүз дік шені болған, форпост салынған кезде ір гедегі көлден (бұрынғы
аты – «Апай көлі», Павлодар қаласы орныққан жер де арғынның Бәсентиін
руының Апай бұтағының атақонысы) ас тұзын өндіруді алғаш ұйымдастыр-
ған адам. Ертіс жағасынан салынған елді мекен содан беріде Коряков атанған,
жер гілікті қазақтар оны Керекуге айналдырған. 1770 жылы Ертіс бойын
аралаған саяхатшы ғалым П.С. Паллас бұл өңір туралы:
«Ко ряков күзеті
тұрғызылған Ертіс жағалауы қа ты насқа өте қолайлы. Ал Коряков көлінде
ас тұзының мыңдаған пұт сарқылмайтын мол қоры жатыр», – деп тамса-
на жазған. Тұз кеніші туралы Сібірді түбегейлі зерт теген саяхатшы Ипполит
Завалишин де 1862 жы лы Мәскеуден шығарған «Батыс Сібірдің сипатта-
масы» атты ғылыми ең бегі нің 369-бетінде:
«Коряков көлі емдік қасиетті
Достарыңызбен бөлісу: