Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет141/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

да жұмыс істейтін зоо лог, бота никтердің үлкен тобымен қай ы-
ра кездесті. Қаныш Имантайұлы бізге өзіміз шұғылда 
нып 
жүрген ілім саласында көптеген сауал 
дар қойды, ақырында 
өзінің көкейкесті пікі рімен бөлісті: қазақ дала сының жан-жа н-
у ар дүниесін түрлендіру, олардың өсіп-өнуіне жағдай туғызу жа-
й ын да өте қызықты, соны ойлар естідік. Филиал жетекшісі біз-
 ден балық ты көптен аулау мүмкіндіктерін ойлас ты рып, Қа-
зақстан жеріндегі омырт қалы түз жануарларын әжетке пайда-
лану жол дарын қарас тыру ды да талап етті. Тағы бір әңгімелесу 
үстінде республика фа у на сын түрлен діріп, өсімтал аңдарды кө-
бей ту, өзен-көлдерге кәсіптік балық тұ қым дарын жіберу тура-
сында да пікір алыс тық. Қ.И. Сәт баевқа зоология секторының 
қойдың жаңа түрі  арқар-меринос тұқы мын шығару жөніндегі 
жұмысы өте-мөте ұнады. Қаныш Имантайұлы филиалға кел-
ген кезде бұл жұмыста үміт күттір гендей нәтижелер көріне 
бастаған. Ақы рын да ол бұл зерттеуді өз бақы лауына алды.
Арқар-мериностың алғашқы отары өр ген Күрмекті базасы 
Қаныш Иман 
тай 
ұлы Сәтбаевтың ынтасымен құрыл 
ды, сол 
жерде қойдың жаңа түрін шығару сы на ғы жұртқа мәлім тамаша 
нәтижеге жетті».
Қаныш Имантайұлына ихтиологтар да жиі келетін болды. 
– Менің ата-бабамда балықшы атанып, қолына қармақ ұстаған 
кісі болмаған. Құдай басқа салған соң, амал не, балық кәсіпшілігі 
үшін де ұсыныстар әзірлеп, ғылыми кеңес ші болуға тура келіп 
отыр, – деген әзілмен басталған әңгіме кейде бірер сағатқа созы-
лады. Өйткені филиал жетекшісі өзінен кө мек сұрап келген зерт-
теу жайында толы ғырақ білгісі келеді. Өз ойын тықпалап, қайт-
сем де орындатам деген емеурін аңғарт пайды. Жасалып жатқан 
жұмыстың өмірлік маңызын бірақ қазымырлап сұрап, аса тиім ді
қажет-ау дегеніне көбірек қадалып, ұнат қан істі жадында ұстап 
қалады.
Сол жазда Іле бойына, Балқаш көлінің жағалауына бара жат-
қан зоологтар экспедициясы филиал жетекшісіне шақырылып, 
өзгеше тапсырма алып шықты.
– Сол өңірге су тышқанын жіберсек қалай болады? Ойланып 
көріңіздерші... Меніңше, аса пайдалы жұмыс!


356
Медеу СӘРСЕКЕ
Зоологтар байқап көруге уағда етті. Кейіннен бұл ұсыныс жы-
лына әл де не ше миллион сом таза кіріс әкелген игі ша р уа ға ай-
налды. Бірер жылдан соң су тыш қан дары Балқаш пен Іле бойын 
ежелгі меке ніндей-ақ біржола жайлап алды.
Бір күні химбиологтар келді. Жергілікті бір өсімдіктің тамы-
рынан тері илейтін реа гент жасап, арнаулы өндіріс ашуға мүм-
кін дік бар екен. Тек соны тері өңдейтін комбинаттардың бірінде 
тезірек сынау керек...
Осылайша күн түнге ұласып, ай жылға жал 
ғасып жатыр. 
Таң ата басталған қызмет (күн шыға төсектен тұру – Қаныш 
Имантай ұлының өмір бойғы әдеті) кешке дейін бітпейді. Астана 
кеңселерінің, әсіресе жауапты қызметкерлердің түнде де қызмет 
істеуі – үйреншікті машық. Жұртпен бірге сапқа тұрып, әскери 
жаттығуға да барады. Проти во газ, винтовка асынып, мезгіл-мезгіл 
әлде неше шақырымдық шеруге де шығып қоя ды. Өйткені әскери 
жаттығу, өзіңді әрқа шан да дайындықта ұстау – барлық дені сау 
аза маттың борышы деп жарияланған...
ІІ
Филиал бастығының басты назары, әрине, ге о логиялық ғы-
лымдар институтында (ҚазГҒИ) болған. 
Институт төңкерістен бұрын архиерей дің кеңсесі тұрған екі 
қабат шағын үйде, филиалдың секторлары да осында. Орын 
өте тар, ғылыми жұмыс түгілі, тізе бүгіп оты ратын жер жоқ. 
Институт аталғанымен, бұл ұжым да сол кезде небәрі 25 ғылыми 
қызметкер бар-ды, оның төртеуі ғана ғылым кандидаты. Төрт сек-
тор – геология, металдар, бейруда, гидрогеология бөлімдері және 
аналитикалық химия зертханасы жұ 
мыс істейді. Бұған дейін 
құрамында мың қаралы кісі бар іздеу шілер тобына жетекші болған 
іскер басшыға бұл сөз бе екен, ойнап отырып басқаратын мекеме. 
Бірақ олай болмады. Жұмысты мұнда да тыңнан бас тау ға тура 
келді – кадр әзірлеуден ғылыми жұ мыс жүргізетін орын іздеуге 
шекті. Ең қиы 
ны, институтты басқа 
руға үмітті болған кей 
бір 
ғылыми қызмет керлермен тіл табысу жүй кесін жұқартты: «Сіздің 
мына жұмы 
сыңыз 
дың пайдасы қан 
дай?» десе-ақ, шам 
данған 
байғұс: «Бұл мә 
селені сіз түсін 
бейсіз» немесе кейбірі: «Қара-
пайым геологқа мұны бағдарлау қиын, ол үшін сізге теориялық 
дайындықтан өту ке рек...» деп, ғылыми атағы жоқтығын ешбір 
қымсынбай бетіне айтады. Қарсы лықтың астыртын түрлері де 
көріне бастады. 


357
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қысқасы, қатардағы барлау орнынан келсе де, тісі шыққан, 
тиісті деңгейде жұмыс талап ететін басшы екендігін көрсетуге 
мәжбүр болды...
Бір жолы институттың химия зертханасы жұмыс ты тым сыл-
быр істейтіндігі, көптеген анализдер апталар бойы орындал-
май кешігіп жататындығы сөз болды. Дирек тордың кабинетіне 
шақырылған химик: «Анау жоқ, мы нау жоқ» дегеннен өзге жа ры -
тым ды жауап айта алмады.
– Сіздің айтып тұрғаныңыз – жұмысқа жауап бермеудің айласы! 
Алматы сықылды үлкен қалада отырып, мұнша жоқты тілге тиек 
ету ұят емес пе? – деп оның шалғайынан алған Қаныш Имантайұлы 
Қарсақбай комби на ты ның химия зертханасының тәжіри бесін 
әңгімелеп берген-ді. – Бір жылы қыста бүкіл Қарсақбайда ана-
лиз жасайтын бір грамм да спирт табылмады, жабдықтау шы лар 
дер кезінде жеткізе алмай қалған. Зертхана меңгерушісі Иосиф 
Израилевич Гехт сіз құсап, «Жоққа не істеймін?» деп қол қусы-
рып қарап отырған жоқ, комбинаттың қой ма сын ақтарып, бірер 
жәшік техникалық лак тауып келді. Ақыры, зәру спиртті солар-
дан қайта ағызып берді... Міне, көрдіңіз бе, қым баттым, жұмысқа 
ынтасы бар адамдар осылай істейді. Ал сіз маған үшінші мәрте: 
«Пәлен ше реактив жоқ, түгенше жоқ! Егер тапқы зып берсеңіз...» 
деп тұрсыз...
– Олай болса зертхананы өзіңіз мақтаған Гехтқа басқартыңыз, 
ал мен ғылымда атақ-абыройы бар ғалыммын, сізге қолбала бо-
лып, жаб дық таушы-агент әрі химанализ жасаушы мін де тін қоса 
атқара алмаймын. Сіздің айтып тұрғаныңыз – академия жүйе сіне 
қи ыспайтын ыңғайсыз талап, мұнда бәрі де сақадай сай тұруы ке-
рек... – деп, мең геруші есікті қаттырақ жауып шығып кетеді.
Амал қанша, ГҒИ-дағы санаулы ғылым кан дидатының біріне 
қош демеске шарасы болмады. Оның орнына Қарсақбайдағы 
білгір хи мик И.И. Гехті шақырды. Ол келген соң ин с титут зерт-
ханасының анализ жасау дең гейі шынайы академиялық деңгей-
ге көте 
ріліп, барлау трестерінің тексерме жұмыс 
тары мұқият 
және тез атқарылатын болды; со ғыс тан кейін Иосиф Израилевич 
диссерта ция қор ғап, хи мия ғылымының кандидаты атағына ие 
бол ды...
* * *
...Қазақ даласын геологиялық зерттеу 1920 жылға дейін 
ғылыми экспедициялар жасақтау арқылы жүргізілген. Олар едә-


358
Медеу СӘРСЕКЕ
уір қазба байлықтар ашты. Бірақ бірде-бірі сайын даланың ой-
қырын, өзен-көлін, жер қыртысын жан-жақты сипаттап, кен 
іздеу шілерге нұсқа болғандай геологиялық карта сызып берген 
жоқ.
Жиырмасыншы жылдан беріде даланы жоспарлы түрде зерт-
теу басталды. Съемкалар жасалды. Әрбір аудан, облысты шаруа-
шы лық, экономика лық қажетіне қарай кезекке қойып, он ша-
қы 
рымдық өлшем бойынша кар 
таға түсіру жүзеге асты. Бұл 
жұмысты Геолком маман 
дары атқарды. Олардың таң 
дау 
лы 
ғалым-геологтары Қазақстан қиырына барлау пар тияларын бас-
тап шықты. Қуаң далада бұрынғы экспеди ци ялар сияқты бірер 
жаз емес, әлденеше жыл дар бойы жұмыс істеді. Кен іздеді, су көз-
дерін қарады, геоло гиялық зерттеулер жүргізді...
Нәтижесінде Қарағанды отын оша 
ғы 
ның орасан зор қуаты 
мәлім болды. Ты ным сыз іздеуші М.П. Русаковтың Сарыарқа жо-
нын көп жыл шарлауынан соң «қайталама кварциттер» құпиясы 
ашылып, солар дың тінінде мыс кені шоғырланып, корунд, отқа 
төзімді шикізаттар жасырынып жата 
тыны анық 
талды. Өзі 
сомдаған теорияға сүйенген ол Қоңырат кенін тауып, Балқаш 
мыс зауытын салуға жол ашты. Нақ осы жөнмен ізденіс жасаған 
Р.А. Борукаев 1930 жы лы Боз ша көл мыс кенін тапты. Өзге де 
іздеушілер де қазына көмбелерін көптеп ашты...
Қарағандыкөмір, Алтайполиметалл, Ем бі мұ най, Арқада Ат-
басар түсті металл трестері тәрізді ірі-ірі өндіріс орындары-
ның ірге кө теріп, өнім бере бастауы тұрақты жұмыс істейтін 
геологиялық қызметтер құруға түрт кі болған-ды. Геолкомның 
Қазақстан дағы бөлім ше сі де осы қарсаңда ұйымдасқан: ту бас-
та Қызылордада ірге көтерген мекеме Қазақтың геологиялық 
басқармасы атанып, Семейге көш ті. Сол қарсаңда оны Ленинград-
та оқыған, кей ін нен Қазақстан барлау шы ларының ақсақалы 
атанған Рамазан Асланбекұлы Борукаев басқарды. Геология бас-
қармасында Г.Ц. Ме доев, А.Г. Гакоев, Б.И. Вейц тәрізді білімпаз 
барлаушылар жұмыс істеді. 1931 жылы Қазақ геологиялық бар-
лау тресі ұйым дасты. Се мей дегі басқарма 1939 жылы Алма тыға 
көшірілді.
Осы шаралардың бәрі, сайып келгенде, қазақ даласындағы 
барлық барлау қызмет терін бір орталыққа топтап, геологиялық 
зерт теуді үздіксіз және жоспармен жүр гі зілетін жүйеге айналды-
руды көздеген. Соғыс басталар қарсаңда бұл жұмыс пен Қазақ гео-
логия басқармасынан өзге Қазақ түс тіметалл, Алтайтүстіметалл, 


359
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қазақ 
кө 
мір, Қазақмұнай тәрізді ірі-ірі зерттеу трестері және 
барлық кен өндіруші комбинаттарда тұрақты ізденіс жасайтын 
геология бөлім дері мен барлау конторлары шұғылданған. Олар-
дың жалпы қарамы – 38. Бәрінде де тәжіри белі, білікті маман-
дар жұмыс істейді. Зерт теу шілігі жөнінен бұлар – ешкімге есе 
бермейтін іргелі топ. Кен көздері де бірінен соң бірі табылып жа-
тыр және әр алуан. 
Бұл орталық қалаларда ертеден шоғырланған геологиялық 
ғылыми ойдың жетекшілік рөлін әлсіретіп, жер-жердегі барлау 
орындарының күшеюіне жағдай туғызды. Күнбе-күнгі нақты 
ізденісте тәжірибесі молайған өндіріс мамандары көп мәселелер 
жөнінде зерттеу орнынан қашық та, тып-тыныш зертхана, жай-
лы кабинет терде отырып, жалаң теорияға сүйеніп пікір айту-
шы лардың беделіне қыңбайтын, жалпылама ақыл-кеңесіне сын 
көзбен қарайтын білгір 
лікке жеткен-ді. Табысқа тоқмейілсу 
емес-ті бұл! Орталық тағы мамандар қаншама терең білімді бол-
ғаны мен, қашықтағы Қазақстан қыртысын шала-шарпы біледі. 
Жазғы сапа рында көргеніне сүйеніп кесім айту оларды жаңсақ 
болжам дар жасауға жолықтыратын. Оның аяғы көбіне кен ор-
нын барлаушы гео логтар мен соған төрелік айтуға тағайын дал-
ған сарап шы ларды бітіспес дауға душар ете ді (Жез қазған туралы 
ұзақ жылғы сергел дең – соның айқын мысалы!), нәтижесінде аса 
мәнді кенді игеру әлденеше жылға кешігіп басталады... 
* * *
Республикадағы барлау топтарына тео ри я лық бағыт-бағдар 
жасап, ізденістеріне жол ашып отыратын ғылыми орталық ұйым-
дас ты ру ойы осындай игі талаптан туған-ды. 1940 жылы құрылған 
Геологиялық ғы лым дар институты кәнігі геолог Р.А. Бо ру каев-
тың басшылығымен бірталай жұмыстар атқарыпты, әсіресе 
тақырыптық зерт 
теу топ 
тарын ұйымдастыруда. Зерттеуші ма-
мандары да бірталай: И.И. Бок, Г.Ц. Медоев, И.П. Новохатский, 
Е.Д. Шлыгин. Г.Л. Ку 
шевтің есім 
дері геологтар қауымына 
жақсы таныс. Бәрі де Қазақстанда практикалық дала барлауымен 
шұғылданған іздемпаз мамандар. Алайда олар ғылыми жұ мыс қа 
енді ғана ауысып отыр. Институт ди рек торы іргелі міндет жүктеп 
талап ете алмаған ба, Қаныш Имантайұлы ГҒИ-ға тап болған кезде 
жас зерттеу ошағының шағын тобы не істерін білмей, теориялық 
ізденісіміз тап қазір кім 
ге керек дегендей енжар ойда екен. 


360
Медеу СӘРСЕКЕ
Көпшілігі «Отан үшін жан пида!» деген пиғыл-ниет пен, қанқұйлы 
жауға тойтарыс беру мінде ті міз десіп, майданға жіберуге арыз 
беріп ті... 
Қаныш Имантайұлы алғашқы аптада-ақ институт шұғылданар 
жұмыстардың бағда 
рын жария еткен: батыс шекарада жүріп 
жатқан алапат соғыс геолог-зерттеушілердің алдына төтенше 
міндеттер жүктейді; дирек тордың ойынша, зұлым жауға Кеңес 
Одағы ның барлық өндірісі, шикізат қуаты, әрбір кен тасы оқ, 
снаряд, танк, ұшақтар болып қарсы тұруға тиіс! Батыс шептегі 
өндіріс қуаттары уақытша істен шықты, кейбірі қиыр өлкелерге 
көшіп жатыр. Демек, негізгі салмақ бейбіт аудандарға түседі. 
Яғни, Орал, Сібір, Қиыр Шығыс, Орта Азия және Қазақ стан бұл 
жүкті жабыла көтеріп, Отан қорғау мүддесіне қажет шикізатты 
жоқтатпауға тиіс. Бәлкім, көптеген өндірістерді жаңадан ашуға 
тура келер. Институт маман дары бүгін таңдағы міндеттеріне осы 
тұрғы дан қарайтын болсын: шикізат көздерін іздеуге, тез ара-
да аяқтауға болатын жедел барлаумен шұғылдану шарт! Қиын 
міндет, бірақ басқадай амал жоқ. Өйткені таразыға – ел тірлігі, 
Отан тағдыры түсіп отыр. Қыс қасы, біз үшін нағыз майдан – кен 
көздерін көптеп ашу!..
Қаныш Имантайұлының талап етуімен ГҒИ-дың жаңа жоспа-
ры республика наркоматын да қаралды да, түгелдей мақұлданды. 
Оларды тездетіп жүзеге асыру міндеттелді, септігін тигізер ша-
ралар да белгіленді. Бұл институт жетекшісінің мәнді мәселені 
алдыңғы кезекке қоя білетінін, үкімет адамдарының да онымен 
есептесетінін айқын көрсетті. Оған қоса институт қызметкерлері-
нің қара 
мы үш есеге жуық көбейді; соған орай көпшілік 
қызметкерлер өндіріс орындарынан шақырылды жә не олардың 
ғылыми ата 
ғы 
ның бар-жоғына мән беріп қараған жоқ; оның 
есесіне, өз жұмысына енжарлығы аңғарыл 
ғандар ұжымнан 
алас 
тал 
ды; жаңадан қабыл 
данғандар жатақханалардан тиген 
бөлме лер ге орналасты, ең ғажабы, ГҒИ қыз меткерлеріне үкі мет 
дүкенінен «спецпаек» аталған азық-тү 
лік босатылатын болды; 
академия филиа лына Киров көшесінен (қа зір гі Бөгенбай батыр) 
екі қабатты жаңа кеңсе берілді де, архиерейдің үйін ҚазГҒИ дер-
бес иемденді... 
Осының бәрі Қ.И. Сәтбаевтың жайдары жүзді кішіпейілдігімен 
қоса, қажет жағдай 
да пәрменді қимылдан да бас тартпайтын 
нақты іс адамы екендігін аңғартты. Оған ә дегенде танауын шүйіре 


361
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қарап, «Е, ғылыми ортаның тегеурініне қанша шыдайды дейсің? 
Әлі-ақ сүйікті өндірісіне қуып тастармыз...» дескендер жым бо-
лып, жан сақ тау дың қамы на кірісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет