43
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ған. Ал олар көшпелілер мен мұжықтар ұрпағына нота үйретіп,
ән-әуенге сауатын ашудың қажеті жоқ деп есептейді. Қайсыбірі:
«Дене шынықтыру тәрбиесінің бұлар
ға мүл
дем қажеті жоқ,
дарқан өмір ол бейбақтарға бұл сабақты туған күнінен үйретіп,
мейлінше шыңдап келеді...» – деп келемеждейді. Сол себепті
училищенің спорт сабақтары Ертіс жағасында өтетін.
Балалар
онда ойынның екі-ақ түрімен шұ ғылданады: сол жылдары бүкіл
Ресей жұрты әуестенген – аяқдоп (футбол) мен таяқтастамға (го-
родки) құмарлық.
Сөйтсе де кездейсоқ бір жағдай училищенің қаражаттан кі-
ріптар халін біршама түзеуге себепкер болды.
Сол қарсаңда Оңтүстік Сібір темір жолы салына бастаған. Оның
бір тармағы Павлодарды Ақмоламен қосуға тиіс. Құрылыс бас-
қармасына машиналары мен жүктерін қоя тын қойма қажет екен.
Соны естіген дене шы нықтыру пәнінің оқытушысы Терентьев учи-
лище меңгерушісіне күтпеген ұсыныс жа сайды: «Бір қысқа мек-
теп ауласын жалға берейік». «Владимир Никонорович, бізден де
гөрі аула сізге қажеттірек емес пе?» – дей ді таңданған Овсянников.
«Әлбетте, дұ рыс айтасыз. Бірақ Ертіс аңғарындағы
кең алаң не
үшін? Сабақты сонда-ақ өткіземін». Ақы ры, солай болды. Жалдау
ақысынан түскен қаржыға гимнастика снарядтары, шаңғы, конь-
ки, бірталай музыка аспаптары сатып алынды.
Керекудің зиялы қауымы жарқабақтың үстінен қоршау тұр-
ғызып, Ертіс арнасынан су тартып сырғанақ құятын-ды. Үлкендер
мұз айдынына кешке таман, көбіне жексенбі күндері келеді.
Күн діз онда жан болмайды. Іскер Терентьев мұның да қисынын
келтірді: мұз айдынын та
зартып
тұруға міндеттенді, есесіне
шәкірт тері тегін сырғанайды...
Коньки тебуге Қаныш та үйреніп алды. Мұз айдынға ол дене
шынықтыру сағатында ғана емес, жексенбі күндері, кейде кеш-
ке де келеді. Әлбетте, ағасына еріп. Әбікей Зейінұлы бұл өнерге
шәкірт кезінде әуес бол ған, қазір ол – Керекудегі маңдайалды
конькишілердің бірі.
Владимир Никаноровичтің тағы
бір қыры ән-әуен саласында
танылған. Кесулі сағатта, сабақ кестесі бойынша шұғылдану бір
басқа, Терентьевтің бұл өнерге жан-тәнімен берілгені сонша-
лық – демалыс уақытын түгел дерлік училищенің ән-күй бөлме-
сінде өткізеді. Тынымсыз еңбек зая кеткен жоқ, көп ұзамай-ақ
ішекті аспаптар оркестрі дүниеге келді...
44
Медеу СӘРСЕКЕ
Оркестр құрамында екі скрипка болған. Е. Алексеевтің куә-
лігіне қарағанда, соның бірінде Қаныш Сәтбаев ойнаған. Рас, ал-
ғашқыда ол мандолина тартуға құ мар ланыпты. Алайда
«скрип-
Достарыңызбен бөлісу: