457
ШЫҒАРМАЛАРЫ
әрине, жезқазғандықтар да оқта-текте соғып тұра ды; баяғыдай,
Қарсақбайда тұрған кезіндегідей бір
қоржын тас арқалап,
қайткен күнде соны «Жер құ
пиясының білгірі, ғұлама Сәт-
баевқа» көр сетпек болып, ту алыстан іздеп келетіндер де аз емес.
Ондай бейнетқорларды қайтіп кіргізбейсің? Жоқ, мұндай «сәлем
бе рушілерді» хатшы да, көмекші де ешқа шанда тоқтатпайды,
президент орнында жоқ болса, келетін уақы тын айтып,
қайткен
күнде кез дес тіруге тырысады. Әсілі, президенттің өзі та ғайын да-
ған және өмір-бақи бұлжытпай сақтаған рәсім бойынша, өндіріс-
терден келген адам дарды ол бірінші кезекте және ұзақ күттірмей
қабылдайды. Әрине, жезқаз ғандықтар ерек ше құрметте болған...
Қайырымдылықтың тегінде шегі болмай ды, оны аз иә көп деп
таразыға тарту – жөнсіз әрекет. Қайырымдылық қасиет адамға
туа бітеді.
Қаныш Имантайұлының жо
март
тығы, ізгілігі де
әкесі Имантайдан, одан да арғы ата-бабасынан ауысқан. Соның
ай қын мысалын академик Ш. Шөкин «Өмір дің төрт мезгілі»,
«ҰҒА-ның ғұмыр тарихы» кі
тап
та
рын
да топтап келтіріпті:
мысалы, 1965 жылы Ша пық Шөкі ұлы КСРО Жоғарғы Кеңесі
делегациясының құрамында Канадаға барған сапарында
Парламент мүшелерінің дүниежүзілік құрылтайына жиналған
өкіл дер ортасынан кенет өзінің
есімін орысша бұ зып атаған
үнді естиді...
«Бұрылып артыма қарадым. Үстін де мінсіз ті-
гілген смокингі бар, қазақтан айны майтын бір кісі маған қа-
рай тұра ұмтыл
Достарыңызбен бөлісу: