Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет190/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

мей 
ман 
ханасында кездескенде Қанекең маған Орталық Ко-
митеттің бюро мәжі лісіндегі біржақты талқының жай-жап-
сарын қамыға отырып есіне алды: айтуынша, ақталған дәлеліне 
еш кім құлақ қоймапты; әр сөзіне бюро мү ше лері дөрекі айғай-
мен жауап қатып, кереғар сұрақтарды тұс-тұстан жаудырған; 
бірде-бірі қор ғау түгілі, «Ау, жолдастар, бұл кісінің қа уым үшін 
жақсы істері де бар ғой демеп ті...» – десе, «Өмірімнің төрт 
кезеңі» ғұмырнамасында нақ осы оқиға жайында: «Мен сол күн-
ге дейін, кейіннен де өзіме ардақты адамның жаны құлазып, 
өмірге сенімін жоғалтқан күйректікке тап болғанын көрген 
емес пін. Менімен әңгімелесіп отырып, арада көп күндер өтсе де, 
Қанекең сол қиянаттан өзіне араша тілеп, әлде кім нің «Келешек 
сізді ақтайды...» дегендей сүй е ніш сөз айтуын, сірә, сол арқылы 
бұрынғы сенімін бойында сақтауға тырысқанын айқын аңғар-
дым...» – деп жүрекжарды сыр шерткен...
Жә, базар алаңындағы саудагерлердің шаң-шұң 
айқайына 
ұқсаған бюро мәжілісінен шыққан кештегі шерменде ғалымның 
қам-қарекетіне оралайық. Ғажап десек те рауа: бізге о да мәлім… 
«Вечерняя Алма-Ата» газетінің 1998 жылғы 10 сәуір күнгі са-
нында «Қ.И. Сәтбаевтың қандай жайсаң екенін білесіз бе?» де-
ген атаумен жарық көрген (жариялау шы – Р. Жасынова) ҚСР 
ҒА-ның іс басқарушысы Г.В. Нечитало марқұмның естелігінен 
шағын үзінді келтіреміз…
«...Қаныш Имантайұлы кабинетіме кі бір тіктеп кіріп келгенде шо-
шып кеттім: өңі боп-боз, ұнжырғасы түскен; алдымдағы креслоға енжар 
әлпетпен жайғасқан соң, маған ожырая қарап: «Григорий Васильевич, мен 
енді президент емеспін, бір сағат бұрын сол міндеттен босадым...  деді 
көмескі үнмен.  Сен ақылды адамсың, не істеуім керек мына жағдайда?..» 
Дес бергенде маған ұтымды ой сап етті: «Ертеңнен қалмай Таисия 
Алексеевнаны алып Мәскеуге кетіңіз! Депутаттық куә лі гіңіз өзіңізде ме, 
маған беріңіз, ертеңгі по йыз ға билет алдырамын!»  дедім. 
Сірә, сөйткеніміз жөн болған, сол күні кеште Қауіпсіздік комитетінің 
акаде мия ны қадағалайтын таныс майоры құдайы көршім маған құ пиялап: 
«Сәтбаевты тұтқындаймыз, тек қашан екенін білмеймін!»  дегенде, мен 
сі лей іп тұрып қалып, келесі күні станса басына зор күдікпен бардым... 
Вагон ға отырушылардың кезегінде тұрған ерлі-зайыпты Сәтбаевтарды 
көр ге німде балаша қуанып, қастарына жетіп барып, дәу екі чемоданды 
ала жө нел дім. Шығарып салған бір жан жоқ, бұған да таң болдым... Қаныш 
Имантайұлы купеге кірген соң мені қапсыра құшып ұзақ тұрды, көзінен 
сорғалаған жасын тыя алсайшы. Ал мен оны Мәскеуге дереу жөнелткеніме 
шексіз қуанышта едім...»


504
Медеу СӘРСЕКЕ
* * *
Сәтбаевтар отырған жедел пойыз Қызыл ордаға келгенде, олар-
дың купе сіне маңдайы жырта қарыс, парасатты жүзді, үстіндегі 
киімі де маңғаз келбетіне жарасқан аса сәнді, көзқарасы өтімді, 
орта жас шамасындағы жігіт иіле кіріп, сәлем берді. Ерлі-
зайыптылар жұмсақ вагонның екі орындық купесінде болатын. 
Пойыз тоқтаған кезде терезенің пердесін түсіріп қояды, ешбір 
аялдамада перронға шықпай, елден тұтқиылда безген сапарын 
құпияда ұстап келе жатқан. Содан да шығар, бейтаныс ер адам 
ойда жоқта кіріп келгенде Таисия Алек сеевна қатты абыржып, 
өздерін іздеп жүрген жазалаушы органның қызметкері екен деп 
ойлайды...
Алайда кітап оқып жатқан ері есікке бұрылып, кенет жай-
раңдап:
– О, келгенің жақсы болды, Нәке! Рақмет, сізге хабар тимей, 
кездесе алмай қаламыз ба деп қауіптеніп келе жатыр едім. Демек, 
сәлемімді жеткізген, тәубе! Мұны да жолымыз оңғарылады деген-
ге саялық!... – деп келушіні кең құшағына алады.
Келуші азамат су шаруашылығының көрнекті маманы Натай Әзімхан-
ұлы Кенесарин еді. Кезінде САГУ-дың гидротехника фа куль тетін тәмам-
дап, Мәскеуде аспирантура бі ті ріп, 1940 жылы ғылыми дәрежеге ие болып, 
Москва метрополитені салынғанда жер асты суларын тежейтін жобалау-
шы топта біліктілігімен көзге түскен ірі маман. Білгір гидротехниктің өз 
қатарынан дара шыққан өнері кәдеге асты: Ташкентке шақырылып, Орта 
Азия республикалары үшін суландыру мәселесімен түбегейлі шұғылдан-
ды, бұл Қазақстанның түстік өңірі үшін – маңызды жұмыс... Сол себептен 
де КазФАН-ның төрағасы соғыс аяқталар қарсаңда Натай Әзімханұлын 
Алматыға шақырып, туған еліне қайтып оралып, халық тірлігі үшін ерек-
ше мәнді ғылыми ізденіс бастауға еліктіре әңгіме шерткен. Дербес ғылыми 
академияның ашылар күні иек астында тұр ғанын да ескерткен-ді, демек, бір 
институтқа дербес ие болатын күн де жақын. «Ал бұл сала бізде нағыз тың, 
білікті мамандар атымен жоқ, сол себепті, Нәке, бәрін өзіңе бастауға тура 
келеді...» – деп, қи ын шы лықты да жасырмай ағынан жарыл ған.
«Менің ата-тегімді қайтеміз? Кенесары ханның шөбересі екенімді 
білесіз. Әкем байғұс та төңкеріске дейін-ақ гидротехник өнерін халық 
игілігіне жаратпақ ниетпен игі жұмыстар жасап жүрген шағында мерт 
болды. 1937 жылы оны ГПУ-дің адамдары Шымкентте тұтқындаған, со-
дан бері із-түзсіз жоғалды...» – деп, Кенесарин де өзі аса қадірлейтін ел 
ағасының мәнді ұсынысына қарсы емесін сездіріп әрі ғұмыр жолындағы 
басты кедергіні, туған еліне оралмай жүрген басты себепті жасырған жоқ-


505
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ты. «Оған қымсынба, қазірде жағдай оңалды, ұлы көсемнің өзі «әкесі үшін 
баласы жауап бермейді...» деп отыр ғанда, бекерге үрейленудің керегі жоқ. 
Тек анкетаңда арғы-бергі тегіңді жасырмай ашық көрсет», – дейді Қаныш 
Имантайұлы көкейіндегі ісінің оңға басқанына қуаныш білдіріп. 
Сол жылы болмаса да, сәл кейінірек Натай Кенесарин Алматыға ауы сып, 
ГҒИ-дың гидрогеология секторын мойнына алып, тың ізденістер бастаған.
Алайда Натай Кенесарин ғана емес, келешекте ірге көтермек 
гидрогеология институтының да жолы болмады. Кенесары 
қозғалысына байланысты науқан өр шіген кезде, Қаныш Иман-
тайұлы ғылыми әріптесінің бас амандығын ойлап, Алматыдан 
әзірше жылыстап кетуіне түрткі болып, Қызылордадағы су тресі-
не бас инженерлік қызметке аттандырған.
– Жалғыз жүрмісің? – Қаныш Иман тайұлының күпті сауалы-
на Кенесарин басын изеді. – Жалғыз болсаң, бізді келесі стансаға 
дейін шығарып сал, мәнді әңгіме бар...
– Обалыңа қалдым білем, Нәке, мынадай даңғаза сойқанға ду-
шар болатынымызды кім болжапты? – деді академик, Натай інісі 
жол азыққа әкелген дәмін таған үстіне қойып, қазы-қартаны 
жұқалап турай бастағанда. – Жылы орныңнан сені қозғамауым 
жөн еді. Ел үшін деп еңіреп жүріп, сен де, мен де текті ата-баба-
мыз үшін зардап шегіп, қиянат жазаға кез болдық...
Осы әңгіме басталғанда-ақ өң-түсі қара күрең тартып, ызбарлы 
шырайға көшкен Натай қолын сермеп: 
– Қанеке, оны қойыңыз, сізге менің титтей де өкпем жоқ. Қайта 
елден жырақта, жатбауыр боп кеткен бір ұлын халқымен, жерімен 
табыстырып, туған еліме қайтардыңыз. Аз уақыт болса да аянбай 
еңбек еттім, шөлір кеген жерге су әкелуге атсалыс тым. Соған да 
тәнтімін! Сол себепті мынадай аласапыран күнде бір-бірімізге кінә 
артудың қажеті қанша?! Мені жедеғабыл неге шақырдыңыз, сірә, 
«кінәдан» арылу үшін ғана емес болар?
Оның рас, Нәке. Өз жағдайымның не боларын әзірше біл-
меймін, – деді Қанекең Натайға тура қарап. – Ал сен туралы 
түрікпен ағайындармен келістім. Ашғабад университетінен әуелі 
доценттің, соңынан профессордың орнын беретін болды... Сен 
енді бұл жақта шырмалып қалмаудың амалына кіріс, жақсы 
інім. Заман өзгерді, тезірек аттанып кеткенің жөн. Міне, мен де 
әділдік іздеп Мәскеуге кетіп барамын... – деп күрсінді Қаныш 
Имантайұлы.


506
Медеу СӘРСЕКЕ
Кенесарин жайсыз әңгімені мұңая тыңдады: «Ұзынқұлақ» 
жеткізген жаманат, демек, рас болғаны; телефон шалған әріп-
тесінің де тілі күрмеліп, нақтылап айтпағанын да енді түсінді; 
Ұлы Отанның жанкүйері деп жүрген, ұлан-ғайыр еңбегімен де, 
кемел ісімен де ел көгіне жарқырап шыққан ғұлама жанды бір-ақ 
сағатта мәнді жұмысынан аластап, көшеге қуып тастағанын өз ау-
зынан естімесе – сірә да сенер ме? Натайдың көз алды бұлдырап, 
құлағы тас керең болып бітіп қалғаны да содан. Бірер мәрте бірін-
бірі жорта демеп, «алып қоялықпен» ішкен шарап та септігін 
тигізген жоқ.
Содан келесі бекетке жетіп қоштасарда ол: «Қанеке, қам-
қорлығыңызға шексіз рақмет! – деді. – Алдағы жұмыс жөнін 
өзімнің қолайыма қарап шешсем, сөкпеңіз, түрікпен ағайын-
дардың шақыруын, тегінде, жүрегімде ұстармын...»
Содан былайғы өмірін Н.Ә. Кенесарин өзбек жерінде өткізу-
ге мәжбүр болды: Қызылорда шәрінен жедел аттанып кеткен 
бетінде-ақ Ташкентке келіп, ауыл шаруашылық институтына аға 
оқытушы боп орналасады, бір жылдан кейін профессор атағын 
иеленеді; бертінде Өзбек КСР Ғылым академиясының корреспон-
дент мүшелігіне сайланады; Өзбек гидрогеология институты-
ның іргетасын қа лап, ұзақ жылдар директоры міндетін атқарады; 
бүкіл Орта Азия гидрогеологтары мектебін ұйымдастырушы, 
өзбек, түрікпен су мамандарының ұстазы деген құрметті атаққа 
жетті. Дарынды гидрогеологтың дархан білімі Құйғанар, Мыр-
зашөл далаларын, Бұхар шұратын, Сырдария және Әмудария 
алаптарын сумен жабдықтау, Үлкен Түр ікпен, Солтүстік Ферғана 
жармаларын жобалау жұмыстарында ерекше танылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет